Атамұрат Шәменов: Бізде ауыл тұрғындары түсінетін агро-саясат жоқ

Сайт Әкімшілігі - 22.05.20201361

Қазір нақ осы дағдарыс кезеңінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айтарлықтай мән беру керектігі жиі айтылып жүр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, агро-саясатты жетілдіру, отандық өнімнің үлесін арттыру тәрізді шаралар елді шынымен дағдарыстан алып шыға ма? Бұл сауалдарды "Жас Алаш" экономика ғылымының докторы, профессор Атамұрат Шәменовке қойып көрді: 

– Атамұрат Мөрәліұлы, қазір экономиканың қиын жағдайда тұрғаны белгілі. Қалай ойлайсыз, бұл жағдайдан отандық өнімнің үлесін арттыру құтқара ма?

– Әлбетте, отандық өнім үлесін арттыру керек. Оған қай салада болмасын мүмкіндік бар. Мысалы, біз өзімізге жеткілікті жанармай шығарсақ, Ресейге тәуелді болмаймыз. Аграрлық саланы ішкі сұранысқа бағыттасақ, сырттан тағам тасуды азайтсақ, доллардың бағамына байланбас едік.

– Отандық өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін не істеу керек?

– Біріншіден, отандық өнім сапалы, екіншіден, арзан болуы шарт. Тауар озық технологияларға сүйеніп дайындалуы керек. Оның органикалық жағына, яғни экологиялық тазалығына қатты мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлеуеті артуға тиіс. Қазақстан – аграрлы ел. Сондықтан агроөнімдердің молынан өндірілуіне басымдық берген абзал.

– Біздің агросаясатымызға жаңа бағыт  ұстанатын кез жеткен тәрізді. Бұған қатысты қандай ұсыныс айтар едіңіз?

  – Бізде ауыл тұрғындары түсінетін аграрлық саясат жоқ. Жылда Ұлттық банк пен үкімет қаржы-экономикалық саясатын жариялайды. Басқа салалар бойынша жарияланып жатқан саясат жоқ. Үкіметте бір-бірінен туындап жатқан бағдарламалар көп. Бір министр келіп, бір бағытты айтады, екіншісі басқа бағытқа сүйрейді. Ал ауылдағы көпшілік дүбәрә қалыпта. Мысалы, министр Асылжан Мамытбековтың кезінде «Агробизнес-2020» қолға алынды. Жайылымдық мал шаруашылығын өркендетуге басымдық берілді. Мал суару үшін республикада 4 мың құдық қазу жоспарланды. Ветеринарияны дамыту қажеттілігі айтылды. Нәтижесі не болды?!

- Құдықтар құрдымға кетті. Жұрт құдық қазып, оның ақшасын ала алмай зар иледі.

–Дұрыс айтасыз. Ал министр Асқар Мырзахметов келгенде фермерлердің басын қосып, оны ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру науқаны жүрді. Жақсы ұстаным еді. Республика бойынша 467 кооператив құрылып, олар 220 сүт қабылдау және 103 мал сою пунктерінің, оған қоса 12 мың отбасылық мал бордақылау алаңдарының басын қоспақшы болған. Сонымен қатар 135 мың жеке үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары жұмыспен қамтылатын болған. Бірақ қорытындысы күткендей болмады. Өйткені құрылған кооперативтердің өндірісін ұйымдастыру, қаржы көздерін алу тетіктері, өнімдерін сақтау, сату жұмыстары толық шешімін таппады. Бастысы өндіріс пен еңбек  ұйымдастыру жағына мән берілмеді. Бұл іске жергілікті басқару органдары жұмылдырылмады. Оларға жауапкершілік арттырылған жоқ. Қағаз жүзінде науқаншылдықпен құрылған кооперативтер өміршең болмай шықты. Ал жаңа министр, премьер-министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев келген соң мақсат тағы өзгерді. Оның ұстанған бағыты бес жыл ішінде еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 2,5 есе ұлғайту болды. Еңбек өнімділігі өндіріс шоғырланған үлкен кешендерде немесе өнім шығаратын зауыттарда маңызды. Ал үй шаруашылығы деңгейінде бұл көрсеткішті анықтау оңай емес. Ауыл шаруашылығы министрлігі «бес жылдан кейін еңбек өнімділігі артығымен орындалды» деп есеп береді. Оны тексеру мүмкін емес. Сол сияқты «өңделген өнімдер экспорты он есеге көбейді» дейді. Ал халықтың дастарханы экспорттың үлесін арттыру арқылы толмайды.  Әр елдің басты мақсаты елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Біліп отырсыз, осы күнге дейін Қазақстаннан экспортқа шығып жатқан өнім – бидай, аздаған ұн және ет. Терең өнделген өнімдердің экспортталып жатқанын естімейміз. Мысалы  Италияға пицца жасауға сапалы әрі дәмді бидайдан жасалған дайын жайма неге шығармасқа?! Қазы, шұжық Францияға неге жөнелтілмейді?  Емдік қасиеті бар қымыз, шұбат неге Еуропа елдерінде емес?! Оның орнына Алматыда Германиядан әкелінетін бір бөлкесі 1500 теңге тұратын нан сатылуда. Міне, ауыл шаруашылығы саясатын ұстанғанда бізге де өзге елдер тәрізді ең соңғы дайын өнімге дейін жұмыс істеуге әзір болу қажет.

– Жалпы, экономист-ғалым ретінде қазіргі үкімет деңгейде атқарылып жатқан реформаларға көліңіз тола ма?

 – Жоқ, толмайды. Әсіресе аграрлық сала, жұмыспен қамту, өңірлердің экономикалық-әлеуметтік дамуы. Қазір экономиканың жауы әсірелеу статистикасы болып тұр. Біз болашақта шетелге шикізат емес, тауар шығаруымыз керек. Тым болмаса жартылай дайын өнім, мысалы ұн, ең дұрысы нан өнімдері, макарон тағы басқа өнімер. Шикізатқа байланған мемлекеттің келешегі бұлыңғыр. Доллармен күресу дұрыс емес, қайта теңгені нығайтумен айналасқан дұрыс. Теңгені нығайтатын тек өндіріс, өнім шығару. Алыпсатарлық экономика әр уақытта импортталған тауарға тәуелді болмақ. Ал импортқа жүгіну, импорттың тасқынын көбейту бұл экономиканың әлеуетін көтеретін жол емес. Елімізде арнайы Сауда және интеграция министрлігі құрылды, бірақ сауда мәдениетінде ешқандай өзгеріс жоқ. Шарықтап тұрған сауда экономикасына тосқауыл қоятын ақылмен жүргізілетін мемлекеттік реттеу. Ал қазіргі әкімшілік жолмен тауар бағасын ұстап тұру мүмкін емес. Экономикада сауда салығынан түсетін қаржыға қызығып, бұл саланы жетекшілікке итермелеудің қажеті жоқ.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

"Жас Алаш" 



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?