Далада қалған мақтаарлдықтар баспанамен қамтылады

Сайт Әкімшілігі - 23.05.2020413

Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді.


Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып  келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. Олардың барлығы су басқан ауылдардың тұрғындары. Баспана тауқыметін тартқан отбасылардың айтар алғысы шексіз.


Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет Басшысына Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын таныстырды. Сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысын аралады.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған