2023 жылы инфляция баяулай ма?!

Сайт әкімшілігі

30.11.2022, 09:21

1829

Еуразиялық даму банкі сарапшыларының дерегінше алдағы жылы Қазақстанда инфляция біршама баялайды. Соның негізінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені біршама төмендетуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz Еуразиялық даму банкінің 2023 жылға арналған Макроэкономикалық болжамдарына сілтеме жасап.

Банк сарапшыларының пайымдауынша ғаламдық экономикада қазір негізгі үш тенденция бар. Біріншісі, 1970 жылдан бері тек биыл байқалған жоғары инфляция көрсеткіші. Екіншісі, орталық банктердің пайыздық мөлшерлелерді барынша көтеруі, үшіншіден, әлем бойынша іскери белсенділіктің төмендеуі. Әлем бойынша орталық банктер болашақта бағаларды бақылаудан шығарып алмау үшін экономикалық өсімді баяулатуға мәжбүр. 

Қаржы ұйымы банкке қатысушы елдердің экономикалық құлдырауы жыл соңында 2,3% болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған негізінен Ресей мен Беларусь ЖІӨ-нің 3% және 4,6% қысқаруы ықпал етпек. Ал, Орта Азия елдері мен Арменияның экономикасы ішкі сұраныстың артуы мен экспорт тауарлары бағасының көтерілуіне байланысты өсім көрсетеді деп болжанып отыр. Жыл соңында ЖІӨ бойынша көрсеткіштер Арменияда 12,5%, Қазақстан — 2,8%, Қырғызстанда — 3,1%, Тәжікстанда — 7,5% болады деп күтіледі.

2023 жылы санкцияларға бейімделген Ресейде экономикалық құлдырау 2%-ке дейін баяулайды, ал Беларусь экономикасы 0,3% өсім көрсетуі мүмкін. Дегенмен, бұл елдер санкцияның зардабынан және белгісіздіктен іскери белсенділікті шектейді. Банк болжамынша Ресей экономикасы 2024 жылы тек 1,5% өсуі мүмкін. 

Банк сарапшыларының Қазақстанға қатысты болжамдары жаман емес, дегенмен сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері ел экономикасына әсер етпей қоймайды. 2023 жылы еліміз 4,2%-ға дейін, 2024 жылы 4,4% экономикалық өсім көрсетеді деп болжанып отыр. Үкіметтің экономиканы қолдау шаралары мен өндіріс қуатының артуы көрсеткіштердің алға жылжуына ықпал етпек. Дегенмен, 2023 жылы аймақта ең жоғары өсім Тәжікстанның еншісінде болуы мүмкін, 6,5%, Армения — 4,2%, Қырғызстан — 3,5% өсім көрсетеді деген болжам бар. 

Банк сарапшылары Қазақстанда инфляция 2023 жылы 7,8%-ға баяулайды деп болжайды. Ал, балама жүк тасымалы жолдарын ашу 2024 жылы тұтыну бағаларының өсімін 4-6% деңгейінде баяулауына ықпал етпек. Алдағы жылы Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторы Теңіз кен орнындағы жаңа мұнай кен орнын іске қосумен тікелей байланысты болады. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформа да жемісін бермек. 2024 жылы Теңіз кен орнында модернизациядан өткен мұнай өндіру құрылғыларының арқасында экономикалық өсім арта түсуі мүмкін. Сонымен қатар, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетуі экономиканы несиелендіруге ықпал етеді, бұл да өз кезегінде экономикалық белсенділікті арттыра түспек. 

Алайда Еуразия даму банкі сарапшыларының болжамынша алдағы жылы елімізде доллар бағамы 486 теңге шамасында, ал 2024 жылы тіпті 496 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Оған негізінен импорт көлемінің артуы ықпал етеді. 

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07:23
Қайдасың, инвестор?
Бифат ЕЛТАЕВА 02.02.2023, 15:43
Банкрот болдым, мінеки...
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 31.01.2023, 12:02
Субсидияның сарсаңы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 31.01.2023, 07:52
Зейнетақы қоры «банкомат» емес...
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:40
Заңсыз майнерлерден 200 мың теңге криптовалюта тәркіленді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 27.01.2023, 06:49
Сайлау: Теңгені тежеп «ойнау» қаншалықты тиімді?

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16