Ұжымдастырудың соңы аштыққа ұласты

Сайт Әкімшілігі - 29.05.20201422

   Саяси қуғын-сүргін ұғымы қазақ халқы үшін ерекше мағынаға ие. Бір жарым миллионнан астам қазақты жалмаған бұл зобалаң күні бүгінге дейін бітеу жараның аузын сыздатары анық. Сол кездегі солақай саясат халықты ашындырды, ашықтырды, еңбекшілерді материалдық игілігінен жұрдай етті. Ол кезеңде өзінің «кіші Қазан» идеясын жүзеге асырмақ болған Голощекин қазақтың тірлік-тұрмысына үңілмей жатып, халық шаруашылығының хал-ахуалын байыптамастан-ақ елді күштеп коллективтендіруге тырысып бақты. Мұның соңы қара халыққа қасірет шектірді.

                                              СОҚЫР САЯСАТ  

       1925 жылы V өлкелік партия конференциясында Голощекин «қазақ ауылдарында Кеңес өкіметінің шынайы қалыптаспағанын, қазақтарда тек байлардың үстемдігі мен ру билігі бар» екенін өз баяндамасында баса айтты. Міне, осыған байланысты «қазақты коллективтендіру керек» деген Голощекиннің ұсыныстары сол кезде қолдау тапты. Өзіне билік берілгеннен кейін, Голощекин ұжымдастыру саясатын бастап та кетті.

 Бұл ұжымдастырудың сауатсыз, соқыр саясат екенін сол кездегі халықтың қалаулы азаматтары нақпа-нақ дәлелдеді де. Мәселен, Голощекиннің ұжымдастыру саясаты жөнінде Тұрар Рысқұлов Сталинге жазған хатында мынадай деректерді мысал еткен: «Ұжымдастыру жылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан 313 мың адам; 1931 жылы аштықтан 755 мың адам; 1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызын жоғалттық. Жиыны – 1 млн 750 мың адам. 1 миллионнан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-33 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 миллионы өлді. 1929 жылы Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 жылы тек 4,5 млн ғана қалды».

            ТАҒЫ БІР ДЕРЕК

Жалпы, ұжымдастыру барысында 1928-29 жылдары республика шаруашылығының 2 пайызы ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы сәуірде шаруашылықтардың 56,4 пайызы, 1931 жығы қазанда 69 пайызы ұжымдастырылды. Жедел әрі жоспарсыз жүргізілген ұжымдастыру науқаны ауылшаруашылық өнімдері  сапасының төмендеуіне, мал басының жаппай етке өткізілуіне, шолақ белсенділердің кедейлерге зорлық-зомбылық көрсетуіне әкеп соқтырды. 1928-30 жылдары Қазақстанда, әсіресе солтүстіктегі аудандарда егін шықпай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал 1929-30 жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Ал астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді.

                               САЛЫҚ ТА ҚАМЫТ БОЛДЫ

 Бұған қоса, 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның халық комиссарлар кеңесі мен орталық атқару комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдарды конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал салық ретінде алынды. Десек те, мұндай салық салудан қара халық та қалтарыста қалмады. Мысалы, 1931-32 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80 пайызы халықтан салық ретінде алынып, етке өткізілген. Бір ғана Балқаш ауданының халқына 297 мың бас малға салық салынса, ал аудандағы барлық мал басы 173 мың ғана болған. Сондай-ақ Торғайдағы 1 млн малдың 98 мың басы ғана қалған.

 Бұл жайында  бізге өзіндік пікір білдірген, қазірде осы мәселені зерттеп жүрген  ғалым Жанарбек Әбдімәліков былай деді: «Халыққа орынсыз салық салудың ақыры ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» ең әуелі малын, сосын, еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге бағыт алды. Науқанның қорытындысы бойынша, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда, салық ретінде 145 мыңдай бас мал және ауылшаруашылық саймандары тартып алынды. Салықтан алынған мал мен құрал-сайманға ие болған кедейлер ауылдағы орташалар тобы қатарына көтерілуі керек еді. Дегенмен бұл саясат еш нәтиже бермеді. Керісінше, салық халыққа қамыт болып, елді ауыр тұрмысқа жетеледі».

                     ХАЛЫҚ ЖЕРІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

     Сол жылдары ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылдық жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. «25 мыңдықшылар» деп аталған ұжымдастырушы топ Мәскеу, Ленинград сияқты орталықтардан жіберілді. Ұжымдастыру барысында көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар ешкімді тыңдамай, жан-жаққа қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылық республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

 Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалығы республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Мұның соңы қазақты шұрайлы жерінен айыруға дейін апарып соқты. Бұл жайында кезінде Жанарбек Әбдімәліков: «Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалыстар өтті. Осыдан барып мемлекеттік меншік нығайып, шаруалар жерден шеттетілді. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді», – дейді.  

Осылайша сауатсыз әрі орашолақ басталған бастама тұтас бір ұлтқа нәубет азабын тарттырды. Әрине, ол кезеңдері Голощекин өзінің бүкіл сәтсіздігін қазақ коммунистеріне аударуға тырысып бақты. Ол қазақ коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, ұлтшыл уклонистер қатарына да жатқызды. Ал, ақиқатында, қазақ арыстары қазақтың болашағын ойлады, ел іргесін күйретпеуге барын салды.

 Бүгінде біз ерен ерлердің сол нәубет жылдары қара басын емес, халық қамын ойлағанын мақтанышпен сезініп, әрдайым жадымызда түюге тиіспіз.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?