Алматыда метро құрылысы үшін үйлер бұзыла ма – әкімдік жауабы

Сайт әкімшілігі

24.11.2022, 09:44

446

Алматыда жер учаскелері метро құрылысына сатып алынады, деп хабарлайды Жас Алаш LS-ке сілтеме жасап.

Қаланың жер қатынастары басқармасының мәліметінше, мегаполисте метрополитеннің үшінші іске қосу кешенін салудың жаңа жобасы әзірленген. Ол Яссауи көшесінен батыс бағытта Абай даңғылының бойымен «Барлық» базарына дейін өтеді.

«Метро станциясын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға 92 жер учаскесі жатады. Оның 24-і сатып алынды, 60-ы жұмыс үстінде», — деп нақтылады әкімдікте.

Тізімге сәйкес, жер Қалқаман-2 шағын ауданында Айбергенов (жеті учаске), Қыдырбеков (14 үй), Бегалиев (16 учаске), Молдабеков (сегіз учаске), Әшімов (төрт учаске), Жайлы ықшам ауданында (10 учаске) және Достық шағын аудандарында Паклиевский көшесінде (бір учаске) орналасқан.

Басқармада жер учаскесінің, сондай-ақ ондағы мемлекет үшін иеліктен шығарылатын жылжымайтын мүліктің құны объектіге құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалатынына сендірді.

Бұған дейін, әкім Ерболат Досаев Алматыда көлік ағындарын түсіру үшін Абай даңғылының бойында Яссауи көшесінен батыс бағытта Әшімов көшесінің қиылысына дейін орналасқан "Қалқаман" метро станциясының құрылысы басталғанын хабарлады. Әрі қарай бағыт «Барлық» базарына дейін жалғасады

Тегтер: метро құрылыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43