7 млрд теңге: «Ауыл – ел бесігі» Алматы облысында

29.04.2019, 23:51

38

Алматы облысында инженерлік инфрақұрылым бойынша 43 жоба іске аспақ. Оған 7 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылыпты. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында айтты.

Баталов бұл шаруалардың «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқанын, нәтижесінде өңірде дене шынықтыру кешендері, аудандық ауруханалар жаңадан салынып, білім беру нысандарыы, су және жылу мен жабдықтау құбырлары, кәріз құбыры күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, абаттандыру және сапасы нашар жолдарды жақсарту бойынша 31 жоба іске аспақ.

Жалпы, Алматыоблысында 732 ауыл және елдімекен бар. Облыс халқының 80%-ы ауылдық жерлердетұратынын ескерсек, ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдай мен саламатты өмірсалтын ұстануға және өзге де өмір сүру сапасын жақсартатын нысандар салу бастыназарда ұсталынуға тиіс. Әрине, облыстың негізгі бағыты – ауылшаруашылығы саласында.Дегенмен, ауылдарды тек өндіріс ошағы ретінде ғана қарауға болмайтыны анық. Ауылдатұратын халық қаладағылардан кем өмір сүрсін, мәдениетке қалаға келген соң ғанажетілсін деген заң еш жерде жазылмаған. Сондықтан, «Ауыл – ел бесігі»мемлекеттік бағдарламасы әшейін цифрлардың астында қалып кетпей, өз деңгейіндеорындалса Алматы облысы үшін үлкен жетістік болары хақ.

Үкіметотырысындағы баяндамасында әкім атқарып жатқан шаруалар жайынан мынадай дереккелтірді:

«Ауыл – елбесігі» бағдарламасы шеңберінде облыста 7 млрд теңгеге 7 аудан орталығын қамтиотырып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу бойынша 43 жобаны іскеасыру жоспарланды. Оның ішінде жергілікті бюджетпен қоса қаржыландырудыңсаны 1,5 млрд теңге. Бұл іс жүзінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымныңбарлық бағыттарын жөндеу мен құрылыстарды қамтуға мүмкіндік береді. 4 денешынықтыру кешені салынып, 2 аудандық аурухана салынады, 6 білім беру нысаны,су, жылу мен жабдықтау, кәріз құбыры, абаттандыру және кемшілік жолдар бойынша31 нысан жөнделеді».  

Дегенмен, бір нәрсеніайтпай кетуге болмайды, «ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталмай тұрып таоблыстың 80 пайыз халқы аш-жалаңаш жүрді деуге болмайды. Сондықтан, ауылдықжерлерде бұл бағдарламадан тыс та арнайы жобалар жасалып, шаруалар істеліпжатыр. Әкімнің айтуынша, 13,3 млрд теңгеге 63 жоба іске асырылуда.

«Оның ішіндереспублика бюджетінен 6,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 7,2 млрд теңгеқарастырылған. Сонымен қатар, инвесторларды тарту бойынша жұмыстаржүргізілуде. Мысалы, Сингапурлық «ALACEM» компаниясы Сарыөзек ауылында 47 млрдтеңгеге қуаттылығы жылына 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысынжүргізуде. Онда 360 жаңа жұмыс орны ашылады. Шонжы ауылында жыл соңына дейінжылына 30 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы қалпына келтіріледі. Ауылтұрғындарының мыңға жуығы жұмыс орнына қайтып келеді», — деді Амандық Баталов.

Атаулы бағдарлама ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Ал, Баталов мырза бұл мәселе бойынша алдымен аудан орталықтарын дамытуға және оларды өсу нүктелеріне айналдыруға күш салмақ. Бұл тарапта облыс экономикасын көтеретін басым бағыттарды анықтап алу маңызды. Ал, әкім бір кездері жабылған, қараусыз қалған зауыт-фабрикаларды қалпына келтіріп, біраз мамандар өздерінің бұрынғы жұмыс орындарына қайтып келеді деп отыр.

Жиындапремьер-министр Асқар Мамин:

«Әлеуметтікинфрақұрылым объектілерін – мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау орындарынжөндеу, елді мекендердің ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын осы жылдыңқыркүйегіне дейін аяқтау қажет» екенін айтты.

Айта кету керек,биыл облыстық әкімдіктер бұл жоба бойынша 454 іс-шара өткізу жоспарлап отыр. Жобалардыіске асыру мен жоспарлар туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовпен қатарҚостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады. Бұл екі облыстың ерекшелігі– бұл өңірлер жобаларды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру бойынша көрсеткіштеріжоғары. Ал, жалпы жобаны іске асыру одан әрі дамыту туралы «Nur Otan»партиясының хатшысы Ф.Қуанғанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Б.Сапарбаевтар ұсыныстарын айтты.

Жоспар бойынша, 2025жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасы 2 мыңға жуық елдімекенді қамтиды. Бұл – 6,1млн тұрғын деген сөз. Демек, алдығы жеті жыл бойы ауылда тұратын халықтың 80пайызы осы бағдарламаның пайдасын көреді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57