50 ауыл қандай су ішіп отыр?

Сайт Әкімшілігі - 28.05.2020403

Бүгінде шығыс өңірде ауылдарды ауызсумен қамту мақсатында бюджеттен қыруар қаражат бөлініп, халықтың игілігіне берілу жайы әрқилы орындалып жатқаны белгілі. Бір аудандарда бұл мәселенің оңтайлы шешілуі кешеуілдеп жатса, кейбір аудандарда жұмыстың жүйелі жүргізілмеуі салдарынан бөлінген қаражат нақты мақсатқа жұмсалмай, жұрттың жүйкесі құрып бітетіні де жасырын емес. «Таза ауызсу», «Ақ бұлақ» сияқты мемлекеттік маңызды бағдарламалардың орындалу барысы көбіне басшысына да байланысты екені аян. Қашанда өзектілігі күн тәртібінде тұратын осынау мәселенің түйіні дұрыс тарқатыла бастағанын Көкпекті ауданында орындалып жатқан істерден көруге болады. Көш басынан көрінген Көкпекті ауылдарына қарап, аудан әкімі Асхат Смайыловтың халық өмірінде рөлі зор мәселеге сергек қарайтынын аңғаруға болады. 

 Жалпы, Көкпекті ауданының аумағында 50 елді мекен (тұрғын саны –27 616 адам) бар. Халықтың орталықтандырылған ауызсумен қамтылу көрсеткіші – 62,5 пайыз. Нақты айтқанда, 50 елді мекеннің 26-сы орталықтандырылған болса, 24-і ауызсуды жергілікті су құбырларынан пайдаланады.

Ауданда халықты ауызсумен қамтудың екі тәсілмен жүргізілетіні де жұрт ойынан шыға бастаған. Тұрғын саны 50 адамға дейінгі шағын ауылдарға  блокты-модульді жүйе орнатылса, үлкен елді мекендерге су құбыры тартылған. 

Бүгінгі күні ауданның сегіз ауылында – Көкпекті, Самар, Ажа, Көкжайық, Құлынжон, Аққала, Үлкенбөкен, Көкжыра ауылдарында 2019 жылы басталған су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл тағы да төрт ауылға – Преображенка, Миролюбовка, Маринагорка, Үлгілімалшы ауылдарын сапалы, таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алына бастағаны қуантады.

Жоғарыда айтылған шағын ауылдарға блокты-модульді жүйе орнату өткен жылдан бастап қолданысқа енгізілген екен. Атап айтқанда, Ақсу, Қарағандыкөл, Жансары, Толағай сияқты нақты саны 12 ауылдың халқы бірнеше фильтрден өткізіп, тазалап жеткізетін  блокты-модульді жүйенің игілігіне кенеліп отыр. Биыл тағы да алты ауыл осы жүйе арқылы жеткізілетін таза судың рахатын көрмек. Әйгілі Толағай тауымен аты шыққан Ақтас ауылы, Өртеңтаудағы Ұзынбұлақ, Зайсан көлінің жағасындағы Нұра,  Сүлеймен, Қайыңды және Жаңажол ауылдарындағы әрбір үй сапалы ауызсуға сәтімен қол жеткізетін болады.


Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?