Экс-премьер премьерді «Тұрғысынға» неге апарды?

Сайт Әкімшілігі - 21.05.20201864


   Үкімет басшысы Асқар Мәминнің Шығыс Қазақстан облысына сапарында ат басын бұрған қала, аудандардағы нысандарының барлығы БАҚ тарапынан түгенделіп, баян етілгендей болды. Бірақ облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Алтай қаласында салынып жатқан «Тұрғысын» ГЭС-іне де барғаны үкіметтік ақпарат құралдарының назарынан тыс қалғаны қызық болды. Бір жағынан, оның өзіндік себебі де жоқ емес сыңайлы.

   Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінің бойынан орын тепкен су электр стансасының құрылысы бірнеше жылдан бері салынып жатыр. Премьер-министрдің ол жерге баруын маңызды нысан болғандықтан, орынды санауға  болар еді. Бірақ... Аяқталуы биылғы қыркүйекке жоспарланып отырған ГЭС  құрылысына  облыс әкімінің ұлы мен күйеубаласы басшылық етіп отырғанда Мәминнің Ахметовтің «алдына түсіп» жетіп барғаны сан түрлі ойға қалдырады екен. Премьер сапарының дәл осы көлеңкелі тұсын көрсеткен «Рател. кз» (https://ratel.kz/raw/askar_mamin_osmotrel_strojku_syna_daniala_ahmetova) сайтының баяндауынша, бұл алып құрылыстың бас мердігері «KAZ.InterGroup PV» ЖШС болса, оған қоса, тағы бір қосалқы серіктестік «Eco Energy» ЖШС. Екеуінің де меншік иесі – Талғат Ахметов. Сонымен бірге құрылысқа тағы бір қатысушы, Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлнәс Кенжетайқызының күйеуі Ғаббас Бектұров екені белгілі болды.

    Айтпақшы, бұл су электр нысанының құрылысы ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатын үш жобаның бірі болып ұсынылғаны да бір қызық. Яғни «Тұрғысын-СЭС-1» мен «Тұрғысын- СЭС-2» су электр стансалары құрылысын және «Ертіс-Шығыс» бөгетсіз шағын су электр стансасын салу жобасы ретінде «жасыл энергияға» үн қосқанын бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті «Тұрғысын СЭС-1» нысаны 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылатыны туралы ақпарат тараған. Алайда түрлі себептермен СЭС құрылысының аяқталуы созылып кетті. Дегенмен бұл жолы маңызды нысанның негізгі бөліктері аяқталып қалды. Толық аяқталуы 2020 жылға жоспарланған «Тұрғысын» СЭС-і пайдалануға берілсе, облыс аумағы электр энергиясы тапшылығынан түбегейлі арылады деген сенім бар.  

    Әрине, шығыс өңірінің халқы үшін маңызы зор мұндай нысан ауадай қажет екені түсінікті. Бірақ оның құрылысын жүргізуді облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің ұлы мен күйеубаласының иелігіне беріп қоюы қаншалықты әділ деген заңды сұрақ туады. Егер Талғат Ахметов пен  Ғаббас Бектұров басқа облыста осындай құрылыспен айналысып жатса ешкімнің таласы болмас еді. Ал бұл Даниал Кенжетайұлы үшін ешқандай ерсі саналмайтын, тіпті солай болуға тиісті үйреншікті жайт секілді. «Қолыңда тұрғанда қонышынан бас» дегеннің керімен білдей премьер-министрді әдейілеп әкеліп көрсеткені де оның биліктің жоғары эшелонында кіммен болсын «тонның ішкі бауындай» екенін көрсеткендей.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан облысы


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?