«Бейбіт жиналыстар туралы» заң берекелі өмірге жетелей ме?

Сайт Әкімшілігі - 24.05.2020614

Бүгінгі күні  қоғамда  өте  өзекті  мәселе  ретінде  қаралып, талқыға түскен  «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы. Парламенттің  екі  палатасында  да қаралып,  мақұлданып  қазір  президенттің қол  қоюында  жатыр. Бұл   «су»  жаңа  заң қоғамды  қаншалықты  өзгерістерге жетелеп, демократиялық үдерістерге  бастайды? Бірден айтайын кейбір жайттар  бойынша сәл  жеңілдіктер, біршама  өзгерстер  болғанымен, бұл жаңа  заң  1995 жылдан  осы уақытқа  дейін  қолданыста  болған осы аттас  заңнан  аса  бір өзгеше деп айту  қиын. Әңгімемізді бастамай  тұрып, мынаны  еске  сала кетейін. Былтыр  мен жетекшілік ететін «Байтақ – Болашақ»  экологиялық  альянсы  Нұр – Сұлтанда бейбіт митинг  ұйымдастырды. Сол   жерде қоғамдағы  өзекті проблемалардың  бәрі айтылған еді.  Соның бірі  осы митинг  өзткізу мәселесі болатын.  Митинг  барысында  қабылданған қарарда елімізде митинг,  шерулер  өткізу  туралы  жаңа  заң керектігі,  ол халықаралық  стандарттарға  сай  болуы тиістігі көрсетілген. Демек,  бүгін   осы аталмыш заңның қабылдануына белгіл бір деңгейде біз  түрткі  болдық. Үлесіміз  бар деуге  болады. Бисмарктің «Данышпандар ойлап табады, жангештілер атқарады, алаяқтар пайдаланады»  деген сөзі  бар. Мұны  неге айтып  отырмын, өйткені кейбір  пысықайдар «бұл  заң жобасын  жасауға  біз  түрткі  болдық, біздің арқамыз»  деп жүр.

Ал  жаңа  заңға байланысты ойымызды  әр жалғастыратын  болсақ, қоғамға  аса қажет заңды  Ұлттық  кеңес құрамында  жүргенде де талқыға  салдық.  Пікірімізді   білдірдік. Ақиқатқа тура қарап айтар  болсақ, бұл  заң  арқылы әлі де  билік  бәрін қадағалауда,  бақылауда  ұстағсы  келетіні аңғарылып  тұр. Өйткені билік еш  нәрсені  бақылаудан  тыс қалдырғысы  жоқ. Себеп белгілі. Митинг, шерулерге  тым жұмсақтық  танытса,  билік бәрінен айрылып қалатындай  үрейде. Өйткені өздері  отырған ортынтақ «мәңгі»  болса  деп  қалайтындар  көп. Олар жүйенің өзгергенін,  биліктің ауысқанын  қаламайды. Бәріде бақылауда  болса,  қажет жерінде «тұншықтырып» тастайтын тетік қолда  болса деп ойлайды. Бұған осы уақытқа дейін елімізде  ауыз  бірлігі мықты оппозицияның (бола  қалғанның  өзінде билік арандату, ішінен іріту  сияқты қитұрқы  әрекеттер арқылы  бөлшектеп тастайды)  болмауы, әділін айтқан бұқаралық ақпарат  құралдарын  тұншықтырып келуі, халықтың сөзін  сөйлегісі келетін партияларды  тіркемеу, парламентке оппозиция  өкілдерін  өткізбеу дәлел  бола алады. Ал,  мұндай  қоғамда ақиқаттың  ақ  туын жебірететін заң  болуы  мүмкін бе? Қайдам? Десек те, аталмыш  заңда, бейбіт жина­лыстардың базалық қағидаттары енгізілгені көрініп  тұр.  Олар – зорлық-зомбылықсыз сипат; заңдылық; мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету; қатысу еріктілігі дегендей. Қалай айтсақ та, ең бастысы бейбіт жиналыстар - митингтер, демонстрациялар, манифестациялар азаматтық қоғам мен билік диалогының бір түрі  болуы  тиіс. Біз соған  бек  сенімдіміз.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

 «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянстың   төрағасы


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?