Мектептердің халі мүшкіл

Сайт Әкімшілігі - 26.05.2020276

   Ақын, педагог Мағжан Жұмабаев  «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген екен. Сол төрге шығарған ұстаздарымыздың  еңбек етіп жүрген мектебі қандай? Білім ордаларын заман талабына сай жабдықтау,   кәсіби шеберлігі мықты мамандармен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік тәжірибені үйрену алға қойған ең маңызды іс болып тұр.

    Жаңа реформаның басты мақсаты – жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға дайындау. Алайда қазір кейбір мектептердің жай-күйін көргенде жаның күйзеледі. Мәселен, Қазалы ауданындағы разъездердегі мектептердің жағдайы өте  аянышты. Жалаңтөс ауылындағы №103 орта мектеп, Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты бастауыш сынып мектептері  туралы не айтарыңды білмейсің. Айналдырған екі бөлме, кіреберісте  шаң басқан екі парта тұр. Екі мұғалім кезек-кезек сабақ беретін көрінеді. Бірақ анандай шаң басқан екі парта мен еденді сүртіп қоюға болмас па еді?! Көрнекі құрал, компьютердің бұл мектептен қарасы көрінбейді. Менің тілші екенімді білген мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды. Ақырында №103 қазақ орта мектебінің директоры Асылбек Нұрадиновқа телефон соғып жатып, шаң басқан мектепке  әрең кірдік.

   Бұдан соң «Ойынды» разъезіндегі мектепке ат басын тіредік. Теміржол бойындағы қоқыстан аяқ алып жүре алмайсыз. Ауылдың санитарлық жағдайы сын көтермейді. Жалаңтөс ауылдық әкімдігіне қарасты аумақтың проблемасы бастан асады. Тұрғындар әкімнің тек жылына бір рет, атап айтқанда жиналыс болатын кезде ғана, келетінін айтты. Мұғалімдердің амалсыз жүргені көрініп тұр. 

    Ал «Көбек» разъезіндегі білім ордасының  «шықпа, жаным, шықпа» деп тұрған жайы бар. Жаңбыр жауса төбесінен су ағады екен. Мұғалім мен еден жуушы  жауырды жаба тоқып күн көріп жүрген жайы бар. Мектептің қыста суық болатынын, балалардың тоңатынын жасырмады. Бұл мектеп те Асылбек Нұрадиновтің иелігінде.  Ол Жалаңтөс ауылына аудан орталығынан қатынап жұмыс істейді.  Мұнда неге көшіп келмейтіні түсініксіз.  Кеш келіп, ерте кететін  мектеп директорларының керегі не? Ұстаз ұлағатты болса ғана ұрпақтың бағына айналады. Ал оның ұшқыны да көрінбесе бағы емес, сорына айналар.                                                                                                                                                            

Миуа БАЙНАЗАРОВА

  Қызылорда облысы  

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?