Ол «Лениншіл жасқа» ғашық еді...

Сайт Әкімшілігі - 04.06.20202476

                              

 1972  жылы Жамбыл облысының Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде жауапты хатшы болып жүргенмін. Жазға салым еңбек демалысымды алып, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Емтихандардың барлығынан өтіп, бірақ жарты балл жетпей қалғандықтан, сырттай оқу бөліміне  түстім. Алайда бірінші курстан соң, денсаулығыма байланысты академиялық демалыс алдым.

 Екінші курсты 1973 жылы түскен студенттермен бірге жалғастыруға тура келді. Бұл курс студенттерінің дені аудандық, облыстық газеттерде, түрлі мекемелерде жұмыс істейтін өзім құралпы жастар екен. Араларында ересектері де бар. Мен 4-курста «Лениншіл жас» газетіне корректор болып қабылдандым. Кейін тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқардым. Өкінішке қарай, бір кездегі курстастардың біразы бүгінде жоқ.  Солардың бірі – белгілі журналист, үлкен жүректі азамат Нұрлыбай Омаров. Нұрекеңмен  студент кездегі достығымыз былтырғы маусым айына дейін жалғасты.  Марқұм құрдас болсақ та, атымды атамай, «Қақа» дейтін, «сіз» деп сөйлейтін. Сол Нұрлыбай көзі жұмылғанша «Лениншіл жас» газетіне ғашық болып кетті.

  Мен «Лениншіл жаста» 19 жыл,  1997 жылы «Заң газетіне» бас редакторлыққа  тағайындалғанша  жұмыс істедім. Нұрлыбай дос ауданда түрлі қызметте жүрді. Үнемі хабарласып тұрдық. Сонда «Лениншіл жаста» істейтін журналистердің арманы жоқ қой, шіркін! Осы арманыма жете алмай-ақ қойдым» дейтін-ді. Сонда деймін-ау, Нұрекеңді ретін тауып газетке орналастыруға да болатын еді. «Неге солай жасамадым екен?» деп, аздап өкініп те қаламын. «Жаратқаннан бұйрық болмады ғой» деп өзімді өзім жұбатқан боламын. Бірақ Нұрекеңнің сол кездердегі очерк, мақалаларын тоқтатпай шығарып тұрдым. Шағын хабары шықса да, желпініп телефонмен алғыс айтатын. «Лениншіл жаста» қызмет істемесе де, сонда шыққан мақалаларын көңіліне медеу тұтып, еңсесін көтеріп жүруші еді.

  1997 жылы Нұрлыбай дос жұмысынан босап қалды. Көре алмайтын біреулердің кесірінен қызметінен кетті. Ол кезде менің «Заң газетіне» бас редактор болып тағайындалғаныма екі ай уақыт болған еді. Құттықтап хабарласқан болатын. Бір күні таңертеңгісін телефон шалды. Алматыға келіпті. Жолығып, өткен-кеткенді айтып шүйіркелесіп жатырмыз. Сөз арасында жұмыстан босап қалғанын айтты. Сол күні түстен кейін Нұрлыбай Омаров досымызға  «Заң газетінің» Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі» деген бұйрық шығарып, Нұрекеңді редакция ұжымымен таныстырдым. Сол жылдар аралығында бас редакторлықпен қоса, «Заң» АҚ  президенті болған едім. Сол кездері Нұрлыбайдың келіншегі Бақытты да  Астанадағы филиалға жұмысқа қабылдадым. Мен басқа жұмысқа ауыссам да, Нұрекең өз қызметін жалғастыра берді.

  Өте еңбекқор,  қаламы ұшқыр журналист еді. Сондықтан да «Заң газетінде» басшылық ауысса да, ол ауыспады. Зейнетке шыққан соң да, денсаулығы сыр бергенше жұмысын тоқтатпады. 18 жылғы абыройлы еңбегі ескеріліп, жоғарғы соттың, прокуратура, басқа да мекемелердің құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды.  Жаны жайсаң, парасат-пайымы биік Нұрлыбай досқа  Жаратқан иеміз Бақыт есімді адал да ақылды жарды кезіктіріп, екеуі білімді де тәрбиелі ұл-қыздарды өсірді. Әттеген-айы, сол Нұрекең былтыр көз жұмды. Отыз сегіз жыл отасқан келіншегі Бақытты өмірінің соңына дейін еркелетіп Бақош деп өтті. Біз де солай атаймыз. Перзенттері еліміздің өркендеп-өсуі жолында еңбек етуде.

  Жақында Нұр-Сұлтан қаласынан Бақыт телефон соқты. Әрдайым сартылдап тұратын даусында бір діріл бар. Нұрлыбайды әлі де болса өлімге қимай тұрғаны сезіліп-ақ тұр. Амандықтан соң: «Өзіңіз білесіз, Нұрлыбай сізді жанындай жақсы көруші еді. Төсек тартып қалғанша, тіпті көзі жұмылғанша ел-жұртына адал болды. Журналист мамандығын жоғары бағалап өтті. Сіз көп жылдар «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Заң газеттерінде» жұмыс істедіңіз. Осының ішінде Нұрекең  сізді «Жас Алаш» газетінде қызмет істеген уақыттарыңызды ерекше бағалаушы еді. Өзі жас кезінен «Лениншіл жасқа» – «Жас Алашқа» өлердей ғашық болды.  «Шіркін-ай,  «Жас Алашта» қызмет істейтін журналистің арманы жоқ шығар» деп отырушы еді. «Бұл ғашықтығымды кейін естеліктерімде жазармын» дейтін еді. Ол арманына да жете алмай кетті. Қайнаға, Нұрекеңнің сол бір арманын «Жас Алашқа» сіз жеткізіңізші», – деп Бақыт телефон тұтқасын қоя салды.

  Бұл шағын мақаланың жазылу тарихы осылай еді. Адал жардың өтінішін  орындамауға арым жетпеді. Ол тірі болғанда «Жас Алаштың» 100 жылдығын міндетті түрде бірге атап өтер едік.  Амал қанша...


Қасым ӘЗІМХАН,

«Құрмет» орденінің иегері,

Қазақстанның құрметті журналисі,

Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?