Агроөнеркәсіп саласы инновацияланып келеді

23.08.2019, 12:52

52

Заманауи технологияларсыз қандай да бір сала өз бағыты бойынша үздік көрсеткішке жете алмақ емес.Себебі де белгілі, уақыт талабына сай әрекет етпеген өндіруші ел өзге елдерденәлдеқайда артта қалады. Шаруа мен істі тездетіп, қол күшін, адам күшінүнемдейтін компьтерленген уақытта ауыл шаруашылығы да осы бір уақыттың өзітудырған ғаламат мүмкіндікті шама-шарқынша пайдаланып келеді. Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы да солай. Әлемдік трендтен қалып кетпеуге тырысып-ақ келеді.Қандай да болсын соңғы үлгідегі мүмкіндігі зор компьтерленген,автоматтандырылған техника қазақстандық шаруаларға таң емес. Өйткені, өздері деқолданып жүр, қолданбаса да қолданып жүрген өзге әріптестерімен тәжірибе алмасукезінде арнайылап көрген.

Біздің елзаманауи тахникалар шығарушы ел болып есептелмегенмен аталмыш техникалардықолдану жағынан тым кенже қалды деп айтуға болмайды. Бар тарапқа ашық саясатұстанудың арқасында жағдайы жеткен кез келген шаруа, кез келген шаруашылықөкілдері қажет деп тапса техниканың кез келген түріне қол жеткізе алады. Әрине,бір кездері мұндай техникаларды қолдану жағынан білікті мамандар жетіспейжататын, сол себепті көптеген шаруалар қорқасоқтайтын. Дегенмен, соңғы кездерібұл мәселе де біршама шешіліп келеді. Түрлі шет елдермен (дамыған!) байланыс,білім алу жөнінен барыс-келіс мәселелері жиі айтылып, тіпті, Қазақстанда арнайыоқыту орындарының ашылуы немесе дәстүрлі білім беріп келген салалық жоғарғы оқуорындарының жаңа деңгейлі білім беру стандартына өтуі бұл төңіректе біразмәселені реттеп берді. Бірақ, іс мұынмен бітпейді, атқарылар шаруалар шашетектен. Мұның бастысы – шаруалардың тегістей жаңа технологияға ұмтыла бермеуідесек болады. Сондықтан, шаруаларға түсіндіру, таныстыру, оқыту, үйрету сияқтышаралармен қатар, қымбат техникаларды сатып алуға қолдау білдіру, көмеккөрсету, субсидия бөлу сияқты жан-жақты демеушілік шаруалар атқарылуға тиіс.Бүгінгі сөз ауылшаруашылығының заманауи технологиялармен қамтамасыз етутұрғысында осы және өзге де мәселелерге арналмақ.

Ауыл шаруашылығыныңзаманауи техникамен қамтылуы сөз болғанда соңғы жылдары көтеріліп жүрген түрлімәселелерді айтуға болады. Мәселен, Қазақстан шаруаларының ескі әдіскежүгінгіш, көне соқпақпен жүре беруге бейіл немқұрайдылығы жайлы аз айтылғанжоқ. Тіпті, Қазақстанның агроөнеркәсібі ат арба кезеңінде қалып қойған деген десөздер айтылған.

Заманауитехниканың қолданылудың маңыздылығы, әсіресе, жер өңдеу мен топырақты күтугеқатысты. Бұл туралы дәстүрлі һәм заманауи ғылым саласын қатар игеріп жүргенғалымдарымыз арнайы кеңесіп те көрген. Соның соңында «Топырақтың құнарына мәнбермесек, келешекте өңделетін жерден айырылып қалуымыз мүмкін» деген тоқтамғакелген. Түсіне білген адамға бұл жай ғана сөз емес, қағылған дабыл. Өйткені,қазір баяғы уақыт емес, экологиялық мәселелер күн санап адамзаттың алдына жаңапроблемалар қойып жатқан кез, жердің құнарын жіті қадағалап отырмай болмайды.Бұл жағынан ескі заманның ескі әдістері мәселені толықтай шешіп беругеқауқарсыз. Міне, заманауи автоматтандырылған, компьтерленген техниканың еңкерек жері осы.  

Бұрын адамқолымен істелетін шаруалардың дені қазір автоматты түрде, техниканың күшіменатқарылады. Жаңа технология, ескі технология деген мәселе осыдан келіп шығады.Осыны ескерсек, ескі технология бойынша жұмыс істеу – ысырап. Алдымен, әрине,көп уақыт талап етеді, екіншіден, адам қолы тиген соң оның әр қимылдағаны ақша.Одан кейінгі тағы бір проблема – топырақты тыңайту мәселесінде туындайды.Топырақтың құрамын зерттеп, зиянкестері көп, құнары аз немесе ескірген жердіавтоматты түрде анықтап отыру компьютерлік техникаға қиын болмағанмен, адамкөзіне көп түсе бермейді. Оның үстіне, топырақ құрамында жетіспейтінминералдардың көрсеткішін анықтауда да жаңа техниканың көмегі зор. Осының бәрінанықтап алған соң қай жерге қандай тыңайтқыш керек екенін білесің де, сеуіпшығасың. Аурудың диагнозы тура қойылса, оны емдеу жоғары деңгейде жүреді ғой.Сол сияқты егін себілмек аймақтың жағдайын алдын ала білу де маңызы зор іс.Егер шаруа құнарсыз жерге дән ексе өнім аз береді немесе мүлде шықпай қалуымүмкін. Ескі технология ысырап деген міне сол.

Жаңа заманныңигілігін пайдалана білу – әлемдік нарықта өз орныңды таптың деген сөз. Міне осымақсатта цифрлы технология қазір көптеп қолданылып келеді. Соның ең бастысыжерді қашықтықтан (биіктен) бақылау. Әр түрлі, әр деңгейлі ұшу аппараттарыжерді түрлі қашықтықтан бақылап, қай жерде қандай дақыл өсіп тұрғанын, қайжерде арам шөптер көп екенін, қандай зиянкестер шоғыры пайда болғанын немесетопырақтың сапасы нашарлаған (егін сирек шыққан немесе мүлде шықпаған) тұстардыдәл анықтай алады. Мұндай ұшу аппараттары компьютер арқылы өзіне берілгентапсырманы дәл орындап, проблема бар жерді анықтайды. Содан соң ол орынғаарнайы мамандар барып, қандай шара қолдану керек екенін шешеді. Міне, осындайғарыштық аппараттың көмегімен біраз шаруа реттеліп қана қоймай, тыңайтқыштыорынсыз рәсуа қылмауға, тек проблема шыққан жерді ғана емдеуге септігінтигізеді.

Дегенмен, тағыбір айта кетерлігі мұндай ұшу аппараттарын бас-көз жоқ ала беруге болмайды.Оның да жерге икемделіп, климатқа негізделіп жасалғаны болады. Өйткені, олар әрклиматта әр түрлі жұмыс істейді. Бірі біздің еліміздің жері мен ауасына қатыстытүрлі проблемаларды анықтауға арналса, енді бірі өзге бір жерлерді зерттеугеарналған дегендей. Осы мақсатта Қазақстанда ғылыми жұмыс тобы құрылып, біздіңжерімізге нақты қандай ұшу аппараты керек дегенді талқылаған да. Қазір осымақсатта зерттеу жүргізіп, түрлі тәжірибелер жасап жатқан мамандар жер үстілікқадағалау арқылы жан-жақты деректер жинайтын спектрлік орталық құруды жоспарлапотыр. Бұл орталық өсімдіктердің жай-күйі, арамшөптердің шоғырлану деңгейі,түрлі аурулар мен зиянкестердің орнын анықтап, компьютерден көрсетіп тұрады.Мұның барлығы өздігінен басқарылатын спутниктік ұшу аппараттары мен қолданбасқарылатын дрондардың көмегімен атқарылады.

— Қолға алынғаншаруаның өз орнымен іске асуы үшін біз агроөнеркәсіптік сала мамандарынаұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен дрондардың мүмкіндіктерін таныстырсақдейміз. Себебі, бұл ауыл шаруашылығы саласында өте маңызды. Қандай да біржаңашылдықтарды егін алқаптарының көлеміне қарай пайдалану керек. Мәселен,фермердің жері шағын болса, онда оған соншалық қымбат құрыл-жабдық сатып алып,шығынданудың керегі жоқ. Ал, егістік көлемі 100 мың гектардан астаны алпауытфермерлер ғарыштық түсрілімдер мен дрондардың көмегіне жүгінбесе болмайды», — дейді ҚазАТУ жер ресурстарын басқару факультетінің деканы Фараби Ермеков бірсөзінде.

Бұл да оңдыескерту. Қымбат құрал-жабдық алып шаруашылыққа қажет. Ал, шағын және ортабизнеске бейімделген шаруалар мұндай қымбат аппаратты жекелеп сатып ала даалмайды. Сол себепті, олар ірі фермерлердің тәжірибесін көзбен көріп, өзіболмаса да, қатар тұрған өзге шаруалармен бірігіп, жоғарыда аталған заманауицифрландырылған техникаларды қолдануға мүмкіндігі бар. Мұны айтып жатқанымызосы күні елімізде заманауи технологиялар мен дәл егіншілік техникалары жаппайқолданысқа енді деп айта алмайсыз. Өз шаруашылығын цифрландыруға фермерлердіңбасым көпшілігі қауқарсыз, қаржысы тапшы. Мұны шешудің бір жолы жоғарыдағыдайбірігу болғанымен, оны да ескеріп жатқан адам аз. Бір жағы оларды да түсінугеболады, цифрлы технология елімізге енді келіп жатыр, пайдасына нақты көзжеткізбей тұрып шығындануға қорқасоқтайды. Оның үстіне, «ортақ өгізден оңашабұзау» дегендей, соншама қымбат техникаларды бірігіп сатып алудың соңы неболары тағы белгісіз. Бірақ, мамандар бұл мәселе жақын арада шешіліп қалады депотыр. Олардың сөзінше компьтерлік техникаларды жаппай қолдану алдағы жылдарыіске асуға тиіс. Өйткені, бұл, алдымен, техника. Күн сайын жаңа түрі ойлапшығарылады. Бұл тарапта әлемнің озық, техника өндіруші елдері өзара бәсекелесеқимылдап жатыр. Сондықтан, бұл техникалардың бағасы уақыт өте келе түсебайтайды. «Бір замандарда ұялы телефон да екінің бірінің қолы жете бермейтін,қымбат еді ғой» дейді олар. Бұл да солай. Уақыт өте келе шағын шаруалардың өзіпайдалана беретін әдеттегі техникаға айналады.

Бұдан бөлек,арнайы ғылыми-зерттеу орталықтары да шаруаларға қазір біраз жеңілдіктер ұсыныпотыр. Олар алпауыт демей, шағын демей бүкіл шаруалардың жерін зерттейді. Әрине,биіктен, ғарыштан немесе дрондардың көмегімен жақынырақтан. Бұл еліміздегіагроөнеркәсіптің дамуына зор ықпалы бар жоба. Өйткені, бір шаруаның жеріненауру шықса ол тарала келе өзге шаруаларды да әуреге салуы мүмкін. Осы жағынаналғанда, заманауи технологияны әртараптандырумен және жалпыға қолжетімді қылуқамымен айналысатын ғылыми орталықтар ғарыштан түірілген әртүрлі суреттер мендрондар арқылы алынған ақпараттарды шаруаларға тегін ұсынады.

Бұдан бөлек,ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар да бар.Мәселен, жерді жаңа техниканың көмегімен зерттеу бойынша дайын платформаашылған. Фермерлер соған ақылы түрде тіркеліп, жерінің көлеміне қарайабоненттік төлем жасап отырады. Есесіне өзінің егіншілік алқабындағыпроблемаларды дер кезінде біліп отырады. Бұл туралы орталықтың операторлары деркезінде фермерге ақпарат жолдап отырады. Бұл да жаңа техниканы жаппайқолданудың бір жолы. Мамандардың пікірінше бұл жол әзірге ең мүмкін болған, қолжетімді әрі ең тиімді жол болып тұр.

Жекешаруашылықтардың дамуы – еліміздегі бүкіл бір саланың өркендеуіне сеп. Салаөркендесе, сол сала өндіретін тауар арзандайды. Сапасы да арта түседі. Сапалыәрі арзан бағалы тауарларға ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сұраныс көпболмақ. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауды бастапкеткелі біраз жылдың жүзі болды. Шауашылықтарды инновациялауға қатысты дасолай. Мәселен, фермер өз шаруашылығына цифрлы технология енгізіп, оны пайдаланудымеңгерем десе мемлекет субсидиялайды және тегін курстардан өтуіне мүмкіндікбереді. Әрине, цифрлы технлогиялар шаруашылыққа бір күнде кіре салмайды. Бұлтарапта әлі талай шаруа атқарылып, түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізілу керек.Мысалы, жоғарыда аталған техникалардың мүмкіндігін, пайдасын қарапайым дихантүсіне бермеуі мүмкін. Өйткені, олар өздерін қара жұмыстың адамымыз депесептейді. Сондықтан, заманауи білім беру маңызды. Бұл тарапта біраз шаруаларбасталып та кеткен. Мәселен, егісті өңір саналатын солтүстік аймақтардабірқатар шаруашылықтарға цифрлы технологиялар енгізілген. Мемлекеттіңкөмегімен. Бір жағы көмек, екіншіден тәжірибе, үшіншіден өзге шаруаларғатүсіндіру. Жаңашылдықтың мүмкіндіктерін байқап көру үшін нақты шаруаларменқатар дихандардың қатысуымен түрлі семинарлар өткізілген. Бұл жиындардыңнегізгі тақырыбы – инновацияның артықшылықтары мен қиындықтары сөз болып,оларды қалай игеру керек деген мәселелер талқыланған.

Нәтижесіндеқұрғақ жыл есептелетін биылғы жыл үшін тәп-тәуір көрсеткішке жеткен. Әргектардан 30 центнер астық алуға болады. Ал, технология қолданылмағанаймақтарда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Гектарынан 20-25 центнерден аспаған.Осыны көрген өзге шаруалар бұл жаңашылдықтың артықшылықтарын түсіне бастайтыныанық.

Жалпы,шаруашылықты инновациялаудың да өзіндік қиындықтары бар. Саты-сатымен,кезең-кезеңімен атқарылуға тиіс шаруалар аз емес. Мәселен, ғарыштық ұшуаппараттары мен дрондардың көмегіне жүгіну үшін алдымен жердің электрондықкартасы әзірлену керек. Содан кейін ғана аппарат нақты әрі тұнық кадрлар жасайалады. Топырақтың агрохимиялық анализі болуы шарт. Оған қосымша мүмкіндігіжоғары компьтер керек. Өйткені, ол аталмыш аппаратпен байланыс жасау кезіндеталап етілген күшті көтере алмай қалмауы керек. Осындай жағдайдан кейін ғанаинновациялық құрал-жабдықтарды пайдалану мүмкін болмақ.

Қазақстандықмамандар «дәл егіншілік» деп атап жүрген инновацияландыру технологияларыныңпайдасы аз емес. Ол ең алдымен үнемділік мақсатында зор роль атқарады. Айталық,компьтердің көмегімен автоматтандырылған кез келген себу техникасы қай жергеқанша дән себу керек екенін анықтап, артық дән шығындамайтын болса, тыңайтқышсебуде де дәл солай. Одан кейін суару кезінде де осындай үнем жасауға мүмкіндікзор. Тағы бір айта кетерлігі, жаңа технологияның арқасында жанар жағар майдыңжетімсіздігінің алдын алуға болады. Мұнда да үнем. Бәрі алдын алаойластырылғандықтан тракторлар мен өзге ауыл шаруашылығы техникаларына күш азтүседі, яғни, машинаның күшін әдеттегіден азырақ пайдалануға мүмкіндік зор.

Шаруашылықтаосындай үнем пайда болған соң, шығыны азайған шаруалар тауарының құнынтөмендетуге бейілді болады. Демек, осы бір кішкене ғана ғылыми жаңалықтардыңарқасында бүкіл ел қаражатын үнемдей алатын мүмкіндікке жетеді. Одан бөлек,астықтың шығымы артатынын да ескеру қажет. Өнім көбейген соң, әрине, түсетінпайда да көбейеді. Ал, мамандар бұл технологияның негізгі пайдасы – өнімніңсапасы мен топырақтың тозбауы үшін маңызды дейді.

Қазір мамандаршуаруаларға химиялық тыңайтқыштардан бас тартып, биологиялық, минералдытыңайтқыштарды пайдалануға шақырып жүр. Өйткені, соңғы жылдардағы көрсеткішбойынша жердің құнары, топырақтың сапасы орасан деп айтарлықтай түсіп кеткен.40 пайыз! Бұл дабыл қағарлық жағдай. Бұл бағытта кете беретін болса егісаумақтары аз жылда өнім беруден қалады. Заманауи техникалар мен инновациялықаппараттарды осы мақсатта пайдаланбай болмайды. Осындай проблемаларды шешу үшінқазір Қазақстан тарапы Германия сияқты ауыл шаруашылығын толықтай цифрландыруғабет бұрған елдермен әріптестікті нығайтып келеді.

Германия қазірегін шаруашылығын басқаруды толықтай роботты техниканың қолына берген. Яғни,шаруаның барлығы түгелге жуық интернеттің көмегімен атқарылады. Роботты техникажоғары дәлдікпен жұмыс істейді. Жер жыртудан бастап (тіпті оған дейінгі жерқұнарын зерттеуді де айтуға болады) дәнді жинап алғанға дейінгі аралықтағыбүкіл жұмыс кезеңі автоматты түрде басқарылады. Цифрландыру дегеніңіз осы.Германия қазір осы сатыдан өтті. Енді, бұнымен тоқтап қалмай, жаңа бір деңгейгеөтудің жолын қарастыруда. Яғни, роботтардың мүмкіндігін жетілдіре түспек.Осындай елдің бізбен әріптес болуы, Қазақстанға инвестиция салып, арнайымамандар дайындауға, оқытуға көмектесіп, техникалар мен роботтарды жеткізіпберуге атсалысуын жетістіктің басы деп есептеуге болады. Егіс басында жүргентракторлары мен машиналарына дейін бір орталықтан басқарылатын елдің жетістігіенді аз жылда бізге де келуге тиіс. Қазір жаппай болмаса да бірқатаршаруашылықтар көліктерін GPS арқылы компьтермен бақылап отыратын мүмкіндікке иеболып отыр. Ғарыштан түсірілген сурет арқылы топырақтың құнары мен жердіңжағдайын, егістіктің жай-күйін біліп отыру да Қазақстанда қолға алынған,нәтижесін берген шаруалар.

Әзірге қолбайлауболып тұрған ауылдық жерлердегі интернет күшінің әлсіздігі демесеңіз, үлкенқалаларға жақын орналасқан үлкен шаруашылықтар соңғы заманауи игіліктердібарынша пайдаланып-ақ келеді. Мәселен, күн сайын ақпарат алып отырады.Интернеттің көмегімен алынған кез келген ақпаратты тіркеп, жазып отырады. Бұлжыл соңында сараптама жасап, одан қорытынды шығарып, келер жылы кеткенқателіктер болса түзеуге, шаруашылығын одан ары дамытуға мүмкіндік береді.Тіпті, жаңбырдың түріне дейін анықтау маңызды. Жауының түрін тез арада анықтап,соған орай әрекет ету де егіншіліктегі пайдасы зор іс. Ежелден солай болған.Қазір де солай. Енді осыны арнайы техниканың көмегімен анықтап, дер уағындақимылдауға мүмкіндік бар.

Тіпті,Германияның цифрлы жаңа технологиясы кез келген климатты жатырқамайды. Жергеқатысты ақпарат енгізілген соң, қалған шаруаға өзі тез бейімделіп алады да, арықарай қай жерге қандай тыңайтқыш керек екенін де айтып береді. Шаруа аппаратберген мәліметке сай қимылдап отырса болғаны. Өнімі де көбейеді, жерінің құнарыда артып отырады.

МақтаулыГерманияда да роботты технологияны енгізу оңай болмаған. Тіпті, о баста күлкілікөреніпті де. Бірақ, тәуекел етіп, шаруалар сатып алған. Соның нәтижесінде екігектардан алатын өнімді бір гектардан алған. Яғни, өнім көлемі екі еселендідеген сөз.

Германия ғанаемес, Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Канадада осыдан 20 жыл бұрын қолданысқаенгізілген GPS құрылғы арқылы комбайндарды басқару біздің елімізге енді келіпжатыр. Ештен кеш жақсы дегенмен 20 жылға кешігу оңай емес. Сол себепті, азуақыт ішінде жаппай инновацияландыру кезек күттірмес шаруа. Осы ретте бірқатаршаруалар да атқарылып жатыр. Алдымен елімізде қанша шаруашылық бар, соныаныұтау маңызды. Осыған орай сатылы жұмыстар былай өрбиді:

— Шаруашылықтардыңтізімі жасалды;

— Жер қыртысынаагрохимиялық тексеріс жүргізілді;

— 18,3 млн гектаржердің 77,8% цифрландырылады;

— 2018-2021жылдар аралығында төрт облыста тоғыз шаруашылық цифрландырылады;

— Ақмола менҚарағанды облысында ауа-райы мен климатты бақылайтын 10 метеостанция салынады,қазір алғашқы қадамдар жасалып та қойды.

Былтырцифрландырылуға тиіс тоғыз шаруашылықтың жерін зерттегенде бірқатар мәселелранықталды. Оның негізгісі – жердің тозуы. Топырақ сапасының төмендеуі. Осығанорай сапасы 40 пайызға төмендеп кеткен жерге қанша тыңайтқыш керек екені деайтылды. Осы технологияның арқасында шаруалар осы күнге дейін бар деп білмегенбітқатар проблемаларды анықтады. Олар жердің жағдайы осынша қиын депойламағанын айтады. Ендігі көтеріліп жатқан мәселе осы жерлерді тыңайту.

– Алынғанкартограмманы қарап отырсақ, цифрландырайын деп отырған тоғыз шаруашылықтағы әргектарға 500 келі тыңайтқыш керек екен. Оны шаруа өз қалтасынан сатып алайындесе, тыңайтқыш қымбат. Қазір оған жағдайы да жоқ. Сондықтан көпшілігітопыраққа тыңайтқыш сеппейді. Соның салдарынан азот пен фосфордың мөлшері тымтөмендеп кеткен. Ал мемлекет көмек ретінде 1 га жерге 46 келі ғана тыңайтқышқасубсидия беріп отыр. Ол ештеңеге жетпейді. Бірінші мемлекетке осыны ескерукерек. Ең болмағанда бір жыл 1 га жерге 500 келі тыңайтқыш берсе, топырақтыңжағдайы жақсарып қалар еді, — дейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалықуниверситеті техника факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы СаяхатОразұлы.

Иә, ең болмасабір жыл қолдау көрсетіп жіберсе, биыл сапасы бір оңалып алған жер келер жылыдәл мұндай көлемдегі тыңайтқышқа мұқтаж болмас еді. Бұған дейін алаңсыз жүргеншаруалар қазір жерлерін тыңайту үшін жанталасып жатыр. «Осы зерттеулерге дейіншаруалар «бәрі жақсы» деп жүрген. Нәтижесін көргеннен кейін жағаларынұстады. Топырақ тақырға айналды деген осы. Фосфор мен азот болмаса да өнімжап-жасыл болып өсіп тұрады. Бірақ, піспейді. Осылай жалғаса берсе, мүлдем өнімалынбайды. Бұл дегеніңіз – жерден айырылу деген сөз», дейді Саяхат Оразұлы.

Жалпы, топырақтыңсапасы туралы әсіресе былтырдан бері көптеп айтылып, мәселе көтеріліп жатыр.Топыраққа қажетті минералдар анықталды, енді соны шаруалар шамасы келгеншетопыраққа сіңіру керек. Алдағы жылдары бұл олқылықтың орны толатын болсаҚазақстанда астық алудың көлемі екі еседен асып түсуі мүмкін. Өйткені,топырақтың құнары ойдағыдай емес деген мәселе бұған дейін аса көп айтылмайтын.

— Топырақтың 80пайызы фосформен жеткілікті деңгейде қамтылмаған. Мұның алдын алу үшін аталғанэлементті жерге жеткілікті әрі дұрыс мөлшерде сіңіру керек. Ол үшін әр дақылғақажетті элементтің көлемін біліп алған жөн. Бұл мәселе бойынша ұзақ уақыт бойызерттеулер жүргізе келе анықтадық. Мысалы 1 килограмм бидайға – 35, рапсқа –32, бұршаққа – 28, сояға – 26, жүгеріге – 40 мг фосфор керек, — дейді топырақтанушы,профессор Валентина Черненок.

Міне, ғылымиорталық осындай қорытынды шығарып берген соң, шаруалар автоматтандырылғантехникалар арқылы тыңайтқыштарды сіңіреді. Артық-кемі жоқ, бәрі есептелген,алдын ала компьютер арқылы машинаға жазылған, машина сол арқылы автоматты түрдежердің көлемі ғана емес, дақылдың қалың өскеніне, сирек біткеніне қарап нақтыбөліп шығады. Осының арқасында қаншама уақыт және тыңайтқышқа кететін қаржыүнемделеді. Онымен қоса еңбек русурстары қысқарады және қоршаған ортаға келетінзиян да азаяды.

Дәл егіншіліктуралы айтқанда тек техникамен түрлі әдістемелерді айта беру де дұрыс емес. Бұлалдымен уақыт сұранысына жауап беру. Оған қосымша жердің тең бөлінуі,геоақпараттардың дәлдігі. Енді Қазақстанның агроөнеркәсібі саласының алдындадәл егіншілікті жаппай қолдану мүмкіндігін енгізу міндеті тұр.

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09