Бағлан БАБІЖАН, музыка зерттеушісі: Қара өлең – қазақтың жаны

Сайт Әкімшілігі - 22.05.20201880

  «Ерте, ерте, ертеде» деп басталатын ертегілерді оқуды бүгінгі балалар доғарды десек те болады. Қазір біріне-бірі ертегі, аңыз әңгіме айтып беретін бала некен-саяқ. Көнеден келе жатқан рухани байлықты оларға үйрететін қариялардың өзі қалғып кеткендей. Бүгінде бала жан дүниесін жақсылыққа жетелейтін әңгіме түгіл, ғасырлар бойы қазақтың қадірін арттырған фольклорының өзі тамырына балта шабылғандай күй кешуде.

    Біз осы орайда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, әнші-сазгер Бағлан Бабіжанмен ел арасындағы қымбат қазынамыз төңірегінде пікірін сұрап білген едік.

     Қара өлең – қазақтың жаны. Бұлай деуімізге негіз бар. Қазақ ұлт болғалы бері өз жыры, өз музыкасы болған. Ұлтымыздың рухани байлығы саналған қара өлең бүкіл ұрпақты тәрбиеледі. Әрбір өлеңді әнімен нәшіне келтіре  айтқанда, құймақұлақ балалар жаттап алып, мал соңында жүріп даланы әнге бөлеген. Ал ел ішіндегі той-томалақта небір өлеңдер айтылған. Авторы белгісіз сол өлеңдер халқымыздың рухани байлығы еді. Қара өлеңге жанр ретінде назар аударған әдебиетші-фольклоршылар ұлы құндылықтарымызға ерекше баға берді. Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезовтен бастап, бертінде Ақселеу Сейдімбеков, Оразақын Асқар секілді зерттеушілер мұраларымыздың мұрты бұзылмайтындай ғылыми еңбектер қалдырды. Айталық, Ақселеу ағамыздың «Мың бір маржан», Оразақын ағамыздың  «Қара өлең» жинақтарын баға жетпес байлық деуге болады. Үлкендердің жолын қуып әрі өнер жолында жүрген соң, қара өлеңнің маңызды жақтарын біз де зерттеп көрдік. Нәтижесінде «Қазақтың жүз қара өлеңі» деп аталатын кітап шығардық.

    Мұның бәрін сөз ету себебіміз – соңғы жылдары халқымызды алаңдататын жағдайлар көбейді. Соның бірі – шалғайдағы жұрттың арасында әлі күнге зерттелмеген мұралардың көптігі. Ол – фольклор. Ел арасындағы әндер. Оны жинайтын, зерттеп-зерделеп, алтын қорға тапсыратын азаматтар азайды. Бұған біз жолсапарда жүрген кездері көз жеткіздік. Жалпы, ел ішіндегі  халық әндері туралы айтар болсақ, қазіргі фольклордың жағдайы мәз емесіне көз жеткіземіз. 2017 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторантура бөліміне түсіп, диссертация тақырыбын ән фольклоры бойынша таңдағанмын.  Нақтырақ айтсам, Жетісудың оңтүстік-батысындағы ән фольклорының қазіргі жағдайы. Осыған байланысты бірнеше рет арнайы сапарға шықтым. Әрине, тақырыбым бойынша қазіргі кезде ел ішінде айтылатын әндер керек болды. Шын мәнінде  шалғайдағы жұрт қандай ән айтып жүр? Қандай әндер сақталған? Өкінішке қарай, бәрі керемет деуге ауыз бармайды.

       Алдыңғы жылы Жамбыл облысының Меркі ауданына барған экспедиция кезінде көне әндердің әлі де айтылатынына көз жеткіздім. Жалпы, Жетісу әндері әр уақытта А.Затаевичтың, Б.Ерзаковичтың, Алма Темірбекованың,  Талиға Бекхожинаның, Саида Еламанованың, Б.Мүптекеевтің еңбектерінде кездесетін. Үміт отының шоғы сөнбегеніне қуандым. Қазіргі кезде ел ішіндегі фольклорлық әндерді орындаушылар 60, 70, 80 жастағы ата-апалар болды. Өте сирек жағдайда 90 және керісінше, өте жас – 50 жастағы респонденттер де кездесті. Мен экспедиция жасаған аудандарда ұмытыла бастаған  әндерді айтушылар оны анасынан, келін боп түскен жерде енесінен естіген. «Осы әнді енем, атам айтушы еді» деушілер болды.

    Мысалы, адамды, малды аурудан аластайтын бәдік өлең, күләпсан деген ән қазір еш жерде айтылмайды. Ең сирек әндердің бірі – жоқтау. Бір қарағанда осының барлығы қазынамызды толықтыратын өнер жанры. Әсіресе қай жерде әжелердің әншілер тобы болса, сол жерде ескі әндер жақсы сақталады.  Мәселен, Меркі ауданында «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелеріне жолыққанда жақсы әндер таптым. Бұрын-соңды естімеген, кітаптарда жарияланбаған сирек әндерді Аманкүл Оспанова әжемізден жазып алдық. Ақермен ауылының тұрғыны Оңлан Мақашева, Хадиша Самединова, Оңласын Тұрғанбаева, Сарғаукүл Іңкәрбекова, Якүл Тілеуқұлова, Несіпкүл Қалтайқызы сияқты апаларымыз сирек әндерді  орындауымен таңғалдырды. Ел ішінде айтылған жарапазан, бірнеше бесік жыры, сирек немесе мүлде айтылмайтын халық әндері табылды. Нәтижесінде сол фольклорлық экспедицияның материалдары «Меркі өңірінің ән фольклоры» деген ән жинақ болып шықты.

       Былтыр Құрманғазы атындағы Қазақ  ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен Жамбыл және Түркістан облыстарына экспедиция ұйымдастырғанда да көп олжаға кенелдік. Уақыт аз, ауылдардың арасы өте шалғайлығына қарамастан, уақытты тиімді пайдалануға тырыстық. Аудандағы ұйымдастырушылар бірнеше ауылдың өнерпаз қарияларын бір ауылға жинастырып, біраз дүние жазып алдық. Мұның барлығы айтуға ғана оңай.  Ел ішінде сирек айтылатын әндер, әсіресе, шалғай ауылдарда кездесті. Мысалы, Қордай ауданындағы Күнбатыс, Өтеген, Ноғайбай, Шарбақты ауылдары өте шеткері орналасқан. Екінің бірі бармайды. Бірақ нағыз қазына сонда болып шықты. Сол жерде Шайкүл, Қалила, Дүйсенгүл деген әжелеріміз сирек әндерді бізге жеткізді. Сол  фольклорлық әндерді биыл жыл соңында немесе келер жылы кітап етіп шығару жоспарда бар. Қазір облыстарға хат жазып, халық әндері онлайн түрінде әлі жинақталып жатыр.

    Енді нақты мәселені  айтайық. Ең бастысы, ел ішіндегі негізгі фольклорлық ән жанры  – қара өлеңді жинауды тездету керек. Өйткені оны білетін жұрттың ең жасы 70-тің үстінде. Тіпті көкірегі қазына қарияларды арнайы таспаға түсіріп алудан да ұтылмас едік.  Екіншіден, жинақталған көне өлеңдерге мәдениет министрлігі ерекше назар аударып, кітап етіп шығаруды қолға алғаны жөн. Телеарналарда қара өлеңді жас ұрпақтың назарына ұсыну үшін арнайы хабарлар ашу керек. Осы орайда, бір әжей бізге өкпе-назын айтты: «Қазіргі асабалар бізге тойда ән айтқызбайды». Бұрын тойларда ылғи халық әндері, қара өлең айтылатын. Тіпті тойбастар ерекше еді. Кім тойбастарды жақсы айтса, сый соған жасалатын. Қазір тойға барған бүкіл қонақ тойбастар алады. Осының өзі халқымыздың салт-дәстүріне сына қағылғанын аңғартады. Сондықтан халық қазынасын қорғауды мәдениет министрлігі тездетіп қолға алғаны жөн. Ел ішінде әлі жиналмай, нотаға түспей, зерттелмей жатқан әндер қаншама! Соның барлығы біздің баға жетпес асыл қазынамыз.

      Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Міне, солар бірінші кезекте бүгінгідей жеңіл-желпі әндерден бұрын, халық әндерімен сусындағаны жөн. Ол үшін мектептегі музыка пәніне назар аудару керек. Тіпті жыл сайын оқушылар болмаса ересектер арасында қазақтың қара өлеңін насихаттайтын фестивальдар ұйымдастырылып, телеарналар арнайы хабарлар ұйымдастырып жатса, ол да біздің ұлт мәдениетін назардан тыс қалдырмағанымызды аңғартар еді. Сайып келгенде, осының барлығы болашағымызға ашылатын жарқын жол болмақ.


   Жазып алған Жолдасбек ДУАНАБАЙ



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?