3,7 млн. гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

04.07.2019, 19:43

146

Біздіңхалқымыздың 43 пайызы ауыл тұрғындары болса, жер көлемі жағынан еліміз әлемдетоғызыншы орында тұр. Байлық көзі еңбек пен Жер-ана деген қағиданы ескерсек,басты мақсат — ауыл тұрғындарын нәтижелі еңбекпен қамтамасыз ету, жерді ұтымдыпайдалануға қол жеткізу болу керек.

2016-2018жылдары республикада мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан 7,6 млн. гектар ауыл шаруашылығыжерлері (оныңішінде егістік – 2,0 млн. гектар, жайылымдар – 5,5 млн. гектар) анықталды.Қабылданған шаралардың арқасында 2,0млн. гектар жерді жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жерпайдаланушылар игере бастады, 3,7 млн.гектар мемлекет меншігіне қайтарылды, оның ішінде 3,0 млн. гектар ауыл шаруашылығыайналымына тартылды және 0,7 млн. гектарды бүгінгі күні ауыл шаруашылығынатарту жұмыстары жүргізілуде. Қалған 1,9млн. гектар жер бойынша жергілікті атқарушы органдар белгіленгентәртіппен мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдауда.

Енді жұмыспенқамтамасыз ету және ҚазАгро холдингініңкредиттік өнімдерін іске асыру есебінен ауыл халқының табысын арттырубойынша қабылданып жатқан шараларға келсек, 2018 жылдың қорытындысы бойыншасаланы ҚазАгроның еншілес компаниялары арқылы қаржыландырудың жалпы көлемі 400 млрд. теңгені құрады, бұл –Холдинг жұмыс істеп келе жатқан жылдар ішінде әлі болып көрмеген көлем.

Осы көлемнің 96 пайызы (немесе 385 млрд. теңгесі)кредиттер мен лизингке (ұзақ мерзімдіқарыздардың үлесі – 90 пайыз) жұмсалды. Шамамен 20 мың кредит берілді.Бұл ретте, кредиттердің 98 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінеберілді.

Тек «Еңбек»бағдарламасының шеңберінде өткен жылы микрокредит беруге 44,7 млрд. теңгебөлінді. Нәтижесінде 12 мыңнан астамадам жұмыспен қамтылды, 12 613 микрокредит берілді. 2019 жылы микрокредит беруге 44,7млрд. теңге көзделіп отыр. Бүгінгі күнге дейін 7,7 млрд. теңгеге (14,6 пайызы) 1 749 микрокредит берілді, 1 851 адам жұмыспен қамтылды.

Фото: zhasalash.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 12:42
Теңге бағамын ұстау Ұлттық банкке қымбатқа түсіп тұр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:02
Триллиондарды жұтқан министрлік тұралап тұр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 30.11.2021, 09:10
Қой көрмеген қуалап өлтіреді
Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 14:00
Доллар қайта қымбаттады
Сайт әкімшілігі 29.11.2021, 11:02
Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгеге жетті
Оразәлі СӘБДЕН 29.11.2021, 08:15
Әлеуметтік инновацияны дамыту идеясы

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00