Атаулы көмекті ақшаға айналдырғандар

Сайт Әкімшілігі - 28.05.2020509

Дәл қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша жалпы 138 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді.


ЖИҺАЗ ӨНДІРУДЕН КӨШБАСШЫ

Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістанда жеті ірі кәсіпорын болса, сонымен қатар жеке кәсіпкерлікпен тіркелген бірқатар шағын жиһаз цехтары да жұмыс істейді. Түркістан қаласы облыс көлемінде жиһаз өндірісінен алдыңғы орында. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 20 пайызын осы қатты және жұмсақ жиһаз өндірісі құрайды. Мұның дәлелі ретінде ТМД елдеріне жиһаз экспорттайтын «Гранд Микс», «Азия бренд», «Мебель люкс», «Кордиал» сынды кәсіпорындарды атасақ та жеткілікті.

Соның ішінде өз жұмысын 2013 жылы шағын цехтан бастаған «Азия бренд» кәсіпорны бүгінде түркістандық 60 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауымен бастаған бұл цехта жиһаздарға қажетті шикізатты әрлеу өнімдері де осы жерде дайындалады. Цехтың жылдық өнімділігі – 10 мың дана жиһаз топтамасы. Сондай-ақ бүгінде жиһаз топтамасына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың 80 пайызы өздерінен шығады. Бұрындары Ташкент, Қытай елдерінен тасымалданған өнімдерді енді цехта өндіріп, өндірістің тиімділігін арттырып, баға тұрақтылығын сақтап отыр. Қазір фабрикадағы жұмыстың 80-90 пайызы автоматтандырылған. Цехтағы жұмыс итальяндық станоктар көмегімен жүргізілуде. Жобалық құны – 20 миллион теңге. Өнімнің сапасын жақсартып, көлемін арттыру үшін кәсіпорын қызметкерлері шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып отырады.

Сондай-ақ Түркістандағы индустриалды аймақтағы үлкен жобалардың бірі – «Гранд Микс» кәсіпорнының өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне таныс. Себебі фабрика өнімдері еліміздің 14 облысына және Қырғызстанның Бішкек, Ош қалаларына жіберіледі. Кәсіпорын 145 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.


ТҮЙЕ ЖӘНЕ БИЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ

Түркістанда түйе сүтінен дайын ұнтақ шығаратын зауыттың  іске қосылғанына екі жылдың көлеміндей болды. Күніне 100 тонна сүт өндіретін кәсіпорында 100 адам еңбек етеді. Оның небары 10-ы ғана қытайлық маман болса, қалғаны жергілікті тұрғындар.

–Бұл – Орталық Азияда теңдесі жоқ, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын жалғыз зауыт. Ең соңғы жаңа технологиямен жабдықталған бұл зауытта барлық жүйе автоматтандырылған. Цифрлық технологиямен басқарылады. Цехтың негізгі міндеті сүтті қабылдап алғаннан кейін ең алғашқы өңдеу процестері жүреді. Арнайы қондырғымен тазаланып, залалсыздандырылады. Ең соңында таза сүтті келесі цехқа жіберіп, ұнтақ етіп шығаруға дайындаймыз. Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе және бие сүтін өңдеп, одан құрғақ ұнтақ шығарады. Мысалы, 15 тонна түйе сүтінен 1 тонна дайын ұнтақ алынады. Құтыдағы құрғақ ұнтақты суға езіп, шұбат ретінде пайдалана беруге болады. Бір құтының ішіндегі ұнтақтың салмағы – 330 грамм. Егер мұны түйе сүтіне айналдыратын болсақ, 3,5 литр дайын шұбатқа айналады. Зауыттан шыққан дайын өнім, негізінен, Қытайға экспортталады. Одан кейін Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспорттау жоспарда бар, – дейді алдын ала өңдеу цехының жұмысшысы Аршын Ғабиден.

Бұл жерде адамның қол күші жұмыс істемейді. Тек қана мамандар қадағалап, бақылап, басқарып отырады.

         

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА жүйесі

Айта кету керек, облыста кәсіпкерлікті дамытудың жаңа архитектурасы әзірленген болатын. Нәтижесінде мамандар тобы құрылып, оның құрамына инвестициялар және экспорт басқармасы, «Turkistan Invest» фронт офисі, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы, «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ кірді. Аталған ұйымдар жұмысын облыс әкімінің орынбасары қадағалайды.

Осының ішінде бір ғана Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы 2019 жылы 10 миллиард теңге сомасында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаған. Директор орынбасарының айтуынша, 2019 жылы палатаға 560 өтініш келіп түссе, соның 418-і оң шешімін тапқан.

Сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы аясында өңірде 12 579 адам оқудан өтіп, оның 7933-і грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24 пайызы жұмыспен қамтылған. Қысқа мерзімді оқыту бағыты бойынша 5466 жұмыссыз азамат үш айлық оқу курстарынан өтіп, 1477 түлек 745,8 миллион теңге грант иегері атанды. Сонымен қатар «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде 7113 адам оқуды аяқтаған. Оның аясында 2,7 млрд теңгеге 401 жоба іске асырылып, 3,2 млрд теңге қаржы 6456 түлекке грант берілді.


АӘК-тен БАСТАЛҒАН БИЗНЕС

Бизнес бастаймын деген адам ақшаны қалайда табады екен. Мәселен, Сарыағаш қаласының тұрғыны Бақтияр Лесбеков көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен тағайындалған 861 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке жеке кәсібін ашқан.  Ол жұбайы  екеуі түшпара жасайтын шағын цех ашып,  қосымша екі азаматшаны жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіптерін ұлғайту үшін олар  мемлекеттен берілетін қайтарымсыз «Грант» 500 мың теңге алуға ниет білдіруде.

 Сондай-ақ Түлкібас ауданының тұрғыны Райхан Жасұзақова да алты баласына берілген 621 мың теңге атаулы әлеуметтік көмектің есебінен көптен бері армандап жүрген ісін қолға алған.  Әлгі ақшаға келіншек аудан орталығында орналасқан сұлулық салонынан орынды жалға алып, сонымен қатар іс бастауға қажет құрал-саймандарын да түгел алды. Егер де осы ісін дөңгелетіп кете алса, көп ұзамай өзінің жеке сұлулық салонын ашпақ ниетте.


Жалпы, Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасалған алғышарттар жөнінде сұрағанымызда:

 – Президенттің жолдауында көрсетілген міндеттерге сәйкес, шағын бизнесті үш жылдық мерзімге салықтан босату тетіктері әзірленеді. Сонымен қатар облыста «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда және Түркістан облысы нәтижелер бойынша көш бастап тұр, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Осының арқасында 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңге сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,4 пайызға (141 606 бірлік) артқан. Облыс орталығы Түркістан қаласында алдағы уақытта кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріліп отыр. Бұл тек қаланың көркеюіне ғана емес, жұмыссыздықтың да азаюына сеп болмақ.

Мәриям ӘБСАТТАР

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?