Іске рәйелдер ерлерден озып тұр

Сайт Әкімшілігі - 28.05.2020393

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  ел ішінде кәсіпкерлікпен айналысуға бейіл танытушыларға жол ашты.

Бұл бағыт бойынша іріктелген үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы аясында іскерлік тәсілінің қыр-сырын оқып үйренеді. Сонымен қатар, бизнес жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік алады. Мамандардың айтуынша, жоба ауыл мен қаладағы  жұмыссыздық мәселесін шешуге септігін тигізіп отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жанданған «Бастау бизнес» жобасы аймақтағы берекелі бағдарламаның бірі. Жоба басталғаннан  бері  3252 адам кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Былтыр өңір бойынша 3700 үміткерден өтініш түскен. Іріктеуден өткен  1141 тұрғын бизнес–тренингтерден дәріс алған. Олар халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті  бар тұлғалар мен ауылдық жерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар. Курсты тәмамдаған  783  азамат «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорының» ақшалай грантына ие болған. Бұдан бөлек, 3 үміткер «Еңбек» бағдарламасы арқылы 28 млн теңге несие алды.

Былтыр  «Бизнес Бастау» жобасы бойынша  біліктілігін көтергендер түрлі қаржы институттардан жалпы сомасы  392,4 млн теңгеге жуық несие иеленді. Кәсіпкерлік бағыттары мал шаруашылығы мен халыққа қызмет көрсету саласына қатысты. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес  қолдау бөлімінің басшысы  Меруерт Қасымованың айтуынша, өткен жылдың басында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыланған кәсіпкерлер қыркүйек айына дейін қаражаттарын толық игерген.

–Бұрындары жобаға қатысқандардың кейбіреуінде кепілдігі немесе кепілгері болмаған жағдайлар туындайтын. Кейінгі кезде мұндай кедергілер кездеспеді. Ескерерлік жәйт,  аталған  жобаға елдің сенім артып келеді. Курсқа қатысушылардың арасынан жоғарғы оқу орынында оқитын студенттен, зейнеткерлік жасқа жақындаған адамдарды кездестіруге болады, – дейді бөлім басшысы.

«Бастау Бизнес» жобасын бітірушілерге сертификат тапсырылады. Сонымен қатар, қаржылай емес қолдау операторы жобаға қатысушының несие немесе шағын несие алуы жөнінде өтінішін қарау туралы қолдау хат береді. Жобаның  жемісін көріп, бүгінде кәсібін ілгерлетіп отырған іскер жандарды  ауылдан көптеп кездестіруге болады. Мысалы Осокаров ауданының тұрғыны Яхия Мұхамедқашқари «Бастау Бизнес» жобасының алғашқы тыңдаушысы. Курстан алған білімін айғақтап,  бизнес-жобасын сәтті қорғап шықты. Ол «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» бөлінген  4 млн  теңгеге жеке кәсібін ашқан. Шаруашылықтың ерекшелігі, ірі қара өсіруге бағытталған. Өзгелер секілді алысқа ат арылтпай, өз ауылындағы  «Мадияр» шаруа қожалығының Еуропадан әкелген  сүтті бағыттағы 13 бас сиырын сатып алды.

–Зеңгі баба тұқымынан күніне 200-250 литр сүт алып отырмыз. Табиғи таза өнімдерімізді ауыл тұрғындары сатып алады. Теміртау қаласынан келетін тұтынушыларымыз да бар. Литрін 90 теңгеден сатып отырмыз. Бағаны жыл басынан бері  тұрақты ұстап  келеміз. Дегенмен, ірі қара малының азығы жылдан-жылға қымбаттап жатыр. Сондықтан, келешекте сиырларды бордақылап сатып, жылқы шаруашылығымен айналысуды ұйғарып отырмын, – дейді «Яхия» жанұялық жеке шаруашылықтың  қожайыны.

Құрылғанына 3 жылға жуықтаған шаруашылық тұрақты  салық  төлеушілердің  қатарында. Ауыл кәсіпкері жылына мемлекет қазынасына 1 млн теңге қаржы құйып отыр.

Бүтін бір әулеттің несібесін жеке кәсібінен айырып отырған Армангүл Өтегенова Молодежный ауданында тұратын  ең жас кәсіпкер. Жеке ісін 22 жасында ашқан. «Бастау Бизнес» жобасының шапағатын көріп, «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы 7 млн теңге несие  иемденген. Үйінің ауласына  ғимарат тұрғызып, бизнеске қажетті құрал-жабдық сатып алады. Осылайша, ауылдағы  шаруаға икемді 4 келіншекті жанына тартып, арнайы құрал-жабдықтармен жасақталған   кондитерлік цехтың жұмысын бастап кетеді. Алты айдың ішінде шығарған өнімінің өтімі күрт төмендеп, құлдыраудан аман қалады. Армангүл тұтынушылардың сұранысын дереу саралап, бизнес бағытын өзгертеді. Айналдырған  жарты айдың ішінде шағын цехты наубайхана айналдырады. Қазір тапқыр келіншек  нан-тоқаш өнімінің 10 түрін шығарып отыр. Мұндағы өнімдер аудан орталығындағы және көрші ауылдың дүкендеріне жіберіледі. Кәсіпкер қарамағындағы жұмысшылардың жалақысын уақытында төлейді. Ауылдағы қайырымдылық шараларға да қатысуды парыз санайды. Дегенмен, 25 жастағы кәсіпкер әуелгі мақсатын іске асыруды көздейді.

–Арманымның  жақынарада орындалуы екіталай. Себебі, кондиттер-технолог мамандағы бойынша білім алған жастардың ауылға келгісі жоқ, –дейді Армангүл.

Биыл да  аймақтың барлық аудандары мен шағын қалаларда «Atameken  Academy» платформасына сай оқыту курсы  қолға алынады. Қазіргі таңда 3 мың адамнан өтінім келіп түскен. Аймақтық кәсіпкерлер палатасы комиссиясының шешімімен, 1800 үміткер іріктеуден өтті. Тыңдаушыларға 10 маусымнан бастап кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған тегін курс өткізіледі. Бұл жолғы дәріс әлемдік пандемияға байланысты онлайн режимінде өтеді.

Меруерет Қасымова, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес  қолдау бөлімінің басшысы:

–Оқыту бағдарламасы 12 модульден тұрады. Сабақ  барысында аралық тестілеу өткіземіз. Егер тыңдаушы екі мәрте тестілеуде  шектік бал жинамаса, онда оқудан шығарылады. Мұндағы мақсатымыз – нарыққа сапалы дайындалған кәсіпкерлерді шығару. Біз тыңдаушыларға сату, өндіріс технологияларын меңгеру  секілді дағдыларына қатысты ілімді басымырақ беруді күшейту қажеттігін түсініп отырмыз. Оқытушы-тренингтеріміз алдағы дәрістерде мал бордақылау технологиясының қырын меңгеруді, сонымен қатар, өнімді өңдеу мен өндіру тетігін жаңаша шешудің тетігін  үйретіп оқытады. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіп ашуға ниет білдірушілердің шикізатты  табыс  көзіне айналдыруға септігін тигізбек.

Бір ескерерлігі, кеншілер өңірінде бизнес ашуға бейілді қыз-келіншектер қатары артып келеді. Аймақтағы 34 мыңнан аса орта және шағын кәсіпкерлік нысандарын әйелдер басқарып отыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен бизнес-жобалардың  40 пайызының авторы – нәзік жандар.  Соған қарағанда, жауапты қадамға ерлерден гөрі қыз-келіншектер батыл бәс тігетінін аңғаруға болады. Бәлкім, олардың арасынан күні ертең жылына миллиардтаған табыс табатын америкалық  бикештер секілді  табанды  әйелдер шықпасына кім кепіл?!


Айтбала Сүлейменқызы,

Қарағанды облысы.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?