Нәубет

Сайт Әкімшілігі - 29.05.2020965

    «Мың өліп, мың тірілген қазақ». Осы сөзде өзекті тіліп жіберерлік ащы шындық жатқаны белгілі. «Сақалына сары шіркей ұялап, қазақтың басы қайда қалмаған?!» (Ақтамберді), бұл да ақиқат дүние. Қазақ қазақ болып шаңырақ көтергелі сүйегі қайда шашылып қалмады?! Хандық дәуірдің алғашқы кезеңіндегі елді сақтап қалу, жерді кеңейту  һәм жарағын сайлап келген сыртқы басқыншыларға төтеп беру үшін жүз мыңдаған боздақ жер жастанды. Алаш  баласы  «Қара қазан, сары баланың қамы» үшін жан берді, жан алысты. Қырылды, қырды. Бірақ «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш!» деп атойлап жүріп, елдігін сақтап қалды. «Жүзжылдық шайқас» деген тарихи атауға дөп келетін жоңғар шапқыншылығы, «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезінде қазақтың үштен екісі опат болды.

  Одан бергі ат үстінде атойлап өткен заман, 1916 жылғы топалаң,1918-20  жылдардағы  азамат соғысы, 1921-22 жылдардағы аштық, 1928-29 жылдардағы тәркілеу, ұжымдастыру, үркіншілік жылдар, 1931-32 жылдардағы аштық, 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін – осының бәрі исі қазақты баудай түсірді. Мәйегін отап кетті. Бүгінгі тарихшылар мен саясаттанушылардың есебінше, 1930 жылдың жаз айынан 1933 жылдың жазына дейін 3 379 500 қазақ ашаршылық құрбаны болған. Бұның 1 миллионнан астамы көрші елдерге босып кеткендердің қатарына жатады. Демек, 2 миллион 200 мың адам аштан қырылды. Бұған 1921-22 жылдардағы аштық құрбандарын қосыңыз. Онда 1,5 миллион адам шейіт болды. 1937-38 жылдары 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың 25 мыңы атылып кете барды. Атылғандардың дені исі қазақтың беткеұстар, көшбастаушы, ағартушы, ұлттың көсемі болуға лайық Алаштың арда ұлдары еді.

 Бірақ қанша зұлмат болса да, тағдырдың қыл көпірінен аман өткен қазақ түп-тұқиянымен қырылып кетпеді. Уақыт өте келе етек-жеңін жиды, іргелі де бостан ел атанды. Бірақ қилы кезеңдер, тар жол, тайғақ кешулер қазақтың жадында ақтаңдақ болып мәңгі қалды. 1997 жылы елбасы   Нұрсұлтан  Назарбаев  «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» ретінде жариялады. Содан бері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың азалы күні болып саналып келеді.

  «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген. Бірақ біз сол бір қасіретті жылдарды қалай еске алып келеміз?! Өткенін әспеттеп, жас ұрпақтың жадына құйып жатқан анау жебірейлер мен украиндардан сабақ ала алдық па? 1931-32 жылдардағы қазақтың басына төнген нәубет кеңестік елдің құрамында отырған украиндарды да айналып өтпеді. Ол елдің тарихшыларының есебі бойынша,  6-11 миллиондай адам аштықтан шейіт болды. Холокост қырғынында фашистердің қолынан 6 миллионға тарта жебірей жойылды. Екі ел де әлемге жар салды. Ұлттың басынан кешкен нәубетке тарихи баға беруін сұрады. Олары орындалды да. Жебірейлер ұлтын ойсыратып кеткен зұлматты еске түсіретіндей «Яд ва Шем» атты үлкен ескерткіш кешенін тұрғызды. Украиндар да олардан кейін қалған жоқ. Ел астанасының ортасынан ойып тұрып аштық құрбандарына арнап іргелі ескерткіш орнатты. Өткенге құрмет деген – осы. Бұл аз десеңіз, поляктар 1940 жылы НКВД-ның қолымен атылып кеткен 21 мың поляк әскериін еске алу үшін Ресейдің Смоленск шаһарының түбіндегі Катынь елді мекенінде ескерткіш орнатып, жыл сайын азалы күнді еске алу үшін алыстан ат арытып келіп, мінәжат етіп жатады.

    Ал біз ше?  Неге 1931-32 жылдардағы  аштықты   геноцид  деп  атауға  қорқамыз? Өз  құқымыз  өз  қолымыздағы  тәуелсіз мемлекет емеспіз бе? Кім бөгет?  Ел  парламенті осы  мәселені  көтеріп, ашаршылық кезеңді  ел басына  төнген  нәубет  ретінде танып, арнайы  заң шығарып, оны  БҰҰ-ға жолдауы керек еді. Сөйтіп, қызыл  империяның қазақ халқына  қарсы жасаған қылмысын әлемге әшкерелеу  керек-ті. Алайда әлі күнге  үнсіз.  Тіпті әлі  мемлекет тарапынан тарихи  баға да  берілген  жоқ.  Өкінішті.

  Тағы бір  басын ашып алатын дүние, ол – 31 мамырдың атауы. Бұл күн Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп аталады. Шынтуайтына келсек,  1921-22 жж. және 1931-32 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін екеуі екі бөлек дүние емес пе?! Екеуін біріктіргенде ұтарымыз не? Жалпы, 31 мамыр деген қайдан шыққан? Ол күні не болып еді? Ешкім білмейді, аштық пен қуғын-сүргінді зерттеп жүрген тарихшылар да тап басып айтып бере алмайды.

    Белгілі алаштанушы  ғалым Тұрсын Жұртбай былай дейді: «Бұл кезеңдерге біз жеке-жеке баға беруіміз керек. Осы уақытқа дейін жалпылама айдар тағумен, ортақ баға берумен келдік. Ал қазақ тарихын шын білгіміз келсе, әр оқиғаға жеке баға беріліп, анықталып, айқындалып тұру керек. Егер де бүгін анықталмаса, келер ұрпақ одан мүлде хабарсыз қалады. Сайып келгенде, 1921-22 жж. және 1931-32 жылдардағы ашаршылық бұл мүлде жеке баға алуға тиісті. Өйткені мұнда қасірет шеккен тек қана қазақ ұлты. Егер де ашаршылық тұтастай Қазақстанда орнайтын болса, онда сол кезде не бір украин, не бір орыс, не бір еуропалық ұлт аштан неге өлмеді? Неге нәубет тек қазақ ұлтының басына төнді? Себептері қандай? Біз ұлтты осы тұрғыдан жоқтауымыз керек», – десе, тарихшы-ғалым Талас Омарбеков ойын былай өрбітті: «Не үшін 31 мамыр алынды, оны білмедім. Ол күні ашаршылық не болмаса саяси қуғын-сүргін көргендерге байланысты ешқандай қаулы шыққан жоқ. Ол күні ешкім атылған да жоқ. Бір белгілі жайт, алғашында Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні деп емес, Ашаршылық құрбандары күні деп жариялаған. Бұл қисынға келетін еді. Артынан бұл атауды өзгертіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандары деп атап кетті. Шын мәнінде екі түрлі нәрсені шатастырған. Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні деп, ақпан айын алу керек еді. Сол айда 18 нарком атылған болатын. Ашаршылық құрбандары Кеңес өкіметінің әлеуметтік-аграрлық реформасының салдарынан қырылған. Ал қуғын-сүргін құрбандары 58-ші, 111-ші, 102-баппен атылған адамдар. Оларды ашаршылық құрбандарымен

шатастыруға болмайды. Сондықтан екеуіне екі күн белгіленгені жөн».

    Қалай айтсақ та, 1921-22 жж. және 1931-32 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңдері исі қазақтың жадынан шыға қоймасы хақ. Еш уақытта ұмытылмайтыны да  белгілі. Бәлкім, «Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарының  тізімі» деп аталатын  қасірет кітабын даярлайтын күн де жеткен сияқты. Онда аштық пен  қуғын-сүргінге ұшырап,  шейіт болғандардың есім сойлары  жазылса,  құба-құп  болар еді.

Күлтегін-БЕК,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?