60 отбасы Ата заңымыздың 25 жылдығы қарсаңында баспаналы болды.

Сайт әкімшілігі

07.09.2020, 04:54

297

Еңбекшіқазақ ауданында 60 отбасы Ата заңымыздың 25 жылдығы  қарсаңында баспаналы болды.

Есік қаласының 4-шағын  ауданында орналасқан көп қабатты үйдің кілттерін аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев табыс етті.

Ауданның тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың бүгінгі күні 24-іне пәтер кілттері табысталған болса, қалған 36-сы жақын арада комиссия шешімімен тапсырылатын болады.

Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылар және жетім балалар бар.

Баспана құрылысына мемлекеттік бюджеттен 709 миллион теңге бөлінді.

Көп қабатты үйдің маңында 3 мектеп, аудандық аурухана, полиция бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) және басқа да мемлекеттік мекемелер жақын орналасқан.

«Ауданда көп балалы отбасылар санатынан, жетім балалардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтардан, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен тұрғын үй кезегінде жалпы саны 2581 адам кезекте тұр. Бүгінгі таңда 30 көпқабатты екі тұрғын үй салынуда, алдағы жылдары 180 отбасыға арналған 3 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда»- деді аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев.

Ақпаратты ұсынған Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Тегтер: баспана тұрғын үй мектеп аурухана халыққа қызмет көрсету

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 19.01.2021, 14:35
Баспана қашанға дейін қазақтың бас қайғысы бола бермек?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 12:06
Қазақстанда баспана 15 пайызға қымбаттайды деп болжанды
Шыңғыс АТАЙ 15.01.2021, 09:32
Бізден бәсекелестіктің иісі де шықпайды
Қарлығаш Зарыққанқызы 14.01.2021, 10:43
Халықтың ашқұрсақ екенін мойындайтын кезең жетті
Оразәлі СӘБДЕН,академик 14.01.2021, 09:37
Бюрократиялық, автократиялық шикізат елі
Қарлығаш Зарыққанқызы 07.01.2021, 09:53
Үкімет қазақтың күнкөрісін неге 42 500 теңгеге байлап отыр?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30