Қазаққа малын бесікке бөлеп бағу ғана қалды ма?

Сайт Әкімшілігі - 21.05.20201221

 Ақмола облысына қарасты Жалғызқұдық ауылының тұрғындары кең жерде отырып, «жапырақтай жайылым таппай қалдық» деп зар еңіреп отыр.  Алматы маңын мекен ететін облыс тұрғындары да жайылымдық жердің жоқтығынан мал асырай алмай, ақыры малдарын сатып тынғанын айтып ашынады. Жайылымдық жердің дені жекенің қолына өтіп кеткеніне налыған жұрт «сатылмаған не қалды» деп, базынасын айтуда.

Деректерге жүгінер болсақ, бүгінде елімізде 187 млн гектар жайылымдық жер бар. Ма­мандардың байыптауынша, қазірде жеке­ле­ген қолға өтіп кеткен  жайылымдық жерлердің жай-күйі қатты алаңдатарлық деңгейге жеткен. Бүгін­де шаруаларға пайдалануға бер­ген жайылымдық жерлеріміздің 80 пайызы жарамсыз болып қалған. Басты себеп: жекелеген шаруаның жерді күтіп-баптауға қау­қары жоқ. Техникалық қуаттылығы жарамсыз.

Бұған қатысты «Жас Алашқа» пікір білдірген ауыл шаруашылғы ғылымының кандидаты Әскербек Нұрәлиев: «БҰҰ деректеріне қарағанда, еліміздің жайылымдық жермен қосқанда, 272,5 млн га жерінің 179,9 миллионы шөлейттенуге дейін жеткен көрінеді. Деректер бүгінде ауыл­дық аумақтарда 280 мыңдай отба­сы­ның жерсіз қалып отырғанын көрсетеді», – дейді.

 Жерсіз қалу дегеннен шығады, кезінде же­келеген шаруа қожалықтары құрылып, ауылдық аймақтардағы шаруалар жерді пайдаланудың жаңаша тәсіліне көшкені белгілі. Осы тұста білетіндер  көлемді жайы­лымдық жерлерді қарпып қалуға тырысып бақты. Тіпті шенеуніктердің өздері де бәленбай мың гектар жайылымдық жерді иемденіп алып, қазір ол жерлердің игерілмей, бос жатқанының куәсі болып жүрміз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, қазір елімізде жерінің ауданы 25 мың гектардан асатын 301 субъекті бар. Оның 225-і астықты өңірлерде орналасқан. Иелік еткен жерінің аумағы 25 мыңнан 50 мың гектарға дейін баратын жеке және заңды тұлғалар саны 232-ні құрайды. 32 субъектінің меншіктеген жері 50 мыңнан 70 мың гектарға дейін созылып жатқан көрінеді. Ал 37 қожайын Қазақстанда жалпы ауданы 70 мың гектар және одан да көп болатын ұлан-байтақ жерге иелік етуде екен. «Қолынан келгендер қонышынан басып», ауқымды жерлерді осылай иемденіп алып жатса, аңқылдаған қайсыбір аңқау ел «өкімет өлтірмейді» деген бей­ма­рал күйден әлі де арыла алмай жүр. Бір ес­керетіні, кезінде сол көлемді жерлерді жал­ға алып, тіпті пысықайлық танытып жеке­шелендіріп алғандардың дәурені жүріп тұр. Шаруалардың бұл тарапы бүгінде қоңсысына бөтен елдің малын қондырмайды. Жайылымына бөтен мал кірсе, жауын көргендей тықсырады.Бұған қатысты шаруа қожалығының иесі, фермер  Жанғали Күнтуғанов: «Біз мал өсіретін Іргелі ауылының шетінде  бос жатқан ауқымды жер бар.  Қаншама дәнді дақыл егіп, халықты асырауға болатын жерлер қараусыз жатыр. Жұмыс істегіміз келеді. Бірақ бос жатқан телімдер кімдікі екенін білмейміз. Күзетшілері малың жеріне түссе тықсырып қуады. Малды көгендеп бағамыз. Жайылымдық жер жоқ болған соң, мал азығын даярлау да өте қиын. Қолымызда бар мал жаятын жеріміз әбден тозды. Қасымыздағы ауқымды жердің иесін іздеп табу тіпті мүмкін емес. Іздей бастасаң иесі басқа қалада болып шығады», – дейді.

 Бір бұл емес, қазір Қазақстанда қолданылмай бос жатқан 2 млн 200 мың гектардан астам жер бар екен. Ал мамандар  мұндай жерді химиялық, механикалық өңдеуден өткізу үшін миллиондаған шығын кететінін әрі жұмысты үш жылдан кейін ғана бастауға болатынын айтып отыр.
Сала мамандарының пайымынша,  жайылымдық жерлердің же­тіспеушілігі өз алдына, болашақта жайылымдардың тозуынан келіп жатқан зиянның көлемі  айрықша болады екен. Мәселен, егістік топырағының эрозияға ұшырауы салдарынан соңғы бес жылда мемлекетке келген шығын 779 миллион долларды ша­ма­ласа, екінші қайтара сорланудың (тұз­дану) зардабынан 2,5 миллиард доллар шығынға ұшыраппыз.

 Бұл ретте ғалым Әскербек Нұрәлиев: «Болашақта елде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігінен бөлек, жердің шамадан тыс тозу мәселесі қатты бой көтеріп тұр. Сондықтан осы арада «Жайылымдық жер туралы» заңды қайта қарау қажет. Елдегі ірі көлемді жерді алып, оны қараусыз қалдырған латифундистердің жауапкершілігін арттыру керек. Біздің елде жайылымдық жерге қомақты салық алынбайды. Сондықтан болашақта  ауыл шаруашылығы министрлігі ірі көлемде жайылымдық жерлері барларға талап қоя білуі керек. Оларға «жеріңді ұқсатасың, халыққа пайдасы бар дүниелер жасайсың болмаса мемлекетке өткізесің» деген мәселені төтесінен қою керек», – дейді.

  Негізінде, жайылымдық жерге қатысты   бірқатар елдер заңын дұрыстап, сауатты салық жүйесін енгізіп те алыпты. Мысалы, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Өзбекстан тәрізді елдерде шаруалар көлемі ауқымды  қандай да бір жайылымдық жерлерді жалға алса, мемлекетке қомақты салық төлейді. Моңғолияда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін шенеуніктерге ірі көлемді жайылымдық жер мүлдем берілмейді.  Сондай-ақ бұл елде ірі кәсіпкерлер жерден тапқан пайдасын міндетті түрде мемлекетпен бөліседі. Пайдаланған жерін үнемі тыңайтып, жай­на­тып отырады. Былайша айтқанда, біраз елдер «жер қатынасын реттеу және оны пай­далану тәсілі арқылы мемлекет те, шаруа да пайдаға батуы керек» деген тәсілді ұстанған. Өкініштісі, біз  бұл жайтты уыстан шығарып алдық.

     Бұған қатысты заңгер Шәріпбек Бекхожин былай дейді: «Кезінде Ақмола облысының әкімі болған Сергей Кулагиннің өзі жекеменшігінде 80 мың гектар жер бар екенін айтқан болатын. Бұдан бөлек, 700 мың гектар жері бар холдинг басшылары бар. Бір адамның иелігінде 1,5 млн гектар жайылымдық жер бар. Ірі жер иеленушілерге қатысты қатаң заң керек. Біздің қателігіміз – жердің басым бөлігін жекенің қолына өткізіп, бақылауды төмендетіп алғанымыз».

    Қорыта айтсақ, Маңғыстауда бір адамның ғана қолында аумағы 2 миллион гектар бос тұрған жайылымдық жер бар екен. Бұл дегеніңіз – үш Латвияға пара-пар жер көлемі. Сонда біздегі қарақан басының қамын ойлаған латифундистер осыншама жерді иемденіп шырт түкіріп отырады да, қарапайым қазақ екі бас малын жаятын жер таппай, қозысын көгендеп бағып, жылқысын тұсап жайып жүре бере ме?! Алдағы уақытта мал өсіргісі келетін халық не істеуі керек?! Жайылымы жоқ елге енді  малын бесікке бөлеп бағу ғана қалғаны ма?!

Болашақта үкімет пен ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселелерге бейжай қарамайды деп үміттенеміз. «Малым – жанымның садағасы» дейтін халыққа жаны ашыса, үкімет пәрмені мықты заң қабылдап, дәрмені күшті латифундистерге бақылауды күшейтуі қажет.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?