Әлеуметтік дүкендер қымбатшылықты жоя ала ма?

Б.СӘРСЕНБИ

25.06.2021, 10:18

2078

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қатысты бірқатар шаралар қолға алынып жатыр. Қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында осы мәселе талқыланды.  

Жиынға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Сержан Сихымбекұлы, «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Бауыржан Канкин және кәсіпкерлер қатысты.

Шымкент қаласында жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 106,2 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткішпен қала республика бойынша 11-орында тұр. Жалпы, Шымкентте 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар іске асуда. Бұл ретте, тұрақтандыру қорымен кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісімшарттар түзілді.

Атап айтқанда, ірі сауда желілері: «Грамад» – 12, «Фиркан» – 11, Magnum Cash&Carry 19 тауар түрімен қамтылды. Жергілікті тауар өндірушілер: «TURAR», «Шымкент құс», «Hermes», «Юпекс», «Момбетчеев» серіктестіктеріне айналым қаражаты берілді. Бұдан бөлек, қаладағы «Бәйтерек Агро», «Керемет-Сапа» шаруашылықтарына  тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісімшарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және бірінші сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.

Сонымен бірге қаланың төрт ауданында, халық тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашу көзделген. Қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында, азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын төрт ауданда азық-түлік жәрмеңкелері өткізілуде.

Қалада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін №11 шағынаудандағы Елшібек батыр көшесі, №116 үй мекенжайында әлеуметтік дүкен ашылған болатын. Оның өзге азық-түлік дүкендерінен ерекшелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатады.⠀

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасы аясында шаһарда мұндай дүкендерді көптеп ашу жоспарланып отыр. Осы мақсатта қаладағы мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» шаруа қожалығына айналымға 200 миллион теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген. Келісімшарт негізінде шаруа қожалығы жоспарға сәйкес, қаладағы халық тығыз орналасқан аймақтарда шілде және тамыз айларында екі әлеуметтік дүкен ашуды жоспарлап отыр. Онда көкөніс, ет өнімдері және өзге де азық-түлік сатылатын болады.

Бұдан бөлек, шаруа қожалығы осы жылдың тамыз айында төрт жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды да көздеп отырған жайы бар. Осыған орай, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков шілдеде ашылады деген №18 шағынаудандағы әлеуметтік дүкенге барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Әлеуметтік дүкеннің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда дүкенге қажетті сөрелер мен жабдықтарды орнықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта әлеуметтік дүкендер ашылған жағдайда тұрғындар сапалы әрі арзандатылған бағада азық-түлік өнімдерін сатып алатын болады.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31