«Агропарктегі жаз» - заманауи шаруашылықты қолдайды

11.07.2019, 19:13

46

Алматы облысыҚарасай ауданында орналасқан «Оңтүстік агропаркі» егістік алқабында «Агропарктегіжаз» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Қазақ егіншілікжәне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ өсімдік қорғау жәнекарантин ғылыми-зерттеу институты бірлесе отырып өткізген семинар дәстүрлітүрде өтіп келеді. Бұл кеңестің пайдасы сол – ауылшаруашылығындағы келелімәселелер мен түйткілдерді қозғап, шаруашылықты дамыту тұрғысынан диқандарға,кәсіпкерлерге қазіргі әлемдік агробизнес пен агроөнеркәсіп тұрғысынан тыңмағлұматтар береді. Сондай-ақ бұл семинар-кеңес ауылшаруашылығы саласымамандарының тәжірибе алмасатын алаңы деуге де болады.

Қазақстан РеспубликасыАуылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров бастап, «Байсерке-Агро»агрохолдингінің президенті Темірхан Досмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасарыСерікжан Бескемпіров, Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры,академик Абай Сағитов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры ТілектесЕсполов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Ахметов, С.Звольский,М.Теміржанов, С.Құсайынов және Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаев қатысты.Сонымен бірге, түрлі деңгейдегі шаруақожалықтарының иелері менауылшаруашылығына қатысты бірқатар ажуапты мамандар, сондай-ақ осы сала бойыншаәртүрлі әріптестікте жұмыс істеп келе жатқан компаниялар қатысты.

Семинар-кеңестіңаты айтып тұрғандай, бұл күні ең алдымен келушілерге заманауи ауылшаруашылығытехникаларының көрмесі ұсынылды. Одан кейінгі негізгі әңгіме түрлі дақылдардыңжаңа сорттары мен оларды будандастыру арқылы алынған жаңа түрлері, егін өнімінарттырудың инновациялық технологиялары, ауылшаруашылығы техникаларынцифрландыру мәселелері төңірегінде өрбіді.

Семинар басында ҚазақстанРеспубликасы Ауылшаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров қатысушыларғасәттілік тіледі.

– Ауылшаруашылығындаеңбек өнімділігін және қайта өңдеуден өткен өнімді экспорттауды 5 жыл ішіндеекі жарым есе ұлғайту керек. Бұл алдағы бес жылға қойылған міндет. Сондықтанбылтыр республика бойынша үш жерден – Алматы, Қостанай және Ақмола облыстарынан«Оңтүстік агропарк» сияқты полигондар жасалып, нәтижесін көрсетуде. Заманауитехнологияның, жаңа техниканың арқасында толағай жетістіктерге жетіп отырмыз.Бұл орайда, семинарға қатысушы шаруашылық басшыларының еңбектеріөлшеусіз. Бүгінгі күнде озық технология мен техниканың маңызы зор. Тиімділікартқанда ғана жетістікке жетуге болады, — деді ол.

Министрдіңорынбасары сонымен қатар бұл күні ауылшаруашылығын бұдан әрі де қарқындыдамытуда қандай шаралар жасап, нені жүзеге асыру қажеттігі жөніндегіұсыныс-пікірлердің де тыңдалатанынайтты.

Соңғы жылдарыҚазақстан агробизнесінде аты жиі аталып жүрген көшбасшы холдингтің бірі «Байсерке-Агро»ЖШС-нің тәжірибесі еліміздегі шаруалардың қай-қайсысына да үлгі. Әрине, бәрініңқолы жете бермеуі мүмкін, бірақ, мүмкіндігі жеткен жерге дейін үйренемдеушілерге қашан да есік ашық. Қазір тек мал өсіріп, егін егіп, оның өнімінсатуды малданып, аздаған пайданы қанағат тұтып жүре беруге болмайды. Жәнешаруашылық пен ғылымды ұштастыру мәселесінде де осы агрохолдингтің атқарғаншаруасы аз емес. Заманауи технологиялар мен цифрланған техникалар арқылы әратқарған шаруасын ғылымға негіздеп жұмыс істеп жатқан заманауи шаруашылықтардыңартта қалғаны жоқ. Солардың бәрінің тәжірибе алаңына айналған, шаруашылық қанаемес, ғылыми-зерттеу орталығы болып отырған «Байсерке-Агро» ЖШС президентібылай дейді:

– Жыл сайын«Байсерке-Агроның» оқыту базасында 200-ге жуық семинар өтеді. Шаруашылықиегерлеріне ғылымның көмегінсіз нәтижеге жетудің мүмкін еместігін ғалымдар менмамандар түсіндіреді. Төккен тер ақталу үшін жаңа технологияны пайдаланудыңтиімділігін білу шарт. Тұқымды дұрыс таңдап, оны сеуіп, өсірудің технологиясытолық сақталғанда ғана мол өнім алынады, – дейді.

Әрине, істің бәрісеминар өткізумен біте салмайды. Тәжірибе алмасу, тікелей үйренудің маңызы зор.Он рет тыңдау мен бір рет істеп көргеннің айырмашылығы жер мен көктей. Солсебепті, әр дамыған, ісі жолға қойылған ірі шаруашылықтар мен холдингтертәжірибе алаңына айналуға тиіс. Сонда ғана ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттаукөлемі артып, ел ішінде де, сыртында да бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестіктежеңіске жету үшін соңғы технологиялар мен заманауи техникаларсыз, ғылымсыз жеңіскежету тағы мүмкін емес. Сондықтан, осындай басқосулардың маңызы қашан да зор.Жұрт не істеп жатыр, өзің қай деңгейде тұрсың, ғылымда қандай жаңалық, қандайтұқым пайда болды, шаруашылығын дамытып отырам деген адам бұлардың барлығынанхабардар болып отыруы шарт.

Сонымен қатар,тек шетелдің тәжірибелерін қайталап, жұрттың ғылымына сүйене бермей, отандықғылымды да дамытып, жаңа будандар, жаңа түрлер ойлап табу, өнімділіктіарттырудың заманауи жаңа тәсілін енгізудің де ролі ерекше. «Қаскелең агропаркі»жобасының жетекшісі академик Абай Сағитов кеңесте осы мәселені қозғады.

– 2013 жылдарыТалғар ауданындағы «Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егісалқабында жаңа технологияға негізделген ғылыми тәжірибе жемісін беріп, осындайигілікті істердің ілгерілеуіне жол ашты. Алдағы кезеңде шетелдік емес, отандықғылымның жетістігін пайдаланатын уақыт келеді. Жалпы, өнім көлемін еселепұлғайтудың басты тетігі – биотехнологияны қолдану, – дейді ол.

Оның айтуыншатұқымды күтіп-баптау мен жерді тыңайтып отырудың маңызы зор. Бұл жағынанбиотехниканың тигізер пайдасы орасан. Сондықтан, алдағы уақытта елімізде бұлғылымды дамытып, жаппай тәжірибе жүзінде қолдану маңызды. Өйткені, химиялықтыңайтқыштар мен қоспалар алдымен жерді тоздырады, тұқымды да тез бұзады. Ал,биотехнологияға көшсек, алдымен, өнім таза, табиғи болады, адам денсаулығына дазияны жоқ. Екіншіден, тұқым жоғалмайды, жер ескірмейді.  

Семинар кеңестежастарды оқыту мен тәжірибеден өткізу, оларды жұмыспен қамту немесеауылшаруашылығы саласына қызықтыру, жас, жаңа мамандарды шетелдерде оқыту,дәстүрлі емес шаруашылықтарға да батыл-батыл қадамдар жасау, шаруашылықтардыавтоматтандыру, цифрландыру жүйелерімен қамтамасыз ету, бірден болмаса дажылдамдата заманауи техникаларға көшпей болмайтыны сөз болды.

Фото: kaznau.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 17:29
Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42