Ұлттық кеңес ұлттың қамын ойлай ма?

Сайт Әкімшілігі - 26.05.20201104

Негізі,  былтырғы  сәуір айынан бастап еліміздің  саяси жүйесінде   бір «жылымық»  басталды. Дұрысы – Тоқаевтың  мемлекет тізгінін  қолға  ұстаған кезден  бастап. Саясатта  да,  экономикада да,  әлеумет пен мәдениет  саласында  да ілкі  тірлікті сілкіп  тастап, сірне  болып сіресіп  қалған ескі  жүйенің көбесін сөге  отырып, «қан жаңарту» шарасы жасала  бастады. Бірақ серпінді секірістер жүрді  десек, өтірік айтқанымыз. Алайда тасбақа жүріс  болса да, ниет  дұрыс. Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесі, кадрлық  резерв, экономикалық реформалар орталығы т.б.  құрылымдар Тоқаевтың «төл»  туындылары. Бұлардың барлығы мемлекеттің  дамуына,  қоғамның ашықтығына, экономикаға  серпін  беруге, әлеуметтік  саладағы  түйткілдерді  шешуге, халық пен билік арасында диалог орнатуға деген ізгі  ниеттен туындаған.

  Солардың ішінен   бөліп алып, тілге  тиек еткіміз келгені – Ұлттық кеңес.  Ертең  осы  кеңестің үшінші отырысы  қазіргі  жағдайға  байланысты онлайн түрінде өтуде. Таңдап алған  тақырыптары білім саласын дамыту  болса керек-ті. Неге  тек білім,  қазіргі  күні  өзекті  болып тұрған өзге  дүние  жоқ па деген ой келеді. Әсіресе карантин кезіндегі халықтың  қиын  тұрмысы, пандемияның  салдарымен күрес  дегендей... Ұлттық кеңестің  бұл  отырысы осындай  күйіп  тұрған  өзекті мәселелерге арналуы  тиіс  еді.  Амал  қанша, кеңес  мұның  бәрін айналып өтіп, білім  жүйесін  дамытуды талқыға салуда. Сонда халық  пен  билік арасында «дәліз»  болады  деген кеңестің  сиқы осы ма? Білім саласының  басы  жарылып,  көзі  шығып  жатқан жоқ. Керісінше,  тосын келген зауал – пандемиядан  тұралап  қалған шағын  және  орта  бизнес, аққа  аузы  тимей  қалған халықтың бүгінгі өлдім-талдым күнкөрісі  отырыста  сөз  болуы керек еді. Қысыл таяң кезден  қалай  шығудың жолдары  қарастырылуы тиіс-ті. Өкініштісі, олай  болмай  тұр. Сонда Ұлттық  кеңестің ұлтқа, халыққа  жақын  болады  дегені  қайда? Түсініксіз.   

Күлтегін БЕК, 

"Жас Алаш"

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?