Мегаполис мәртебесіне сай қала ма?

Сайт Әкімшілігі - 28.05.2020759

Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанына жуырда екі жыл толады. 2018 жылдың маусымында Шымкент өз алдына отау тігіп, тікелей елордаға бағынатын дербес шаһар атанды.  Осы кезден бастап қаланың мегаполистік дәуірі басталды.

Жалпы, мегаполис атауының мағынасы кең. Мегаполис  деп – миллионнан астам халқы бар ірі қаланы атайды. Мегаполис – инфрақұрылымы, экономикасы жоғары деңгейде дамыған, жаңа технологиялар қолданылатын ірі орталық. Мегаполисті қалалық мәдениеттің ерекше үлгісіне жатқызуға да болады. Шымкент осы мегаполис мәртебесіне қаншалықты сай?

Егер халқының санына келер болсақ, Шымкентте бүгінде миллионнан астам халық тұрады. Қала тұрғындарының саны өте шапшаң өсіп келеді. Тіпті демографиялық өсім жағынан ол Қазақстандағы өңірлер арасында бірінші орын алады. Ал енді инфрақұрылым жағына келгенде біраз проблеманың бары рас. Әсіресе қала айналасындағы елді мекендердің инфрақұрылымы нашар дамыған. Тас төселмеген жолдарды былай қойғанда, орталықтағы кейбір көшелер көлік ағынына сай емес. Көшелерді кеңейту, айналма жолдар салу кезек күттірмейтін міндет. Коммуналдық қызметтердің ішінде жарық мәселесі өте өзекті. Әлі күнге жарықты жекеменшік трансформатордан алатын көшелер, елді мекендер бар. Ал жекеменшік талапқа жауап бере алмайды. Өлеусіреген жарық, жиі-жиі үзілетін желілер жұрттың жүйкесін жұқартқан. Дегенмен қала басшыларының айтқандарына сенсек, алдағы жылдары Шымкент инфрақұрылымға қатысты біраз проблемадан құтылатын болады. Әсіресе биылға жоспарланған жұмыс көп.

Алдымен жолдан бастасақ, шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 26,9 миллиард теңге қаралып отыр. Жыл  соңына дейін 240 нысанды, яғни 314,7 шақырым жол мен алты көпір, бір жол өткелін пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 миллион теңге бөлініп отыр. Қаладағы ең маңызды, құрылысы жүріп жатқан көшелердің бірі – Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі. Бұдан бөлек, Бадам өзені үстінен өтетін өткел Д.Қонаев даңғылымен жалғасады. 99 метрлік нысан мамыр айының аяғына дейін тапсырылады деп күтілуде.
Жалпы, Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 2976 шақырымды құраса, оның 56,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

Шымкент қаласындағы көлік кептелісін азайту бағытында бірнеше ірі жоба бар. Солардың бірі – Қонаев даңғылын ұзартып, оны Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарына шығатын тас жолға қосу. Себебі қазіргі уақытта қаладан осы аталған аудандарға апаратын жалғыз жол – Республика даңғылы. Соның салдарынан көлік кептелісі көп. Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев көшесіндегі құрылыс жұмыстарымен танысқан болатын. Мұнда қазір жолға қажетті тұрғын үйлердің дені сүріліп, топырағы алынып, тас төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.
«Біз Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары жүріп жатқан бірінші құрылыс учаскесінде тұрмыз. Ұзындығы 580 метрді құрайтын бұл аумаққа қазынадан 725 миллион теңге қаралған. Биылға дейін 101 миллион теңге игерілді. Осы жылы тағы 200 миллион теңге бөлініп отыр. Қалған қаражат алдағы уақытта беріледі. Қазір кәріз жүйесі мен электр бағаналарын, газ жүйесін алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», – деді осы сапар барысында мән-жайды түсіндірген  қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Баймендиев.

Мұрат Әйтенов соңғы уақытта қала төңірегіндегі елді мекендерді аралап, халықтың талап-тілегін тыңдауды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Әкім жуырда «Қайтпас» шағынауданына барған болатын. Тұрғындар бірінші кезекте сапасы төмен жекеменшік жарық жүйесіне шағымданды. Бұдан бөлек, жол, ауызсу, газ, қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін алға тартты.
«Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясын тұтынып отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесі жетпей қалған. Соны ескеріп, қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігер мекемені анықтадық. Жуырда олар жұмысын бастайды. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады», – деді халықтың арыз-шағымын тыңдаған Мұрат Әйтенов.
Сондай-ақ «Сәуле» шағынауданына қарасты 276-шы орамдағы жол мәселесі де биыл шешіледі. Алты көшеге тас төселіп, жарық пен ауызсу рет-ретімен тартылады.

– Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесі ерекше айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз, – деді тұрғындармен кездескен қала басшысы.  

Жалпы, бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі саналады.  

– Бастапқыда тіпті қара жол да болған жоқ. Электр желісін жұрт шама-шарқынша тартып алған еді. Ауызсуды тасып ішетінбіз. Қала аумағына еніп, суға жарыдық, – дейді орамның төбе биі Ережеп Шерметов. 

Бүгінде елді мекенге бағаналар тартылып, ауызсу мен жолдың құжаты әзірленген. Мұндағы ең өзекті мәселелер биыл шешілмек.  Кезінде тас төселмей қалған көшелер де тіркеуге алынуда. 

– Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, – деген қала басшысы осыдан 7-8 жыл бұрын Шымкенттің құрамына енген 41 елді мекеннің инфрақұрылым мәселесі қайта қаралатынын айтты.

Айтпақшы, Шымкенттегі №3 автоматты газ реттегіш стансасының құрылысы жоспар бойынша 2021 жылы аяқталуы тиіс еді. Қала әкімінің бастамасымен құрылыс биыл жыл соңында ел игілігіне тапсырылатын болды.

Б.ЕРНАЗАР,

Шымкент қаласы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?