Әділетсіз автокредит

Әділ АҚЫЛБАЙ

26.05.2022, 11:00

3219

Халыққа арнап жеңілдетілген автонесие берудің идеясы мен басы жөн болғанымен, аяғында бәрі баяғы әділетсіздікке келіп тірелді. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуді ұйымдастыру жағы атымен жоқ. Кім үлгерді, сол алды. Мемлекеттік аппарат ақша бөлумен ғана құтылды, ал кредитті кімге беру-бермеу деген іріктеуді автосалондар мен диллерлерге ысыра салды.

Қателік осы жерден кетіп отыр. Әрине, бұл жағдайда екінші деңгейлі банктер мен көлік сататын диллерлер, ең алдымен, өз пайдасын ойлайды, олар халықты қайтсін?  

Ал үкіметтің осынау жүрдім-бардым шала тірлігі – мемлекеттік басқару этикасына сай емес. Мемлекеттік аппарат деген тек қоғам мен халыққа арналған игілік туғызумен ғана емес, ол игіліктің халық арасында әділетті таратылуын да қамтамасыз етуі тиіс еді...

Автонесие таратудың дәл қазіргі ұсқыны бірден екі проблема туындатты. Бірі – баяғы ұзын-сонар кезек, жемқорлыққа керемет жол ашып беретін. Екіншісі – бағдарламаға қатысу талаптарының жоқтығынан көлік пен арзан несиеге мұқтаж болсын-болмасын, оны төлеуге жағдайы келсін-келмесін, әйтеуір, өзгелерден ертерек келіп, кезекке өзгелерден бұрын тұрып алушылар нөпірі.

Негізі, мұны басқаша қылу керек еді… Қойылатын талаптардың барлығын еш жасырмай, бүге-шүгесінің бәрін айтып, жалпақ жұртқа жеткізу керек, пысықайлар елден бұрын көлік таңдап, диллермен «бармақ басты, көз қысты» қылмауы үшін. Кезекке қоя берудің орнына мемлекет неге екі-үш ай бұрын, алдымен, бұл игілікті осылар алсын дейтін азаматтардың тізімін жасамады? Қанша дегенмен, бұл бюджеттің ақшасы емес пе?!

Тегтер: несие автонесие пайыз

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 24.06.2022, 15:08
Арылу амалы: Үкімет артық рубльді шетел асырмақ
Сайт әкімшілігі 21.06.2022, 12:34
Еуроодақ санкцияларының қазақстандық компанияларға әсерін болдырмау жолдары талқыланды
Сайт әкімшілігі 20.06.2022, 15:30
Өңірлерге бөлінген қаражаттың 59 млрд теңгесі игерілмеген
Сайт әкімшілігі 20.06.2022, 11:06
Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 17.06.2022, 08:20
Үкіметтің ісі неге өнбейді?!
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 16.06.2022, 11:20
Монополист тұтынушыларға 2,3 млрд теңге қарыз

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33