Көлгіновтің «құны»

Сайт Әкімшілігі - 21.05.20202869

 Жақында Алтай Көлгіновтің бас қаланы басқарғанына бір жыл толады. Біржылдық жұмыс барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атына тұрғындар тарапынан түскен сын аз емес. Сол «кемшілікті» жойғысы келді ме, әлде шатқаяқтаған беделін жуып-шайғысы келді ме, Алтай Көлгінов «имиджін көтеру» мақсатында бюджеттің есепсіз қаржысын эпидемия мен карантинге қарамастан, тендерге шығарды.

 Жалпы, кез келген мемлекеттік қызметкер үшін бір жыл аз уақыт емес. Әкімқаралардың еткен еңбегі мен жіберген қателіктерін саралауға жеткілікті мөлшер. Ал Алтай мырза осы бір жылда қандай ерекшелігімен есте қалды? Атқарған істеріне қарап, алдағы әрекеттері қандай бағыт алады деп не болжауға болады. Жалпы, қалтасында қолақпандай үш дипломы бар әкім қайдан және қалай келді? «Имидждік» тендерге қанша қаржы жұмсалмақ және оны кім ұтып алды деген мәселелер  айналасында «Жас Алаш» тілшілері ой жүгіртіп көрген еді.

 Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі етіп тағайындағанда кейбір сарапшылар мұны мемлекет басшысының «жастарды тартамын» деген уәдесін орындай бастады деп түсінген еді. Бірақ әкімнің қызмет жолындағы баспалдақтарына мұқият зер салса, гәптің басқада екеніне көз жетеді.

  Үш бірдей жоғары оқу орнының түлегі Алтай Сейдірұлының «қызметтік трамплині» 2008-10 жылдары «Алаш медиа групп» ЖШС бас директорының орынбасары қызметінен бастау алады. Бұл құрылым tengrinews, vesti.kz, ТРК «Эра» секілді бірнеше компанияларға иелік етеді. «Алаш медиа групп» компаниясының бас директоры Батыр Қазыбаев пен Нидерландыда тіркелген оффшорлық компанияға тиесілі деп көрсетілгенімен, оның нақты қожайыны Александр Клебанов екені белгілі.

 Алтай Көлгінов 32 жасында президент әкімшілігіне мемлекеттік инспектор болып «топ» ете қалады. Одан әрі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. Бұл қызметте бір жыл отырғасын Орал қаласы әкімінің орынтағын үш жыл армансыз иемденеді. Алтай Көлгінов үш жылда Орал өңірінің жұртшылығына қандай «ерліктерімен» мәшһүр болып еді? Амбициялы жас жігіт жергілікті бизнес қауымдастықпен жүз шайысты. Экологтармен айқасты. Тіпті кейбір істері сотқа дейін жетті. Бірақ Көлгінов осы «шайқастардың» бәрінен тек жеңімпаз болып шыға берді. Сөйтіп, 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

    Алтай Көлгіновтің облысты басқаруы да айқай-шумен басталды. Жергілікті басылымның журналисі Лұқпан Ахмедьяров әкімнің бюджет есебінен құны 56 миллион теңге (сол кездегі бағаммен 180 мың доллар) тұратын қымбат көлікке тапсырыс бергенін анықтады. Тілшілер қауымы Көлгіновті орынбасарымен бірге Дубайдағы «Формула-1» автожарысынан байқап қалды. Бірақ Көлгінов мұның бәрінен судан таза, сүттен ақ болып шықты.

   Нұр-Сұлтан қаласы да Алтай Көлгіновті құшақ жая қарсы алмады. Көпбалалы аналардың ашу-ызаға толы шерулері, ипотекалық проблемалар,  қарлы-боранды ұзақ қыс, тазаланып үлгермеген көшелер, тіпті Ақорданың жарығын да «жалп» еткізген энергетикалық коллапс жаңа әкімді едәуір абдыратып тастады.

    Нұр-Сұлтан қаласы түкпірде тыныш жатқан бұйығы Орал емес. Табиғаты мен тұрғындарының мінезі де сәт сайын жылдам өзгеріп, құбылып тұрады. Саяси астанада өзіңнен зор шенеуніктер мен асау мінезді пролетариат табы қалыптасқан. Екі жақтың да ыңғайын табу, көңілінен шығу оңай емес. Қырсыққанда, Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов те пара алу үстінде қолға түсіп қалды. Заң бойынша қол астындағы қызметкер жемқорлықпен ұсталса, басшыдан бастап қызметінен кетуі тиіс. Алтай Көлгінов қызметінен кету туралы тіпті ойланған жоқ. Өйткені бір оқпен екі қоянды атып алу жолын баяғыда-ақ тауып қойған еді.

     Әкім болып тағайындалғанына екі ай өтпей жатып Dasco DataCom ЖШС-мен тамыздан желтоқсанның соңына дейін «әкімдіктің жағымды имиджін қалыптастыру» мақсатында келісімшарт жасасып, 36 миллион теңге аударды. Аталған компания әкімдіктің жағымды жағын көрсету үшін Facebook, ВКонтакте, Одноклассники, Инстаграм желілерінде айына мыңнан кем емес пікір қалдыруы тиіс. Сондықтан Нұр-Сұлтанда не болып жатса да, Көлгіновтің жағымды имиджін қалыптастыратын команда күндіз-түні жұмыс істей береді.

    Биыл Dasco DataCom ЖШС тағы да Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен 89 миллион теңгенің тапсырысын алды. Келісімшарт, техникалық ерекшелік түк те өзгермеген. Ал Dasco DataCom ЖШС қожайыны бұрынғы шенеунік, пиар саласына мүлдем қатысы жоқ, қазір консалтинг бойынша маман Дәрмен Сәдуақасов болып шықты. Көлгіновке Дәрменнің қызметі аздық етсе керек.

    Енді Алтай Көлгінов New Vision LTD ЖШС-іне «ақпараттық қолдау үшін» 267 млн 857 мың 142 теңге бөлді. Бұл Дәрмен Сәдуақасовтың компаниясы алған қаржыдан бірнеше есе көп. Бұл компанияның алдына қойған мақсаты –  «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің медиа-орталығына ақпараттық-коммуникациялық қолдау көрсету. Интернет-ресурстар арқылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын, жергілікті және республикалық деңгейде әлеуметтік желілер мен блог-платформаларда насихаттау».

     New Vision LTD ЖШС басшысы кім дейсіз бе? 1997 жылы туған, 23 жастағы Азиза Асқарқызы Әбілбек екен. Осы уақытқа дейін медиа және пиар саласында аты-жөні белгісіз, бейтаныс бизнес-ледиді тек Инстаграм желісіндегі қысқа ғана ақпараттан танып-білдік. Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында, Париждің Эйфель мұнарасы фонындағы суреттерге қарағанда, саяхатты ұнататын бикеш секілді. Одан ары шыққан тегі, оқыған оқу орны туралы еш мағлұмат жоқ. Дегенмен Алтай Көлгіновке имиджмейкердің  досьесі емес, жеке басының имидждік құны қымбатырақ болып тұр. Оның бағасы біз жоғарыда айтқан 125 млн немесе 267 млн теңгеден де әлдеқайда қымбат болуы мүмкін. Нақты бағасы әзір белгісіз.

     Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі экономикалық қиындықтар қарсаңында қазына қаржысын барынша үнемдеуге үндеп еді. Бұл тапсырма Көлгіновтің амбициясына аса әсер етпеген сынды. 


Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?