Ағайынды Олжабаевтарға ауылдастары қызыға қарайды

18.10.2019, 09:32

41

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Олжабай» шаруа қожалығыныңтырбанып жасап жатқан тірліктеріне, ағайынды азаматтардың бірліктерінеауылдастары қызыға қарайды. Енді ше, қожалық жетекшісі Әсет Олжабаев егін жәнемал шаруашылығын қатар дамытып отырғанының арқасында жыл сайын бір бауырынажаңа үй салып беруді үрдіске айналдырған. Бұл жайында Әсет: Өткен жылы бір үйтұрғыздық. Биыл тағы бір үй салып жатырмыз. Алла жазса таяуда қоныс тойынтойлайтын боламыз. Осылайша жылда жаңа үй тұрғызу үшін шаруашылық қорынан 13миллион теңге бөлеміз», — дейді.

Бүгінгі таңда қожалықтың иелігінде 800 гектар егістікбар. Оның 300 гектарына бидай, 200 гектарына арпа, 70 гектарына мақсарыорналастырылған. Биыл қожалық егіс алқаптарынан гектарына 23 центнерден өнімжинаған. Бұдан бөлек 12 гектарға картоп егіп, қазір оны қазу үстінде. Жекешаруашылық құрылымы отбасы мүшелерінен бөлек, 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтыпотыр.

Қожалықтағы механи-заторлар бригадасын ағасы Талғатбасқарады. Оның қарамағында 6 трактор тіркемелерімен, 2 комбайн, 2 жүкавтокөлігі жұмыс істейді. Інісі Нұрмат мал шаруашылығына жауапты. Ол шопандармен бақташылардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды. Мал азығын, жемшөбіндайындау – соның міндеті. Қазір қожалықта 67 бас мүйізді ірі қара бар. Оның30-ы сауын сиыр. Бұдан бөлек 640 бас қой-ешкі ұстап отыр. Ал кенже інісіБақтиярға анасының шаруа қожалығын жүргізуді тапсырыпты. «Бәрі де еңбекпенкеледі. Оңай жерде ештеңе жоқ. Біздің бұл дүниені қалай тауып жүргенімізді түсінсіндеген оймен ай сайын бақташыларымызға үш күн демалыс беріп, орнына ұлдарымыздышығарамыз. Ондағы мақсатымыз – мал бағудың оңай шаруа еместігін ұқтыру. Осыарқылы еңбекке баулимыз», – дейді Әсет.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлықбауырлары ортақ іске отбасымен бір кісідей араласуда. Олар жұбайларымен шаруашылықтың барлық жұмысынаүлес қосады екен.

Шаруашылықтың үнемі көтеріп жүрген бір мәселесі –жайылым. Қожалық жетекшісі жайылымның жетіспеуінен мал басын көбейте алмайотырғанын айтып қалды. Бірақ алдағы уақытта асыл тұқымды мал өсіру жоспарындабар екен. Бұған дейін де банктерден несие алып, шаруасын дөңгелеткен болатын.
– Арасында банкке қарыз болып қалған кезіміз деболды. Еңбектің арқасында қарызымызды жаптық. Енді, міне, шаруамызды түзеп,аяқтан тұрып келеміз. Жұмысымызды жыл соңында қорытындылап, алдағы жылға жоспаржасаймыз.

Қожалық биыл 400 гектар алқапқа күздік себудіжоспарлауда. Бұған қоса 200 гектар егіске сүдігер көтерген.
Жалпы, шаруашылық басшысының алға қойған мақсатыкөп. Болашақта бордақылау алаңын соғып, шетелден асыл тұқымды «Семинтал» іріқарасын сатып әкеліп, ет және сүт бағытында мал өсіруді көздеп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42