Тәуелсіздік күрескерлері назардан тыс қалмауы керек

Сайт Әкімшілігі - 21.05.2020170

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың назарына!

    Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында тұратын жазушы, диссидент Кәмел Жүністегі газетімізге жолдаған хатында Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» заңымен танысқаннан кейін көңілге түйген ойын парламент сенатының спикері Мәулен Әшімбаевқа жеткізуді өтініпті.


Ардагерлер туралы заңды зейін қойып оқып шықтық. Әрине, сіздің бұл заңның осы күйінде қабылданып кетуіне жауапкершілігіңіз жоққа тән. Заңда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер жеткілікті түрде барлық жеңілдіктермен, марапаттармен қамтылыпты. Иә, қазір сол ардагерлерді ауыл түгіл, аудан бойынша іздеп таба алмайтын кезге жеттік.

Сондай-ақ ардагерлер қатарына 1941-45 жылдар аралығында кемі алты ай жұмыс істегендер (к/з, с/здарда бөгеншік-пагонщик болған балалар), Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атом станциясындағы апат зардаптарын жоюға атсалысқандар да іліккен екен. Құптадық. Енді бір «тамашасы» – қай кезеңде болсын талайды зар еңіреткен, ұлт тағдырын ойлаған тұлғаларды қыруға қатысқан КГБ қызметкерлері де ұлт ардагерлері қатарына жатқызылыпты.

Мына заң КСРО Жоғарғы Кеңесінде қабылданған ба деп те қалғандайсың. Неге? Бізге тәуелсіздік аспаннан түскен жоқ. Сол тәуелсіздік үшін арпалысып, құрбан болғандар жетерлік. Кешегі Алаш азаматтары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және т.б. осы республиканы құруға атсалысқан, «қазағым» деп басын оққа байлаған Н.Нұрмақов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, және т.б. осы Отан соғысының алдында ғана атылып кетті. Солардың ұрпақтары әлі арамызда. Соларға деген ілтипат қайда?

Тәуелсіздік үшін күрес бізде тоқтамаған. Соғыстан кейін құрылған ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) мүшелері тегіс айдалды, 1960 жылы жаңадан қайта құрылған ЕСЕП-тің мүшелері сотталды, «Жас тұлпар» болып, тәуелсіздікті аңсағандар қуғындалды. «Жас қазақ», «Жас ұлан» т.б. ұйымдар талқандалды. Желтоқсан қайраткері, ажал құшқан Қайрат Рысқұлбеков және тағы басқаларының бірде-біреуі ескерілмеген. Тәуелсіздік үшін күрескендер ардагерлер қатарына кірмеген.

Тәуелсіздік үшін күрескендерді ескермеу – тәуелсіздікті мойындамау. Осындай заңды сенаттағы депутаттардың қызу қолдап, дауыс беруі таңғалдырады. Бірақ олардың кейбіреуін өзіміз де танимыз ғой.

Иә, біз сотталдық. Мына заңға қарасаң, біз «халық жауы» қамытын өз еркімізбен «сұранып», өзіміз кигендейміз. Сол үшін лагерьлерде бізді пышақтап, итке талатыпты. Карцерлерде сүйегіміз сынғанша тоқпақтады. Елге қайтып келген соң... Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылғанының пәленбай жүздігі деп тойланып жатты. Есі кірмеген қазақ та, орыс та тойда, айқай-шуда. Пәленбай жүздікке арналған жиналысқа барудан бас тарттым. Неге деп сұрайды. «Қазақстан – қатын емес. Қатыннан ғана өз еркіңмен тидің бе, әлде зорлады ма деп сұрайды» деп жауап бергенмін. Оның ақыры балаларымды үйде дәрімен талдырып тастап, үйде тінту жүргізді.

Тәуелсіздік – бабаларымыз аңсаған арман. Соған арнап әкімдердің соңынан қалмай жүріп (біріншісі тауықтың күркесіндей еді, жел ұшырып әкетті) белгі қойғыздық. Тәуелсіздік үшін күрескен, оққа байланғандар ардагерлер заңына кірмесе, ескерілмесе, репрессия құрбандарына арналған монументтер не үшін қажет? Жылына бір рет аяқасты жиналып, монументке барып, бірер сөз айтып қайтуымыз ертедегілердің пұтқа табынғанындай ғана шара емес пе?!

Жасым 80-нен асты. Алланың берген жасын жасап өтерміз. Мәселе ұрпаққа тіреліп тұр. Жас ұрпақ елін сүйген патриот болып өссе екен деп тілейміз. Ұрпақ намысты болу үшін тарихтың қай кезеңінде болсын, қандай қатыгез, апатты заман болса да, елі үшін басын ажалға байлар азаматтардың болғанын біліп өсуі керек. Осыны ұрпақтың санасына сіңіре алмасақ, түбінде не қайыр сұрай аламыз?

      Өзіңізден жауап күтемін.

  Кәмел ЖҮНІСТЕГІ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?