Алматы: «Адамдарға жайлы қала»

04.04.2019, 16:18

53

Бір кездері сұлулығымен,тазалығымен танымал болған Алматы қаласы еліміздегі табиғаты ең керемет қаларетінде де белгілі. Қазіргі уақытта қала экологиясын түзеу басты назардаұсталынуға тиіс. Бұл тарапта біраз жылдан бері жүйелі жұмыстар да атқарылуда.Қала көшелерінде велосипед жүретін жолақтар ашу, газбен жүретін автобустардыңкөбейтілуі сияқты шаруалар осыған дәлел. Бұл тізімге қаланы көгалдандыру менкөшелердің тазалығын, арбаттар мен аллеяларды көбейту де кіреді.

Көктем келгенсайын жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мен қаланы абаттандыру шараларынқаланың бұрынғы сәулетін сақтай отырып атқару маңызды. Тұрғындар мен қалақонақтары үшін ыңғайлы әрі тартымды қала жасау жұмыстары көшелердегі басы артыққоршауларды сүруден басталған. Қазір бір кездегі темір қоршаулардың орнындаағаштар мен көгалдар өсіп тұр. Бұл біріншіден қаланың көркі болса, екіншідентұрғындардың жүріп-тұруына да ыңғайлы, үшіншіден экологияға да сеп.

Қаланың көркіғимараттар мен гүлзарлар және көшелердің кеңдігі мен ыңғайлылылығы. Қалакөшелерінде тек күндіз емес, түнде серуендеуге де жағдайлар жасалып жатыр.Мәселен, екі жыл бұрын жасалған «Астана» алаңы. Қазір бұл алаң қаланың еңтартымды орындарының бірі деуге болады. Велосипед жолдары, жарқыраған шамдар,жаяу жүргіншілерге арналған кең жолақтарға төселген гранит тастар, алаңныңайналасын түгел қамтыған көгалдар мен гүлзарлар...

Былтырдан берібұл тізімді жаңарған Алматы-1 вокзалы мен Алматы-2 вокзалы алаңдары жәнеРеспублика сарайының алаңы толықтай жөнделді. Сонымен қатар, Панфилов, Жібекжолы, Қабанбай батыр, Гоголь, Төлебаев, Абылай хан, Достық, Байсейітова, Абай,Назарбаев, Желтоқсан сияқты көшелер бастан-аяқ жаңартылды. Айта кету керек, бұлшаруалардың бәрі «Адамдарға жайлы қала» жобасы аясында атқарылды. Бұл қалалықбағдарлама соңғы жылдары оңтүстік астананың 60 пайызын кешенді түрде қайтажаңғыртты. Көшелердегі жарық шамдарды энергия үнемдейтін диодты, табиғи энергияалатын шамдармен алмастыру, жаяу жүргінші жолдары мен көгалды аумақтардыкеңейту де осы шаруалар қатарында.

Алып шаһардыңкөшелерін жөндеу мен ретке келтіру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Бұлтарапта «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасы бекітіліп, сәуірдің ортасынан бастапБайсейітова, Жібек жолы, Достық көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілебастайды. Бұл жерде де баса айтатын нәрсе – жаяу жүргіншілер жолына басымдықберілмек. Алматы қалалық Мобилділік басқармасы құрылыс жұмыстарының дені түндежүргізілетінін, сол себепті, бұған дейін халықтың наразылығын тудырып келгенкептелістер мен жолдардың жабылуы болмайтынын мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек,күндіз негізінен арықтар мен бордюрлер, жаяу жүргіншілер жолының құрылысыжүреді, түнде автомобиль жолдары жасалады. Сонымен қатар, бұл мәселені реттеуүшін көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу басты назарға алынады. Мәселен, алдымен көшеніңбір жағы жөнделсе, екінші жағын бергі жол ашылған соң ғана бастайды. Сондықтан,көшелердің түгел жабылуы болмайды деп отыр жауапты басқарма. Оның сыртында,мердігер компаниялар құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақтарда арнайы айналмажолдар жасап, арнайы қоршаулар тұрғызады және тұрғындардың өтініш-шағымдарынқанағаттандырып отыру мақсатында нысанның паспорты орнатылып, онда байланыснөмірлері жазылады. Бұл өз кезегінде қала көшелеріндегі уақытша қиындықтардыазайтады деп күтілуде.

Аталған көшелердеэкологиялық тротуар плиткалары, көше жиһаздары, балалар алаңдары, өздігіненэнергия жинақтайтын жарықтар орнатылады. Оған қоса заманауи кіші сәулеттікпішіндер орнатылады. Және көгалдандыру жұмыстары кезінде өсіп тұрған ағаштардысақтай отырып, жаңаларын отырғызуға жете мән берілмек. Оларды суару жұмыстарыда автоматтандырылады. Екі жыло ішінде қоршаулар сүрілсе, енді қаланың негізгіғимараттарының кіреберіс алаңдары бірыңғай стильге көшіріледі.

Аталған жұмыстаржаздың соңына қарай, тамыз айының 20-сында аяқталады деген мәлімет берді қалаәкімдігі. Нәтижесінде 121 көшенің (111 шақырым) төсеніштері ауыстырылып,жан-жақты абаттандырылады.

Фото: qamshy.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26