4 мың жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды

Сайт әкімшілігі

13.12.2020, 16:10

721

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орта және ірі бизнес субъектілерінің басшыларымен кездесуінде «Биылғы жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Бұл сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі» деп атап өтті.

«Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетті. Өйткені, бірінші кезектегі міндет жұмыссыздықтың ұлғаюуына жол бермеу болды. Керісінше, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде бір жыл ішінде жұмыс орындары санының артқаны байқалды. Сіздерді осы бағытта жұмыстарыңызды жалғастыра түсуге шақырамын. Жалақы мен сыйақы уақытылы төленуі тиіс»,- деді облыс әкімі кәсіпорын басшыларына.

Өз кезегінде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл филиалының директоры Үмітбек Рысбеков ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Компания жыл сайын қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп отырады десек, пандемияға қарамастан жалақыны өсіру үрдісі биыл да жалғасын тапқан.

Сонымен қатар «Рысбаева и К» ЖШС көп жылдан бері өңірдегі табысты кәсіпорындардың бірі болып келеді. «Бүгінде компания өз қуаттылығын арттыруда, оған кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр. Қазір біздің кәсіпорын кеңейе түсті. Өз мектебіміз және шаруа қожалығымыз бар. Біз осыған дейін мемлекеттік қазынаға 201 миллион теңге салық аударымдарын түсірдік. Ең бастысы – бір де бір қызметкердің қысқаруына жол бермедік», — деп атап өтті компания директоры Сәуле Рысбаева.

Ал, еңбек инспекциясының басшысы Қайрат Досаев еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы туралы тілге тиек етті.

— Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас ведомствоның үнемі бақылауында. Ағымдағы жылдың басынан бері облыста еңбек жанжалдары орын алған жоқ. Еңбек қатынастары саласындағы жағдай тұрақты. «Ыстық нүкте» картасы әзірленді десек, оған 45 кәсіпорын енгізіліп, бақылауға алынды. Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда 454,9 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек анықталған болатын. Бүгінгі таңда ол толық өндірілді. Осылайша, 4 мың жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды, — деп атап өтті Қ.Досаев.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер көбіне еңбек заңнамасының қарапайым талаптарын сақтамайды, ол өз кезегінде қызметкерлердің шағымдарының тууына әкеп соғады. Көбінесе, бұл қызметкерлерді демалыс, мереке және түнгі уақытта жұмысқа тартуға, тиісті өтемақыны төлемеуге қатысты.

Айта кетейік, өңірдегі 70 ірі және орта кәсіпорынның 41-і 19,3 мың жұмысшының жалақысын орта есеппен 26 пайызға көтерген. Қалған кәсіпорындардың басшылары қаржы-экономикалық жағдай тұрақтанса, жалақыны көтеру мәселесін қарастыратындықтарын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 10:56
«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:18
Батпаққа баттық, үкіметтің не ойлағаны бар?!
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 13:04
Жалақысы ең төмен өңірлер аталды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 10:25
Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.04.2021, 09:28
Монополистерге тыйым бар ма, олар халықты қашанғы тонайды?!
Б.ЕРНАЗАР 15.04.2021, 13:19
Қазақ-өзбек қатынасы жаңа белеске көтерілді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08