Дәрігерлердің жанайқайы: Оны еститін құлақ бар ма?

Сайт Әкімшілігі - 28.05.2020973

Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың тәжтажалдан айыққан дәрігерлері үйреншікті жұмыс орнына орала алмады. Аталмыш емдеу мекемесінің қытайвирусты емдейтін инфекциялық стационар болып қайта құрылуы салдарынан көптеген тар шеңберлі мамандық иелері, атап айтқанда гинекологтар, окулистер, хирургтар, травматологтар және тағы басқалары жұмыссыз қалды. Бұл туралы орталық ауруханадағы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Гауһар Әміреева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  «Бізге осы қауіпті дерттен айығу үшін бір жарым ай қажет болды. Алайда, өкінішке қарай, барлығымыз бірдей оған қол жеткізе алмадық. Өліммен аяқталған қайғылы жағдайлар статистикасын өзіміз көп жылдан бері танитын, бағалайтын бір қызметкеріміз толықтырды. Біз бір жарым ай инфекциялық ауруханаларда арнайы  ем қабылдап, күн сайын теріс нәтиже келіп қалар деп үміттендік,  соны  тағатсыздана күттік. Қалыпты өмірге тезірек оралып, коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізіп жатқан әріптестеріміздің қатарын толықтыруға асықтық. Ал ауруханадан шыққан біз қандай жағдайға тап болдық? Сөйтсек, бізді күтіп отырған ешкім жоқ екен. Біздің көптеген әріптестерімізге жұмыс орны да табылмады. Өйткені тиісті бұйрық шығарылмастан, санаулы күннің ішінде біздің аурухананы қауіпті инфекцияны емдейтін стационарға лайықтап жіберіпті. Соның салдарынан көптеген мамандар қажетсіз болып қалды. Қазір біздің окулистер, гинекологтар, хирургтар, травматологтар және тағы басқа мамандарымыз жұмыссыз, ақшасыз, күнкөріске қажетті қаражатсыз қалды», – дейді ашынған дәрігер.

   Әмірееваның айтуынша, аурухана әкімшілігі мен денсаулық сақтау басқармасының басшылығы байланысқа шығар емес, дәрігерлер өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап таба алмай, мең-зең күй кешуде. Қалыптасқан жағдайға кімнің кінәлі және ары қарай не істеу керек екенін анықтау жөніндегі уәделер бос сөз күйінде қалуда. Уәде етілген комиссия мен оның жұмысының қорытындылары әлдеқашан шығарылып, құпия күйінде жатыр не болмаса мүлдем құрылған да, жұмыс істеген де жоқ сыңайлы. «Қазір кім айта алады, сол бақылау комиссиясы, оның жұмысының нәтижесі қайда, біз неге өзіміздің аурухананың табалдырығын тоздырып, жабық есіктерді қағуға тиіспіз? Өтемақы мәселесі де жабулы күйінде қалды. Сонда біз деніміз сау, жұмысқа қабілетті болған кезде ұйқыны, отбасын ұмытып, тәулік бойы жұмыс істегенде барлығына қажет болдық та, ал енді өзіміз көмекке мұқтаж болғанда мемлекет бізді сыртқа теппек пе?!
Медиктер өте шыдамды және еңбекқор халық, біз дау-дамай ашып, осындай қиын-қыстау кезеңде ел назарын өзімізге аударуға ұмтылудан аулақпыз, бірақ орын алып отырған жайт біздің басымыздағы жағдай туралы әлеуметтік желіге жазуға мәжбүрлеп отыр. Біздің сұрақтарымызға жауап беріңіздер, бізге диалог қажет. Лауазымды тұлғалардан тиісті шаралар қолдануды сұраймыз», – дейді сөзін тәмамдаған дәрігер.

   Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, «Орталық қалалық клиникалық ауруханада (ОҚКА) штаттық кестеге сәйкес, 1037 қызметкер еңбек етеді, олардың ішінде 852 адам – медициналық персонал (дәрігерлер – 248, медбикелер – 368, санитарлар – 236). Қазіргі таңда ОҚКА-да инфекциялық стационарда жұмыс істеуге келіскен 239 қызметкер еңбек етуде, олар сәуірдің соңынан, яғни үйдегі карантиннен шыққаннан бері (дертті жұқтыртпаған және дертке шалдыққандармен байланыста болған қызметкерлер), кезең-кезеңмен жұмысқа шығып жүрді. Олар жатын орынмен, көлікпен және тамақтанумен қамтамасыз етілген.

  Қоғам белсендісі, дәрігер Қайырғали Конеевтің айтуынша, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының істеп отырған әрекеті ақылға қонбайды. Медицина қызметкерлерін қорғаудың орнына басқарма басшылығының не істеп отырғанын адам түсінбейді. Мемлекет басшысының коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу туралы уәдесін айтпағанда, Еңбек кодексі бар, міне, сол құжатқа сәйкес, жұмыс беруші жоқ дегенде ең төменгі жәрдемақы төлеуге міндетті. Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы тарапынан әлеуетті жұмыс беруші, ОҚКА жұмысын бақылайтын өкілетті орган ретінде осы талап көпе-көрінеу бұзылып отыр. Осы орайда, медицина қызметкерлері өздерінің құқықтарын қорғауға мәжбүр. Медициналық биліктің осындай әрекеттері біздің басымызды қосып, ынтымағымызды арттыра түсуде. «Менің ойымша, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын коалицияны құратын күннің ауылы алыс емес сыңайлы. Қазір медицина қызметкерлері өздерінің құқықтарын ешкімнің қорғамайтынына көз жеткізіп отыр. Сондықтан болашақта олар осы мәселені шешудің жолдарын өздері іздейді. ОҚКА-да орын алған жағдай біздің денсаулық сақтау саласының трагедиясы. Медицина қызметкерлері мұндай көп мөлшерде дерт жұқтырмауы керек болатын. Бұл санитарлық қызмет, жалпы, денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жіберілген өрескел қателік. Міне, осы кемшіліктен біз дұрыс сабақ алуымыз керек. Мәселе – біреуді жазалап, тұқыртуда емес, болашақта осындай кемшіліктерге жол бермеуде», – дейді қоғам белсендісі.

  25 мамырда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевпен бірге Орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымымен бейне-конференц-байланыс режимінде кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге бөлім меңгерушілері мен мекеме директорының орынбасарын қосқанда, шамамен 30 адамдай қатысты.

  Басқосу барысында жұмысқа орналастыру, коронавирусқа қарсы күреске тартылған және аталмыш инфекцияны жұқтырған медицина қызметкерлеріне қосымша өтемақы төлеуді жүзеге асыру барысы жөніндегі  еңбек ұжымы көтерген мәселелер қарастырылды. ОҚКА бас дәрігері орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Гүлнар Құлқаеваның ағымдағы ахуал жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Мәселен, қазіргі таңда 10 қызметкер өз еркімен жұмыстан шыққан. 1 маусымға дейін қауіпті дерттен айыққан 143 қызметкер жұмысқа орналасуды күтіп отыр, ал маусымның 1-інен 15-іне дейін қалған қызметкерлер де жұмысқа шығуға дайын.

   Кездесуге қатысушылар карантин режимі аясында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  тарапынан еңбек құқығын одан ары реттеу шаралары жөніндегі тәсілдемелерді талқылады.  ОҚКА қызметкерлері үшін сағатпен жұмыс істеу кестесі белгіленген жансақтау бөлімі қызметкерлерін қоспағанда, 15 күннен тұратын вахталық жұмыс әдісі белгіленді.

 Бұдан бөлек, ОҚКА қызметкерлерін №4 ҚКА-ға, №7 ҚКА-ға, жедел жәрдемнің қалалық клиникалық ауруханасындағы бос лауазымдарға неғұрлым көбірек жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қарастырылатын болады. Атап айтарлығы, ОҚКА-ның жұмысқа орналастырылмаған қызметкерлеріне өндірістік іркіліс мерзіміне жергілікті бюджет есебінен орташа айлық еңбекақы төлеу жоспарланған.

  Үстеме өтемақы төлеу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, тізімдер дайындалып, жақын уақытта денсаулық сақтау министрлігінің арнайы тобы зерттеулерінің ресми қорытындылары күтілуде. Сол нәтижелерді ескере отырып, аталмыш мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады.

Қайрат МАТРЕКОВ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?