Таразда 521 тұрғын үй жөндеуді қажет етеді

Сайт Әкімшілігі - 28.05.2020485

 Қазіргі таңда еліміздің қай өңірінде болсын тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру ең өзекті мәселенің бірі екені түсінікті. Бұл ретте Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар болса, бүгінде соның 521-і жөндеуді қажет етеді. Дегенмен Тараз қаласының тұрғын үй саласына жауапты мамандары қазір солардың 270-і жаңартылғанын айтады. 

 Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар тұрғын үйлердің сыртқы келбетімен, сондай-ақ жаңадан салынып жатқан №15 ықшамаудандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан еді. Сапарбаев қаладағы жұмыс сапарын облыс әкімдігінен шыққан бетте, жаяулап жолдың қарсы бетіне өтіп, орталық көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерден бастапты. Бұл бойынша білгеніміз – жақын күндері әкімдікке қарама-қарсы тұрған бес көпқабатты тұрғын үйдің сырт келбеті жаңарып, ол үшін біркелкі эскиздік жоба әзірленетін болыпты. «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге бұл үйлердің шатырлары қатты тозған. Осыған орай, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын ауыстыруға көмек беретін демеушілерді тарту керек», – деді Б.Сапарбаев.    

  Жалпы, биыл Таразда 80 үйге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3,3 миллиард теңге бөлініпті. Қазіргі таңда 41 үйге жөндеу жұмыстары басталған. Бұл шаруамен 13 құрылыс компаниясы айналысуда. Бағдарлама шеңберінде көпқабатты үйлердің шатырын ауыстыру, жертөлесін жөндеу, сондай-ақ кіреберістерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда, аталған құрылысты жүргізетін компанияны тұрғындар өздері таңдап, жұмыс барысын бақылай алатыны көңілге медеу болып тұр.

    Ал жаңа №15 ықшамаудандағы жұмыс барысы туралы құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров: «2017-19 жылдар аралығында бұл аумаққа жаңа тұрғын үйлер салуға 18,7 миллиард теңге жұмсалған болса, биыл тұрғын үй құрылысына 20,2 миллиард теңге қарастырылды», – деп бастады әңгімесін.

–  Бұған дейін осы жаңа шағынауданда 26 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 38 үйді тапсыру жоспарланып отыр. Жоба бойынша бұл шағынауданда 195 көпқабатты үй салынады. Бұдан бөлек, жаңадан төрт мектеп пен бес балабақша бой көтереді, – дейді құрылыс басқармасының басшысы.   


Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?