"Базардың кіре берістерінде тепловизор жоқ"-Бекшин

Сайт Әкімшілігі - 22.05.2020569

Алматыда жұмыс істеуге рұқсат берілген сауда нүктелері мен қызмет көрсету орындарында санитарлық талаптар сақталмайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мониторингтік топ бірқатар нысанды тексеріп, соған көз жеткізді.

 Енді ескертуді елемей, салғырттық танытқан кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бастаған тексеру тобы азық-түлік дүкеніне топырлап кіріп келгенде сатушылар тосылып қалды. Барлығы маска киген. Бірақ кейбірінде қолғап болмады.  Таңғы уақыт болған соң келушілер аз. Ал көк базар маңында адам көп.  Мысалы, жұмыс істеуге рұқсат берілген күннен бастап осы тұстағы сән салондары мен шаштараздарға тыным жоқ.  

 «Көк базардың» азық-түлік сататын бөлімі карантин кезінде есігін жапқан жоқ. Дегенмен, төтенше жағдай режимі өткеннен кейін базардағы санитарлық талапты сақтау тәртібі босаңсыған. Өйткені дәл осы тексеріске дейін бетперде кимеген адамдар көп еді. Ал бүгін барлық саудагерлердің жаппай маска мен қолғап киіп алғаны  уақытша көзбояушылықтай көрінді. Кіре берісте келушілердің дене қызуын анықтайтын тепловизор ұстаған адам жоқ. Адамдар арасындағы арақашықтықты сақтау дегенді мүлде байқамадық.  Тіршілік қайнаған базарда бұдан басқа да кемшіліктер анықталды.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин: "Ең басты бұзушылық,  базардың кіре берістерінде тепловизор жоқ. Сондықтан Медеу ауданының санитарлық дәрігеріне тапсырма берілді. Базар әкімшілігіне айыппұл салу үшін" деді.

Карантин уақытында қауіпсіздікке салғырт қарап, санитарлық талапты ерен санамаған базар әкімшілігіне 4 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Жалпы қала әкімдігінің мониторингтік тобы 3 мыңнан астам нысанды тексерді. Оның  91-де тазалық пен санитарлық талаптардың орындалмағаны анықталды. 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?