Smart City қалаға не берді?

Сайт Әкімшілігі - 26.05.20201263


Елімізде ғана емес, әлемде орын алған жағдайлардан кейін ел экономикасын дамыту, азық-түлік бағасының өсуін болдырмау, халықтың әлеуметтік жағдайы мен денсаулығын жақсарту шаралары бірінші орынға шыққанын көзіқарақты оқырман байқап отыр. 2 миллионнан астам тұрғыны бар, Алатаудың алқасындай ару қала Алматы тек рухани орталық қана емес, халықаралық бизнес пен туризм орталығы болу қажеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткен болатын. Алматыға инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және қаланың инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасай отырып, Алматының экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Карантин кезінде автокөліктер қозғалысының азаюынан Алматының ауасы тазарып, жасыл желегі жайқалып, ару қаламыз ерекше көркіне енді. Карантинге дейін Алматының ең басты мәселесі көлік кептелісі еді. Рас, көлік кептелісін шешуге бірқатар қадамдар жасалды, жолайрықтар салынып, арнайы автобус жолағы берілді. Алайда қалаға жақын орналасқан Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандарынан күніне Алматыға 200 мыңдай көлік кіріп, кептеліс жасайтын. Алдағы уақытта Құлжа күре жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысында ұзындығы 784 метр көлік жолайрығы құрылысының жобасы қолға алынды. Аталған жоба көлік кептелісін болдырмауға және қаланың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. 

Бүгінде мегаполиске айналып отырған Алматының коммуналдық-инфрақұрылымдық мәселелерін шешу мақсатында қала маңындағы «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында тұратын 315 шаңыраққа газ жеткізу мақсатында газ құбырын салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында қала тұрғындарының ұсынысы мен пікірлерін сараптап, бірлесе жұмыс жасайтынын айтады. Қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің  бірі коммуналдық инфрақұрылым болып отыр. Осы бағытта Түрксіб ауданы бойынша 25 мың жеке үйдің 24 мыңға жуығы газбен жабдықталды. Қалған 929 үй магистралды желілерге қосылған. Бүгінгі таңда 625 үй тұрғын үй жүйелерін қосу және орнату сатысында, сонымен қатар орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылу мәселесі қолға алынды. «Қайрат», «Әлмерек» шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталуда, «Нұршашқан» шағынауданында құрылыс жалғасуда.

Алматының шеткі аудандарында электр жарығының сөніп қалу мәселесі әлі де бар.  «Әлмерек», «Қайрат», «Нұршашқан» және «Авиатор» бау-бақша қоғамдарының тұрғындары электр энергиясында болатын үзілістерге және тым жоғары тарифтерге шағымданады екен. Осы орайда, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен жеке және иесіз желілерді «АЖК» АҚ балансына беру жұмыстары жүргізілуде. Әкім бұл мәселені  2020 жылдың шілдесіне дейін шешуді тапсырды.  Осы жылы көшелерді жарықтандыру шарасы қолға алынды.  Жыл соңына дейін  ұзындығы 134 шақырым болатын 254 көшеде сыртқы жарықтандыру желілері тартылады.  Бейімбет Майлин, Б.Хмельницкий көшелерінде, Сүйінбай, Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдарында 2000-нан астам үнемді электр шамдары орнатылады. Сонымен қатар Қапшағай көпірі мен Жансүгіров көшесінің ультрашамдары жаңартылатын болады.

Алматы қаласының тұрғындары әкіммен кездесуде мектеп пен үйлердің және әлеуметтік нысандар маңында тротуарлардың жоқтығын, аулаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан болатын. Осы мәселеге байланысты тротуарлар мен аулаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бағдаршамдарды орнату, жаяу жүргіншілер өткелін белгілеу, спорт алаңдары мен тротуарлар салу бағытындағы барлық жұмыстарды  тұрғындарға ыңғайлы өмір үшін, қайда және не қажет екенін жақсы білетін тұрғындардың тілектерін ескере отырып жасау қажет», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесуінде. Қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау мақсатындағы әлеуметтік қызмет көрсету үйіне жөндеу жұмыстары жасалып, әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әртүрлі салада көмек көрсетілетін болады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі пандемияға қарамастан, халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау орталығының салынуын өте құптарлық шара екенін айтты.

Алматы қаласының инфрақұрылымын дамыту бағытында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ бірқатар ілкімді жобаларды жүзеге асырып отыр. Мәселен, Smart City жобасы арқылы медициналық ақпараттық жүйе жасалынды, денсаулық паспорты электронды түрге көшті, дәрігер науқастың ауру тарихын алдын ала біле алады. Ал білім саласында баланы балабақшаға кезекке қоюға balabaqsha. Open-almaty.kz порталына тіркеу арқылы тез әрі оңай қол жеткізеді. Сондай-ақ баланы мектепке немесе колледжге mektepalmaty.kz порталы арқылы қашықтан орналастыруға болады. «Ақылды қала» жобасының аясында  қаладағы қоғамдық көліктер GPS жүйесімен қамтылып,  диспетчерлік басқару жүйесі автоматтандырылды.  Енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұрғындармен байланысы автоматтандырылып, тұрғындарға ыңғайлы әрі оңтайлы қызмет түріне көшеді.  «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның «Біз Алматы» жобасы қала белсенділері арасында қолдау тапты. Осы жоба аясында Rocket Plastic компаниясы тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, пластик қалдықтарын қайта өңдеуге шақырады.

Алматы болашақта халықаралық туризм және бизнес орталығы болатынына сенеміз. Оған қарапайым халық та атсалысуы керек.

Мәрия ЖҰМАҚОЖА

 

 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?