Шетелден дәрі-дәрмек жеткізу қиындай түсті

Сайт Әкімшілігі - 22.05.2020251

Коронавирус пандемиясына байланысты әртүрлі сырқаттарды емдеуге арналған шетелдік препараттардың кейбірін Қазақстанға жеткізу қиындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте, қазір кейде шағымдар түседі. Әлемдік пандемияға байланысты бұған дейін жолға қойылған логистикалық процестің бәрі жойылды, көптеген елде шекара жабылды. Тіпті, өз қажеттілігіне байланысты кейбір мемлекет осыған дейін шетелге шығарып келген препараттарды ендігәрі басқа елдерге сатпайтынын жария етті. Зауыттардың кейбірі тоқтап та қалды. Мәселен, Үндістандағы жағдай бойынша форс-мажор жағдай туындады. Себебі ол елдегі Махараштра штатында зауыттардың бәрі толығымен жабылды. Үндістанмен золедрон қышқылы бойынша келісімшартымыз бар еді. Елдің өзі карантинге жабылып қалғандықтан, оны алып шығу қиынға айналды», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Берік Шәріп Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-парақшасында өткен сұхбатта.

Оның айтуынша, күрделі мәселе туындағанымен екі елдің арасындағы келіссөздердің арқасында мамыр айының соңына дейін золедрон қышқылын Қазақстанға жеткізу жоспары бар.

Сондай-ақ ол тағы 20 препаратты алып келуде проблема туындап отырғанын айтты.

«Жеткізу жағынан қиындық туғызып тұрған 20 препарат бар. Оның бәрін де әлемдік пандемияға байланысты Қазақстанға алып келу қиынға айналып отыр», - деді ол.

Мәселен, бір мемлекет Қазақстанға осыған дейін келісілген препараттарды енді жеткізбейтінін жария етсе, онда басқа кәсіпорындармен келіссөз басталады.

«Ал егер келісімшарт жасасқан кәсіпорын белгілі бір уақыт сұраса, онда оған препаратты кеш те болсын жеткізу құқығы компанияға беріледі. Қазір әлемде адамдардың қозғалысы шектелгенімен, тамақ пен дәрі-дәрмек тасымалына рұқсат бар. Дегенмен кейбір препарат бойынша логистика сипатындағы қиындықтар туындағанын айта кету керек», - деді Берік Шәріп.


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?