Білекке емес, білімге сенейік

Сайт Әкімшілігі - 26.05.2020687

«Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген Абай бабамыз «Адалдық адамдықтың белгісі» екенін жетер жеріне жеткізе айтқан. Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы ұлы ақын: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», – дейді тағы бір сөзінде. Шынында да адалдық адамның шынайы бет-бейнесін анықтап беретін қасиет. Адалдық  – ақжарма ниет, ішкі жан-дүниенің кіршіксіз тазалығы, уәде мен аманатқа беріктік, ар алдында таза болуға ұмтылу. Мұны ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деп бір ауыз сөзбен түйіндеген.

Қазақ халқының келешек ұрпағын адалдыққа тәрбиелеу – өте маңызды. Бұл біздің қанымызда бар қасиет. Атадан-балаға, қаншама ғасыр өтсе де  бүгінгі күнге шейін жеткен саф алтындай өнегені жалғастыру бәріміз үшін абырой. Мұның өзі қоғамда орын алып отырған, тіпті қайталана беретін кейбір келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға дәнекер болары даусыз. Осы бағыттағы алғашқы қадам, ізгі ниет отбасынан басталады. Халқымыз  «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған.

Елін сүйер сеніңіз,

Өз отбасын сүйе алған, – деген қазақтың ұрпағымыз. Сондықтан шаңырақтың шуақты, отбасының қуатты болуына бәріміз күш салуымыз керек. Балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Үйден көргені, жақындарынан естігені – балаға алғашқы дәріс. Сол себепті адалдық әліппесін ата-ана балаға үйінен бастап санасына сіңіргені дұрыс.

Ақын Д. Әлімжанов «Адалдық» деген өлеңінде былай дейді:

Адалдық өміріңе керек нәрсе,

Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.

Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,

Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиет. Адам бағасының бір өлшемі. Қазақ халқы ежелден адалдықты пір тұтқан. «Аманатқа қиянат жасамау» деген де осыдан шыққан. Балаларды өзгенің ала жібін аттамайтын, бөтеннің мүлкіне тиіспейтін нағыз адал азамат етіп тәрбиелеуге күш салғанымыз жөн.  Мұны білім ордасының босағасында жас ұрпақтың бойына барынша терең сіңіру, санасына жақсы қасиетті  ұялату – ұстаздардың басты парызы.

Біздің колледжде оқытушыларымыз  онлайын сабақ барысында да тарихқа тереңдеп, жас буынға ой салар дәрістер өткізіп келеді. Мәдениетіміздің мәйегін балаларға үйрету күн тәртібіндегі жұмысқа айналған. Мәселен, тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Сәрсенәліқызының «Адалдық адамның ең асыл қасиеті» атты дәрісі оқушы түгілі, ұстаздардың да көңілінен шықты. Құдайберген Шәкәрімұлының «Бәріне қағанат қыл да адал еңбек қыл» деген аталы сөзін алға қоя отырып ұйымдастырылған сабақ барысында адалдық, ар-ождан деген асыл қасиеттер халқымызда қай кезде де жоғары орынға қойылғаны кеңінен насихатталды. Ұлттық тәрбиемізде 4 негізгі құндылық баса көрсетіледі. Ол – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім. Мұның бәрі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және әз-Тәукенің «Жеті жарғысында» жан жақты айтылады. Төле би бабамыз «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол», – десе, Қазыбек би:

Адал болса – досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын.

Өз ұрпағың шөберең жақын,

Туып-өскен елің жақын, – деген.

Ал Әйтеке би  «Қара қылды қақ жарған  – жақсылардың белгісі», – дейді.

Адалдықтың шын мәнінде ізгілігі мол.Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің жиынтығы ұрпаққа ұлы жол көрсетіп келеді. Біздің бүгінгі буынға бабаларымыздан қалған байлықты, қасиетті, рухани дүниелерді жас ұрпақтың жүрегіне құя бергеннен ұтылмасымыз анық.  


Бауыржан АНТОНОВ,

Алматы техника-экономикалық қатынас

жолдары колледжі директорының міндетін атқарушы






Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?