Түлкібаста түлектер көпбалалы отбасына баспана сыйлады

Сайт Әкімшілігі - 23.05.2020479

 

Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.

Баспаналы болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдығын өткізген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы жалдамалы пәтерде тұрып келген отбасы, отағасының бірінші топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күн көріп отыр. Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, жазушы, журналист, қоғам қайраткері М.Байғұт және аудандық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы Қ.Анашев бастаған Абай мектебінің 56 жыл бұрынғы түлектері мен ауданның бас имамы М.Серік арнайы қатысып, Хажібековтер отбасын жаңа қонысымен құттықтады. Шара соңында дәстүрге сай 2000 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын 2001 жылғы түлектерге өткізді.

Мұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Соңғы екі жыл қатарынан дәл осы Абай мектеп-лицейінің 1998 және 1999 жылғы түлектері - көпбалалы мұқтаж екі жалғыз басты анаға аудан орталығынан үй сыйға тартқан болатын.

Айта кетерлігі, Түлкібас ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы бойынша 93 аса мұқтаж отбасыға аудан әкімдігі және демеушілер тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп келеді. Бүгінгі таңда жоба аясында баспанаға мұқтаж екі отбасы жомарт жандардың демеушілігімен баспаналы болып отыр.

 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?