Қызылорда Абайды жатырқай ма?

Сайт Әкімшілігі - 21.05.2020615

    Жеті жыл жыр болған ақын ескерткіші Сыр өңірінде  ардақталмай тұр

                                                                                      

2020 жыл да бел ортасына таяды. Бұл жыл еліміз үшін мәдени-көпшілік шараларға толы. Атап айтқанда, биыл Конституцияның – 25, Алтын Орданың – 750, Абай Құнанбаевтың – 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

        

 Басқасын айтпағанда, біз үшін ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын ел болып жоғары деңгейде атап өткізу маңызды болып тұр. Қазақ елін әлемге танытқан ұлы Абай атамыздың мерейлі мерейтойына дайындығымыз қалай? Ақын есімін өскелең ұрпақтың жадында өз деңгейінде дәріптей алып жүрміз бе? Шынын айтқанда, елімізде ақын атымен аталатын көшелер, білім ордалары және тағы басқа мәдени-көпшілік орындар аз емес. Соның ішнде Сыр өңірі де өзге облыстардан бұл тұрғыда кенже қалып тұрған жоқ. Қызылорда қаласының өзінде ұлы ақын есімімен аталатын үлкен даңғыл бар. Сол сияқты Абай атымен аталатын ауыл, ақын есіміне берілген елді мекендер мен көшелер жеткілікті. Десе де, осы орайда, «әттеген-ай» дейтін бір мәселе бар. Өңірге ақынның бір ескерткіші сұранып тұрғанын аңғаруға болады.

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын ақын ескерткішін ашу туралы сол кездегі облыс және қала басшылығы тарапынан бастама көтеріліп, жергілікті жұртшылықты бір қуанышқа кенелткен болатын. Тіпті 2012 жылы сол кездегі қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Асылбек Әнуарбеков ескерткіштің жыл соңына дейін тұрғызылатынын да мәлімдеген еді.

Жалпы құны 120 млн теңгеге бағаланған ескерткішті тұрғызуға мүсінші Мерген Қосжанов білек сыбана кірісіп кетті. Оның айтуынша, ескерткіштің биіктігі 5 метрге жуықтайды. Сонымен қатар оның айналасына Абайдың қара сөздері тасқа қашалып жазылады деп жоспарланған еді. Ескерткіш сол жылдың Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылады деп күтілді.

Дегенмен бәрі ел күткендей оң нәтиже бермеді. Ескерткіш еңсесін тіктеп, тиісті орынға қойылғанымен, бетіне ақ мата жабылған күйі ұзақ уақыт пайдалануға берілмей тұрып қалды. Уақыт өте келе, бұл түйткілдің түйінін тарқату мақсатында қала әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен тұрақты кеңес отырысы өткізіліп, сол кеңесте ескерткіштің пайдалануға берілмеу себебі белгілі болды.

  Жиында сол кездегі «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің басшысы М.Өсербаев ескерткіштің астында үш бірдей «водовод» бар екенін, егер соның бірі жарылатын болса, мүсінді су шайып кету қаупі туындап тұрғанын хабарлады. Алайда сол орынның ескерткіш салуға қолайсыздық тудыратыны жайында алдын ала неге ескерту айтылмағаны жұмбақ күйінде қала берді. Сол кеңесте қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен ескерткішті қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім шығарылып, қаладағы Түркістан көшесі бойындағы №2 Мұрагер мектебінің алдына орналастырылатын болып келісілді. Бұл шешім заңды күшіне еніп, көп ұзамай ақын ескерткіші аталмыш білім ордасының алдына көшірілді.

Сол уақытта көпшілікті қуанышқа бөлеген тағы бір сүйінші хабар ел ішін кезіп кетті. Онда Абай ескерткішінің көшірілуімен қатар, аталған білім ордасы да ұлы ақынның атымен аталатын болыпты деген жаңалық желдей есті. Ұлы ақын есімін өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып, ұлықтап жатсақ несі айып?! «Бәрекелді!» дескен жандар аз болмады.

Бірақ содан бері жеті жылға жуық уақыт өтіпті. Алайда Абай атамыздың өзі айтқандай, «баяғы жартас – сол жартас» күйінде тұр. Сол уақыттан бері Абай атамыздың 170 жылдығы өткізілсе, биыл 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді көздеп отырмыз. Бірақ жеті жыл жыр болған Абай ескерткішіне қатысты түйткілдің түйіні әлі күнге тарқатылған жоқ.

Сол кездері Мұрагер мектебіне Абай есімін беру жайында тиісті орындар тарапынан ономастика мәселесіне рұқсат берілмей тұрғаны жайында айтылған еді. Соған орай, сол кездегі президент әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулиннің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2 тапсырмасына сәйкес, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесіне 2016 жылға дейін мораторий жарияланғаны мәлім болған-ды. Алайда арада қаншама жыл өтсе де, атау беру мәселесі де шешімін таппады.

Бұған қоса, тағы бір дерек көңілімізге кірбің ұялатады. Атап айтқанда, білім ордасының қақ алдында тұрған еңселі ескерткіш мемлекет қорғауында емес екен деген жайсыз хабар тарады. Өңіріміздегі барлық мүсіндер талапқа сай болып, қазақтың атын айдай әлемге паш еткен ұлы ақынның ескерткіші мемлекет тарапынан елеусіз қалғаны күмәнді ойларға жетелейді. Бір білім ордасына атын беруді мәселе етіп жүргенде, бұл дерек көңілімізді түсіріп отырғаны ащы да болса шындық.

    Абай даңғылы бойындағы ескерткіштің бұрынғы мекені болған орында бүгінде ақынның тасқа қашалып жазылған қара сөздері ғана сақталып қалды. Сол орыннан ескерткіш алынып тасталған күннен бері бұл мекен көпшілік тарапынан елеусіз қалған секілді десек, артық айтқандық болмас. Осылайша қаламызда Абай ескерткіші білім ордасының алдында тұрса, тасқа қашалып жазылған қара сөздері ақынмен аттас даңғыл бойында көпшілік көзінен елеусіз қалып тұр. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы екі ескерткішті біріктіріп, қала орталығынан ойып тұрып орын берсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында бұл түйткілдерді өз деңгейінде шеше аламыз ба? Бұған құзырлы орындар үн қосар деп үміттенеміз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Қызылорда қаласы әкімдігі 21 Мамыр, 2020

Қызылорда қаласының әкімдігі 2020 жылғы 21 мамырда «Жас Алаш» газетінің сайт әкімшілігіне жариялаған «Қызылорда Абайды жатырқай ма?» атты мақаласына төмендегіні білдіреді. Баспасөз беттерінде жарияланған мақала авторларының ұсыныстары мен құзырлы органдардың және зиялы қауыммен қалың жұртшылықтың пікірлерін қаперге ала отырып, ұлтымыздың рухани мақтанышы «Абай Құнанбайұлы» ескерткішін қаладағы Түркістан көшесінде салынған «Мұрагер» мектебінің алдына ауыстыру туралы шешім шығарды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, бүгінде ескерткіш орнатылған мектепке дара тұлғаның есімін беру жөніндегі мәселе 2019 жылғы 6 қарашадағы қалалық ономастика жұмысшы тобының оң қорытындысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды. Алдағы уақытта, аталған комиссия тарапынан оң қорытындысын алған жағдайда «Мұрагер» мектебі Абай Құнанбайұлының есімімен аталатын болады. Бүгінде, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына (қара сөздері, өлеңдері т.б.) арналған аллея және «Мұрагер» мектебінің ауласында орналасқан Абай Құнанбайұлы ескерткіші қала әкімдігінің теңгерімінде. Осы орайда ескерткіш пен гүлбағын (аллея) күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында 1 ауыл, 1 даңғыл, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде 8 көше және қалалық білім бөліміне қарасты «Қосшыңырау» ауылдық округіндегі № 138 орта мектеп Абай Құнанбайұлының есімімен аталады.

Жауап беру

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?