Нұр-Сұлтанда әйелдер "Бақытты отбасындағы" шектеуді алып тастауды талап етті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 21.05.2020116

21 мамырда Нұр-Сұлтанда 30-ға жуық көп балалы, жалғызбасты ана "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға қойылған шектеуді алып тастауды талап етіп, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жиналды. Әйелдер тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналған бағдарлама аясында биыл небәрі 420 пәтерге сертификат берілетініне наразы.

"Жолдама санын қысқартып тастады. Былтыр олай емес еді. Биыл жолдаманы пәтер кезегіне 2010 жылға дейін тұрған адамдарға беретін болыпты. Шарт өзгеретінін ешкім ескертпеді. Мен мысалы бір жыл дайындалдым. Құжаттарды әзірлеп, декреттік демалыстан жұмысқа шықтым. Зейнетақы қорына ақша салдым. Енді берілмесе, осы еңбегім зая кетті" дейді төрт баланың анасы Анар Рақымова.

Наразы топ министр Бейбіт Атамқұлов пен оның орынбасарларының келуін талап етті. Бірақ олар шықпады.

Аналар бір сағаттай талаптарын айтып, кіре берісте тұрды. Кейін министрлік өкілдері жиналғандарды ішке кіргізді. Мәжіліс залында наразыларды тұрғын үй және құрылыс комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов қабылдап, талап-арызын тыңдады.

Шахановтың айтуынша, 2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасына бюджеттен 49 млрд теңге бөлінген. Ақша әр өңірге үлестіріліп берілген. Нұр-Сұлтан қаласына 4,1 млрд теңге тиген. Бұған 414 пәтер алу жоспарланған.

«Пәтерлер кезекке сәйкес беріледі. Былтыр ғана кезекке тұрғандар оншақты жыл пәтер күткен адамның алдына шығып кетсе, дұрыс емес. Сол үшін лимит қойдық. Нұр-Сұлтанда 17 мың жарым көп балалы, жалғызбасты және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы пәтер кезегінде тұр. Олардың бәріне жолдама берсек, бірден банкке ағылады. Ал банкте ақша шектеулі» деді Шаханов.

2019 жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтанда уақытша баспана өртеніп, бір үйдің бес қызы қаза болған. Осыдан кейін елде көп балалы әйелдердің наразылығы күшейген. Аналар биліктен баспана мәселесін шешіп беруді талап еткен.

Былтыр Қазақстан үкіметі тұрмысы төмен отбасыларға арнап «Бақытты отбасы» бағдарламасын қабылдаған. Оған сәйкес 18 жылға дейін берілетін несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 2 пайыз, бастапқы жарна баспана құнының 10 пайызын құраған. Алайда бірнеше өңірде жаңа бағдарламаның шартына көңілі толмаған аналар оқтын-оқтын наразылыққа шықты. Көп балалы әйелдер кейбір шартты өзгертуді талап еткен.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?