4 бала трагедиясы: өрімталдардың өлімі жалғаса бере ме?

Сайт Әкімшілігі - 26.05.2020877

Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығындағы төрт баланың бірінен кейін бірі көз жұмғаны (2 сәуір, 11 сәуір, 20 сәуір, 29 сәуір күндері)  елді дүрліктіріп, қоғамда үлкен резонанс туғызды. Өйткені бұл орталықта денсаулығында кінәраты бар балалар тәрбиеленіп жатыр. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар күтіміне жауапты әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы осынау қайғылы оқиға оқыстан орын алған жайт емес. Өткен жылы әлеуметтік желілерде дәл осы орталықтағы үш тәрбиеленушінің зорлық көргені жайында видео тарап, облыс әкімі Даниал Ахметов шұғыл түрде тексеру тобын аттандырған болатын. Тіпті сол кезде осы жағдайдан хабардар еткен Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға алғысын білдіре келіп, бұл орталықтың жұмыс барысы өз бақылауында екенін мәлімдеп үлгерген болатын.  Алайда бұл оқыс жағдай тексерулер жүргізуге  түрткі болғанымен, ресми түрде расталмай, ақыр соңы «жалған ақпарат таратқаны үшін» әлеуметтік орталық қызметкерінің жұмыстан қуылуымен аяқталыпты.

     Бірақ, неге екені белгісіз, осы оқиға бойынша облыстық әкімдік теріске шығарған ресми ақпарат таратқан жоқ. Тіпті өткен жылдың наурыз айында болған бұл оқиғаның жоққа шығарылғанын БАҚ өкілдері енді ғана мәлімдей бастағаны да таңғалдырады. Сол кезде комиссия құрамында аттанған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев (Аягөз қаласының тумасы) көп ұзамай ШҚО еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. Ал бұл басқарманы оған дейін басқарған Е.Ошақбаев орынбасарлыққа төмендетілгені есімізде. Осы жерде қарапайым сұрақ туады: егер әлеуметтік орталықтағы балалардың зорлық көргені жалған болса, басқарма басшысы неге орынбасарлыққа төмендетілді? Мұндай шара не себепті қолданылды, сонда? Басшысы ауысқаннан кейін жағдай жақсарып, орталықтың шаруасы жөнге келді ме? Облыс әкімі Даниал Ахметов жағдайды сол кезден бастап өз бақылауына алғаны рас болса, бір жылдан кейін бір емес, төрт міскіннің ғұмыры неге кілт үзілді?

    Жә, онсыз да тұманды ойларға жетелеген күмәнді сұрағы жетерлік орталықтың жалпы жағдайы қалай еді? Туабітті төсекке таңылған тағдырлар талапқа сай күтім көріп жатыр ма? Енді осыған келейік.

   Аягөздегі әлеуметтік орталықтағы балалар өліміне байланысты құрылған ведомствоаралық комиссия отырысында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бірқатар былықтардың бетін ашып берді. Әзімованың айтуынша, өздігімен қозғалып, қимылдай алмайтын балалар жатқан ғимараттың 1985 жылы салынған бұрынғы балабақша екені анықталған. Яғни тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға қызмет көрсету талабына сәйкес келмейді. 2007 жылы қосымша тұрғын үй салынғанымен, ол кезде де қажетті ерекшелік ескерілмеген. Одан өзге де сұмдық жайлар баршылық көрінеді.

–       Айталық, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға аса қажетті бассейн жоқ. Спортзал жертөледе орналасқан және жарығы мен ауа алмасуы сын көтермейді. Спортзал ересектерге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл кішкентай балаларды спортпен айналысу мүмкіндігінен айырады. Орталықта тәрбиеленушілерінің денсаулығын күтіп ұстауына септігін тигізетін спорттық құрал-жабдықтар жеткіліксіз, – деді Эльвира Әзімова тиісті мәлімдемесінде.

   Бұдан арғы жағдайды жабулы қазан күйінде қалдыруға болмайтынын әшкерелеген Э.Әзімованың сөзіне сүйенсек, орталық асханасы дәлізде орналасқандықтан, кіріп-шыққан адамдар тамақтанып отырған балаларға әсер етпей қоймайды. Қимылы күрделі балалар жататыны белгілі бола тұра, қосқабатты ғимаратта жеделсатының жоқтығы, пандустың орнатылмағаны да бұған дейін келген тексерушілердің көп шындыққа көз жұма қарағанын аңғартады. Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде туғаннан тағдыр тауқыметін тартқан балалардың жағдайына жанашырлықпен қарауға жергілікті атқарушы биліктің еш уақытта құлқы болмағаны анық көрініп тұр. Басшы жаңартқаннан қайыр болмағанын ескі ғимараттың сиқы әйгілеп берді.  

   Жалпы, бұл жағдайға облыс басшылығы бұрынғыдай «өзіміз жауап береміз» деп, енді ешкімді сендіре алмайтыны анық. Өйткені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әр аймақтағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 113 мекемеге тексеру жүргізуді бастайтынын мәлімдеп отыр. Оның негізгі себебі Аягөздегі балаларға арналған арнайы әлеуметтік көмек орталығындағы ахуалдан шығып отырғаны өкінішті, әрине. Еліміз бойынша айтар болсақ, мүгедек балаларға арналған осындай 20 мемлекеттік оңалту орталығында 1,8 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр екен.

            750 мың теңгені желге ұшырды ма, «жеп қойды» ма?

   Былықтары бірінен-бірі өтетін орталықтың іші-сыртын түгел тексерген ведомствоаралық комиссияның қорытындысына сәйкес, ауыр жағдайдағы балаларға қажетті азық-түліктің қағаз жүзінде ғана алынғаны мәлім болып отыр. Орталық мемлекеттік сатып алуда бекіре уылдырығы, кофе, жылқы, сиыр етін көрсеткенімен, бұл тағамдар тәрбиеленушілердің тісіне тимегенге ұқсайды. Мәселен, сәуір айының басында 50 келі бекіре уылдырығына 750 мың теңге, ал сәуір айының ортасында 60 келі қызыл балыққа 650 мың теңге жұмсалған. Бірақ аталған комиссия мектеп-интернатқа барғанда қызыл балық, қара уылдырық және басқа да дәмді тағамдардың берілмегенін анықтаған. Қазір бұл фактіні ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі назарына алыпты.

    Айтпақшы, жоғарыда айтылған төрт баланың сол кезде қызылшадан көз жұмғаны туралы сөз тараған еді. Медициналық тексеріс нәтижесіне жүгінген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат БАҚ өкілдеріне таратқан мәлімдемесінен балалардың өліміне қызылшаның қатысы жоқтығы белгілі болды. Орталықтағы 95 балаға тексеру жүргізілген. ШҚО бас педиатры Шолпан Мақашеваның айтуынша, балалардың қазасына асқынған коморбидті фон, туа біткен патология, кахексия себеп болған.


            Аружан Саин мен Аймағамбетовтің алаңдауы орынды

   Кемшіліктері жіпке тізіліп, бірін-бірі жетелеп кете беретін Аягөздегі әлеуметтік орталықта көп шындықтың көлеңкеде қалуына облыс орталығынан 400 шақырым қашықтықта орналасуы де бір себеп тәрізді. Жол қиындығы өз алдына бір тауқымет. Комиссия қорытындысында бұл жағдайдың мекеме қызметін қатаң бақылауға кедергі келтіретіні енді белгілі болып отыр. Ахметов өткен жылы Аружан Саинды сендіре сөйлегенімен, сөзі айтылған жерде қалғанын осы төрт баланың өлімінен байқауға болады. Одан бөлек, бұл істің ар жағында облыстық әкімдікке Аягөзден ауысқан дөкейлердің тұрғаны да байқалатындай.

  Сараптай келгенде, үкіметтік деңгейде шу тудырған осы мәселені дер кезінде көтерген Аружан Саин мен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Аягөздегі мекемені облыс орталығына көшіру қажеттігін айтқан ұсынысы да орталықта жемқорлықтың белең алып отырғанынан шыққандығына күмән жоқ. «Ведомствоаралық комиссия атынан Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне мекемені облыс орталығына көшіру нұсқаларын қарастыруды тапсырамын. Ол ірі қаладан 400 шақырым шалғайда болған кезде балалардың денсаулығы үшін үлкен тәуекелдер орын алады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қызметін де жандандыру қажет. Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық сектор өкілдерін тарта отырып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, балалар мен қарттар үйлерінің ғимараттарына кешенді тексеру жүргізу қажет деп есептейміз. Сондай-ақ қоғамдық бақылау институтын дамытуды жалғастыру керек», – деді министр А.Аймағамбетов.

    Ал еліміздің бас прокуратурасына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке балалар құқығы жөніндегі уәкіл А.Саинның әлеуметтік желіде ашық хат жариялауы да бекер болмаса керек. Мына бір үзіндінің өзі орталықтағы жағдайдың ушығып кеткенін растайтындай. «Хотелось бы также обратить ваше внимание на следующие факты, с которыми приходилось сталкиваться нам:
1) Телесные и другие наказания – сотрудники ЦОССУ бьют воспитанников хлопушками для выбивания ковров, опускают головой в ванну, наполненную водой, и начинают топить, за любые провинности лишают детей ужина или обеда, детей заставляют мыть горшки (иногда угрозами, где-то подкупают конфетами, обещаниями). Неоднократно обращались к руководству центра по этим фактам, но, к сожалению, слышим в ответ только пустые обещания и оправдания, мол, воспитатели/няни не виноваты, довели их. Меры в итоге не принимаются».

  Мәлімдеменің бұл үзіндісі тәрбиеленушілердің ата-аналары тарапынан түскен шағымдардан алынған. Демек, іс тек қана төрт баланың қазасын тексерумен ғана шектелмей, одан ары қарай, облыс шенеуніктерінің осы мәселеде «жұмбақ жасырып» отыруына жол жоқ екенін әйгілеп бергендей.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?