Агрокешенді цифрландыру көшіне ілесе аламыз ба?

Еркежан АРЫН

27.10.2020, 05:07

1236

Пандемия дәстүрлі логистикалық тізбекті әлсіретіп, белгілі дейгейде барлық мемлекет алдына экономикалық егемендік, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді.

Біздегі ауыл шаруашылығы, елдің қатал климатына байланысты тәуекел деңгейі жоғарылаған экономика салаларының санатына жатады. Сондықтан Қазақстанға климаттық фактордың кері әсерін азайтуға мүмкіндік беретін нақты егіншілікке біртіндеп көшу қажет. Қазіргі кездегі Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру – бұл бірінші кезекте GPS навигациялық технологияларды, дрондарды, электронды карталарды және параллель жүргізу жүйелерін, яғни жерді жырту кезінде автокөліктерді нақты траекторияда ұстайтын GPS жүйесімен жүргізу жүйесін енгізу және себу, осылайша, бос орындар мен қабаттасудың алдын алуға болады.

Үш деңгейлік тәсіл

Қолданылатын нақты ауыл шаруашылығының элементтеріне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың үш деңгейін анықтады:

Бірінші, базалық. Бұл дәстүрлі фермерлік тәсілі бар қарапайым шаруа қожалығы. Базалық фермаға технологиялардан электронды далалық карталар мен топырақ талдауын қолдану жеткілікті.

Екінші, дамыған. Бұл ішінара автоматтандырылған шаруашылықтар. Бұл санатқа ену үшін ЖЖМ шығыны датчиктерін, GPS трекерлерін, метеоагростанцияларды, электрондық арамшөптер картасын және бизнес-процестерді басқаруға арналған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану керек.

 Үшінші, цифрлы. Адамның араласуынсыз дерлік жаңа құралдар мен технологиялармен жұмыс жасайтын фермалар.

Қазақстанда қазірдің өзінде 20-дан астам цифрлы фермалар мен 170-ке жуық дамыған шаруашылықтар жұмыс істейді. Елде 2023 жылға қарай, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру аяқталғаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарларына сәйкес, кем дегенде, 20 цифрлық және төрт мың дамыған шаруа қожалықтары пайда болады деп, жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін процестер мен мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыру қамтамасыз етілуі керек. Әрине, елдегі шаруа қожалықтарының басым көпшілігі әлі де базалық болып табылады, бірақ ауыл шаруашылығын цифрландыру процесі қазірден жүріп жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, республикада егіс алқаптарының 100 пайызға жуығы цифрландырылды. Яғни, жалпы ауданы 24 млн гектарға жуық алқаптардың электронды карталары жасалды. Жайылымдар да цифрландырылып, сарапталу үстінде. Мал шаруашылығына смарт-технологияларды енгізу мал басының санын бақылауға және оларды күтуді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, GPS трекер жүйесі мал өсірушілерге отардың немесе табынның қозғалысын қадағалап, жоғалып қалған малды ұялы телефонмен табуға мүмкіндік береді. Осылай, жерсеріктік орналасу жүйесі бұрынғы біздің қолданыстағы сиырлардың мойнындағы қоңыраулардың орнын ауыстырады.

Тіпті алғашқы пилоттық жобалар қазірдің өзінде нәтижесін беруде. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өткен жылы Астана экономикалық форумында келесі мәліметтерді жариялады: дәл егіншілік дәнді дақылдардан 2,5 есе артық өнім алуға мүмкіндік берді, ал фермерлердің шығындары 20 пайыздан астамға төмендеді. Бұл өте әсерлі масштабтағы статистика болып отыр.

Болжау және талдау

Табысқа ие болу үшін ауылшаруашылық кәсіпорны төрт шартты орындауы керек:

– жердің егістік бірлігіне мүмкіндігінше, көбірек өнім өндіруге;

– егіннің құлдырау қаупін болжау және оны барынша ықшамдау;

– пайдалану шығындарын азайтты;

– өнімді мүмкіндігінше, жоғары бағамен сату.

Оңтайлы егу және жинау мерзімдерін болжау, «ақылды» суару мен тыңайтқыштар, зиянкестермен интеллектуалды күрес ауылшаруашылық өнімділігін едәуір арттырады.

Дәл егіншілік мұқият және жылдам деректерді талдауды қажет етеді, сондықтан ауыл шаруашылығында Big Data және жасанды интеллектті өңдеу технологияларының дами беретіндігі сөзсіз. Бүгінгі таңда фермерлер алдында жаңа білім меңгеру міндеттері тұр. Енді шаруаның жақсы агроном немесе механизатор болуы жеткіліксіз. Нақты егіншілік жаңа технологиялық білім мен дағдыларды, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Инновациялық агроөнеркәсіптік кешен үшін кәсіби кадрларды даярлау – Қазақстан үшін ең қуатты міндеттердің бірі. Инновацияның қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, адамдар оны ұстап тұра алмайды, әсіресе, дәстүрлі консервативті индустрияда.

Қауіп-қатерді азайту және өнімділікті арттыру

Осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде экономиканың ең тартымды саласы бола алмады. Бұл, ең алдымен, болжам жасаудағы қиындықтармен, өндіріс циклдарының ұзақтығымен және өнімнің төмен қосылған құнымен байланысты болатын. Алайда технологиялардың дамуы және аграрлық сектордың мәліметтерін цифрландыру мен сараптаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуымен, дәлірек, яғни, тиімді болжау үшін заңдылықтарды анықтау деңгейі де өсуде.

Аграрлық елдер ауыл шаруашылығына инновацияларды белсенді түрде енгізіп, оны жоғары инвестициялық тартымдылығы бар экономиканың секторына айналдыруда. Roland Berger агенттігінің мәліметінше, инновациялық ауылшаруашылық технологиялары Азиядағы жыл сайынғы өсімнің 20% құрайды. Агрокешенді цифрландырудың нәтижесі ЖІӨ өсімінің 30 пайызын құрайтын болады, деп күтілуде, 2030 жылдан кейін 3 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы.

Дәл ауыл шаруашылығында да күрделі мәселелер бар, оларды мүмкіндігінше, тезірек шешу қажет. «Цифрлы» енгізу жаңа жүйелерді қолданыстағы бизнес-процестермен интеграциялау, оларды автоматтандыру мен ашықтық, жаңа ұрпақтың білікті кадрлары мәселелерін жедел шешуді талап етеді. Ауылшаруашылық жерлерін 3G-ден төмен емес тұрақты ұялы байланыспен қамту өте маңызды аспект болып табылады. Байланыс операторлары үшін өте қымбат тұратын бұл міндет, мүмкін, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік форматында шешілуі қажет шығар. Жалпы, Қазақстанның дәл агрокешен саласына осылай ден қоюы ел экономикасының шарықтай түсуіне үлкен ықпал ететіні белгілі. Себебі, Қазақстан – аграрлы мемлекет, барлық аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға, өнімді экспорттауға зор мүмкіндіктер бар. Ал агрокешенді цифрландыру саланың жылдам қозғалысын қамтамасыз ете алады, деп сенеміз.

Тегтер: агроөнеркәсіп ауыл шаруашылығы цифрландыру егістік кәсіпорын шарт болжау тыңайту

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36