«Ақысыз демалысқа жіберіп жатыр»: Алматыда коронавирустан айыққан дәрігерлерге 44 мың теңге ғана төленген

Сайт Әкімшілігі - 25.05.20202046

Алматыдағы  Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жаппай ақысыз демалысқа кетіп жатыр. Мамандар өздерінің нақты қанша уақытқа ақысыз демалысқа шығатынын білмейді деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл дәрігерлер провизорлық стационарда жұмыс істеп жүріп, COVID-19 инфекциясын  жұқтырған. 21 күн ауруханада емделіп, екі апта үй карантинінде жатқан ақ халаттылар ешқандай үстемақы да, өтемақы да төленбегенін айтты.

Орталық қалалық клиникалық ауруханда 12 жыл жұмыс істеген медбикенің бірі – Ұлжан. Ата-жөнін толық атамауды өтінген  қызметкер бастапында хирургия бөлімінде жұмыс істесе, кейін өздері жазған арыз негізінде провизорлық стационарда жұмыс істеуге  ауыстырған.

«Мен хирургия бөлімінде 10 күн, провизорлық стационарда 4 күн жұмыс істедім. Сол кезде коронавирус жұқтырғаным анықталды. Бөлімде жұмыс істеген барлық 28 қызметкерден  COVID-19 табылды. Содан мені  Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды. Бірақ ыстығым көтеріліп, мазасызданып ауырмадым. Вирустың симптомы маған білінген жоқ. Сол жерде 21 күн емделіп жаттым», - деді Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметері Ұлжан.

АУРУХАНАДА КІРІС ЖОҚ

Медбике инфекциялық ауруханада коронавирустан емдеу үшін күніне екі рет «Алувиа» дәрісін беріп тұрғанын айтады. Алайда он күн ішкен соң, басы айналып, ішкі құрылыстары бүріп, шаштары түсе бастаған соң, дәрігер таблеткадан бас тартқан. Ал коронавирустан жазылып шыққан соң жұмыс орны есепшотына 44 мың теңге ғана аударыпты. Дәрігерлер мемлекеттің уәде еткен үстемақсын да, өтемақысын да көрмедік деп отыр.

 «14 күн ішіңдер деп берген, бірақ мен 10 күн ғана іштім. Қасымда жатқан қыз 17 күн ішті. Ол дәрінің бізге түк те қатысы жоқ. Үш рет рентгенге, бір рет МРТ-ға түстік. Бәрі таза. Ыстығым да көтерілген жоқ, 36 градустан аспады. Бірақ осы дәріні ішпесеңдер,  жазылмайсыңдар деп берді. Асқазанымыз да ауырды. Біз негізі,  қауіптілігі жоғары жерде жұмыс істедік. Енді ешкім ештеңе айтпайды да, түсіндірмейді де. Бірде сұрап едік, басшылар «ауруханада кіріс жоқ, сендерге қалай төлейміз? - деген. Сонда Президенттің, министрдің төленеді деп айтып жатқан миллиондары қайда? Оларды кім алып жатыр? Бізде лифтіні тазалап, еден жуатын 51 жастағы  «санитарка»  әйел коронавирус жұқтырып өліп қалды. Өлсе 10 миллион, жұқтырса 2 миллион теңге төленеді деді. Қане,  ол ақша?», - деп ренішін білдірді медбике.

Өзін Назым деп таныстырған орталық аурухананың тағы бір  қызметкері коронавирустан айыққанымен, қазір үй карантинінде жатыр. Ол 1 санатқа жатқызылған, қауіптілігі жоғары жерде жұмыс істесе де, өзінің аты-жөнін басқа тізімнен көргенін айтады. Аурудан айығып шыққанымен, жұмыссыз қалған қызметкер отбасын қалай асыраймын деп уайымдап отыр. 

«Физио бөлімінен мені 1-сәуірде хирургия бөлімшесіне ауыстырды. Сол жерде жүргенде коронавирус жұқтырыппын. 14 сәуірде сынама алып, содан оң нәтиже шықты менен. 46 мың теңге айлығымды алдым, болды. Содан мен бастыққа «Неге бізге үстемақы төленбеді?»  деп хабарластым. Біз жұқтыруы жоғары санатқа жататын бөлімде жұмыс істедік. Бірақ кейін өзімнің аты-жөнім  бұрынғы физиотерапия бөліміндегілердің тізімінде жүр. Ал ол жақтағылар аурудан аман болғандар.  Ауруханда әлсіреп, басымыз айналып жүре алмай қалдық. Әсері жаман екен. Бауырды қатырып тастайды дейді. Карантинім бітсе барып, ақысыз демалысқа жазамын, жазыңдар деп ескертті. Қайда барамын, ешқайда алмайды бәрібір. 3 балам бар бағып отырған», - дейді физиотерапия бөлімінің қызметкері.  

«30 сәуірде тест өткіздім, 1 мамыр күні оң нәтже шықты. Менде өкпенің қабынуы болды. Туберкулезбен ауырғандарды емдейтін ауруханада 18 күн жатып, емделіп шықтым.  Орталық ауруханадағы колопроктология бөлімінде жұмыс істеп жүріп жұқтырдым. Ешқандай үстемақы берген жоқ. Тізім бердік дейді шын болса. Үстемақы тұрмақ, ауырған күндердің ақысын алғаным жоқ. Үй карантинінен кейін ақысыз еңбек демалысына кетесің  деді. Ауырған кезде де ешқандай қолдау көргеніміз жоқ», - деп қамықты Айгүл есімді тағы бір ақ халатты.

Қызметкерлер қанша уақыт ақысыз еңбек демалысында болатындарын өздері де білмейді. Ал бұған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқармасының басшылары үстемақылардың дұрыс төленбей отырғанын мәлімдеген еді. COVID-19 вирусымен күні-түні күресіп жатқан дәрігерлер өздеріне тиесілі үстемақысын ала алмай жүрсе, мемлекеттен уәде етілген қомақты қаржы бұл салаға қатысы жоқ адамдарға аударылғаны айтылды.   

«Жүргізілген талдаулар нәтижесінде өңірлік комиссиялар Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес келмейтін заңсыздыққа жол берген. Қауіптілік тобы, жұмыс уақытының айлық балансы асыра көрсетілгендіктен, төлем сомасы да азайған. Параклиникалық бөлімше қызметкерлеріне үстемақы аударылмаған. Төлем ақпараттық жүйеде жоқ қызметкерлерге төленген», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының», - деді басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Ал Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Гүлнара Кулкаева хирургия бөліміндегі қызметкерлерге не себепті үстемақының әлі күнге төленбеуінің себебін түсіндірді. Оның сөзінше, медбикелердің бірі табельді қате толтырғандықтан, ақы төленетін тізімге осындағы барлық қызметкерлер кірмей қалған. 

«Орталық қалалық клиникалық ауруханасындағы №2 хирургия бөлімінің қызметкеркерлері үстемақының тізіміне ілінбей қалды. Аға медбике Г. Қожабек сәуір айының табельін қате толтырған. КВИ жұқтырған ол медбике жұмыс жоспарын қашықтан толтырып жібергендіктен, құжатта қателік кеткен.  Құжат қайта жасалды,  барлық қызметкерлерге үстемақы 10 маусымға дейін төленеді», - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Кукаева.

Оның сөзінше, орталық ауруханада 1037 қызметкер штаттық режимде жұмыс істеген. Қазір тек олардың ішінен 200 дәрігер ғана жұмысқа қайта шыққан. Басқаларына өзге мекемелерден жұмыс қарастырылады. 

«Қазір мен ақысыз демалыста жатырмын. 4-5 айға дейін ақысыз демалыста боласыңдар деді. Сонда біз қалай күн көреміз? Бір айға арыз жаздым. Демалысты ұзарту туралы ай сайын өтініш  жазып тұрамыз екен. Енді 1 маусымда тағы барып арыз жазуым керек екен», - дейді аталған аурухананың қызметкері Ұлжан.

Белгісіз уақытқа ақысыз еңбек демалысына шыққан мамандардың мәселесін басшылық 42 500 теңге төлеу арқылы шешпек.



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?