Алматы жартыжылдықты қорытындылады

Еркежан АРЫН

15.07.2021, 11:46

1312

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен  үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиында жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші пысықталды.

Алматыда әлі де сын-қатерлердің барына қарамастан, оң үрдістерді сақтап қалу үшін мегаполисті әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі міндеттерді орындау бойынша мемлекет басшысы қойған тапсырмалар бойынша шаралар қабылданып жатыр.

                                Экономикадағы тұрақты өсім

        Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Алматыдағы макроэкономикалық жағдай тұрақты көрсеткішке ие. Қаңтар-маусым айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор осы жылдың бес айымен салыстырғанда 1,1 пайызға өсіп, жалпы, 108,9 пайызды құрады. Қала экономикасының барлық негізгі салалары тұрақты әрі оң серпінді көрсетіп отыр. Жыл басынан бері өсу қарқыны едәуір ұлғайды: өнеркәсіп – 19,8; құрылыс – 24,1; байланыс қызметтері – 13,7; сауда 6,6 пайыз.

      Тұрғын үйді пайдалануға беру 4,9 пайызға өсіп, 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2 млн 604 мың шаршы метрден астам тұрғын үй, соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 3266 пәтер салу жоспарда бар.

       Инвестициялар өсімі 126,5 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 2021-25 жылдарға арналған жалпы құны 4,5 трлн теңге болатын 35,4 мың жұмыс орнын құрумен 201 инвестициялық жобадан пул құрылды. 2021 жылы жалпы жобалық құны 314,5 млрд теңгені құрайтын 10 мың жұмыс орнын ашатын 84 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

               Баға мәселесі қала басшысының бақылауында

       Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен өнім көлемі 73 мың тоннадан асатын «айналым» схемасына бағытталған қаражат 8-ден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Базарларда орташа нарықтық бағадан 5-40 пайызға төмен бағамен әлеуметтік дүкендер ашылды, халықаралық кооперация және өңірлерден азық-түлік жеткізілімдері де кеңейтілді. 

          Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуда

       Негізгі міндет – жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру. Мәселен, алты айда 38,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 15 952 орын – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде. Жыл соңына дейін барлығы 51,2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Жұмыссыздық деңгейі І тоқсанда 0,1 пайызға төмендеген екен. Барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуда.

      124 мыңға жуық аз қамтылған азаматтар, көпбалалы аналар, мүгедектер қолдау шараларымен қамтылды. Маусым айында Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету үйі ашылды. Онда бірнеше мемлекеттік мекемелердің 776 қызмет түрі көрсетіледі. Биылға арналған жергілікті бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр, оның 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және спорт салаларына тиесілі. 

          ШОБ-ты қолдау үшін 1000-нан астам жоба мақұлданды

       Бизнестің іскерлік белсенділігін сақтау мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды белсенді іске асыру арқылы шешіледі. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Алматы Бизнес» сияқты бағдарламалар іске асырылуда.

       Жыл басынан бері 86 млрд теңгеге 1000-нан астам жоба мақұлданды. Қала өнеркәсібінің алдағы болашағы индустриялық аймақтың дамуына байланысты. Жыл соңына дейін онда 37,8 млрд теңгеге тағы жеті жоба іске қосылып, 658 жұмыс орны құрылады.

       Шағын кәсіпорындар үшін индустриялық аймақтың аумағында орта есеппен 5000 шаршы метрден шағын өнеркәсіптік парктер, өндірістік үй-жайлар салынуда. Биыл үш шағын паркті іске қосу жоспарлануда, ол 500 жұмыс орнын және 18,5 мың шаршы метрді құрайтын болады. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жыл басынан бері сегіз жобада өндірістік алаңдарды жобалау басталды. Инвестициялардың жалпы сомасы 44,5 млрд теңгені құрайды, 1,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

                           Әлеуметтік нысандарды үдемелі салу

        Әлеуметтік инфрақұрылымға келетін болсақ, 12,6 мың орынға арналған сегіз мемлекеттік мектеп, 1,7 мың орынға арналған алты және жекеменшік мектеп, 8263 орынға арналған 17 жапсарлас құрылыстың, сондай-ақ төрт оқу орнының сейсмикалық жағынан күшейту жүргізілуде.

        Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін жыл соңына дейін үш балабақша іске қосылмақ, бұдан бөлек, 640 орындық төрт мемлекеттік балабақша салынып жатыр. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Жетісу, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында алты денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында теннис орталығы іске қосылды. Тағы бес ірі спорт нысанының құрылысы жалғасуда.

       Биыл Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына арналған операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын, сондай-ақ жедел әлеуметтік көмек пунктін салу жоспарланған. Сондай-ақ төрт отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы қарастырылған.

         «Шаңырақ» жобасы бойынша 800-ден астам алматылық баспаналы болды

        «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылып, биыл 872 алматылықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2020 жылдан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша (жыл сайын 1000 жасты қамту) тұрғын үйді бөлу тәсілдері қайта қаралды. Жыл басынан бері 435 отбасы баспаналы болды.

       Ескі үйді немесе пәтерді бұзу және жаңаларын салуды көздейтін Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама реновациялауға жататын пәтерлердің меншік иелерінің заттық құқықтарына кепілдік бере отырып, 100 пайыз келісімімен жүзеге асырылады. Жөндеу жобасы бес жылға есептелген, 708 ескі үй (немесе 6637 пәтер) ауыстырылады, оның орнына жаңа тұрғын үй салынады. 

       Жалпы, қаланың негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні экономиканы біртіндеп қалпына келтірумен тікелей байланысты болып отыр.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58