Агрокешеннің бірінші кезектегі міндеті – ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу

Еркежан АРЫН

25.05.2021, 14:40

2085

Түріктің Göknur Gıda корпорациясы Жамбыл облысында жеміс бақтарын құру және жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу жобасын қарқынды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Корпорация директоры Осман Асланали атап өткендей, жемістерді өндіру және қайта өңдеу жобасы 5000 гектардан астам аумаққа жеміс ағаштарын отырғызып, қайта өңдеу зауытын салуды көздейді. Жобаны бес жыл ішінде бірнеше кезеңде жүзеге асыру жоспары бар. Инвесторлар өңірде өндірілген өнімді ішкі нарыққа және шетелге сатуды ойлап отыр. Жоба құны 92 миллион долларды құрайды, 1000 жұмыс орны құрылмақ. Инвесторларға жоғары өнімді жеміс бақтарын өсіруге болатын жерлерден жер ұсынылды. Нақты айтқанда, Жамбылда – 2,5 мың, Т.Рысқұловта – 470, Жуалыда – 5000 және Сарысу аудандарында 1200 гектар. Шетелдік агрономдар топырақ жарамдылығын тексереді.

        «Азық-түлік өндірісі – біздің басым бағытымыз. Біздің нарықта Пәкістан, Ауғанстан, Түркияның өнімдері басым, яғни жергілікті көкөністер мен жемістер өте аз. Бұл жағдай олардың құнына да әсер етеді. Бізге қарқынды бақтардың аумағын кеңейту керек. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялар, жеңілдетілген несиелер беріледі, – деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. – Жамбыл облысының ауылшаруашылық әлеуеті өте жоғары. Өңірдің ауыл шаруашылығы заманауи технологияларды қолдана отырып, алға қарай үлкен қадамдар жасай алады. Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің дамымағандығы. Ауыл шаруашылығын жергілікті экономиканың драйверіне айналдыру үшін біз жер бөлуге және инфрақұрылым салуға көмектесеміз».

       Жамбыл облысында алма бағының аумағы 1623 гектарды құрайды, оның 1445 гектары – интенсивті алма бағы. Интенсивті шие бақтары 100 гектар жерді алып жатыр.

       Осы аптада Қазақстан мен Венгрияның ауыл шаруашылығы министрлері Сапархан Омаров пен Иштван Надь агроөнеркәсіптік кешендегі инновацияларды дамыту бойынша Халықаралық Қазақстан-Венгрия орталығын құруды мақсат ететін ҚазҰАУ негізінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Орталықтың құрылуы университет ғалымдарына және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-зерттеу институттарына бірлескен зерттеулер жүргізуге, жаңа технологияларды трансферттеуге, мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Қазіргі кездегі Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бірінші кезектегі міндеттері – ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, сонымен қатар сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті тамақ өнімдерін шығару. Пандемияға қарамастан, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 33 пайызға өсті. Осыған байланысты министрліктер мен екі елдің экономикалық құрылымдары арасындағы байланысты жандандыру қажеттілігі бары анық. Сапархан Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі жүгері тұқымдарының венгрлік селекциясын дамытуға мүдделі: «Жүгері – жоғары рентабельді дақылдардың бірі. Оған тек экспорттық нарықтарда ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзінде де сұраныс бар. Бізде крахмал өндіретін екі зауыт бар, олар одан әрі жүгеріні жаппай өңдеу жұмыстарын жүргізуге дайын», – деді ол. Тұқым шаруашылығындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру тек Қазақстан нарығын ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияны жоғары сапалы жүгері тұқымымен қанықтыруға мүмкіндік береді.

       Ал мал шаруашылығы саласында ҚР министрлігі бірден Венгриямен ынтымақтастықтың бірнеше бағытын – сүт және құс өсіру, сондай-ақ интенсивті қой өсіру салаларын дамытуды қарастыруда. Бұл бағыттар Венгрияда дамыған, сондықтан қазақстандық тарап венгриялық асылтұқымды малдарды, технологиялық жабдықтарды, сүтті қайта өңдеу технологияларын жеткізуде, қой өсіру саласындағы бірлескен ғылыми жұмыстарда, сондай-ақ қазақстандық мамандарды даярлауда ынтымақтастық орнатудың зор әлеуетін көреді. Әрі Венгрия кәсіпкерлері бірлескен қызметке қызығушылық танытып отыр, өйткені Қазақстан өзінің жағымды географиялық жағдайына және ірі Қытай нарығына тікелей шығуына байланысты олардың экспортын дамытуда шешуші рөл атқара алады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, негізінен, шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласында жұмыс істейтінін алға тартып отыр.

       «Біз талдау жасадық. Шетелдік инвесторлар, негізінен, өңдеуге кетеді екен. Яғни олар қайта өңдеу зауыттарын салуға мүдделі. Ал қайта өңдеу кәсіпорындарына арналған жер өндірістік жерлер немесе еркін экономикалық аймақтар шеңберінде бөлінеді», – деді министр С.Омаров. Сондықтан елімізде қайта өңдеу кәсіпорындарының шетелдік капиталмен және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерімен кооперативтер құру арқылы олардың өзара әрекетін ұйымдастыру жоспарлануда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39