Алматыда жаңа туған нәрестені 2 миллион теңгеге сатпақ болған жұп ұсталды

Сайт әкімшілігі

22.08.2022, 17:23

919

Алматылық жұп жаңа туған сәбиін сатпақ болған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынған. Олардың әрқайсының ролі нақты бөлінген.

«Туылғанына алты күн болған қызын 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы ер адам сатпақ болған. Жұп баланы сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастағаны  анықталды. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келген — 48 жастағы У. есімді ер адам және 46 жастағы Е. есімді әйел. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалыста жасалған. Алайда Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармалары қызметкерлерінің қаланың әр жерінде бір уақытта жүргізген арнайы іс-шарасы күдіктілердің жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін – әлеуетті сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар. Келесі қадам ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А. есімді әйелді ұстау болды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. 

Полиция сатып алушылар мен делдалдардың бір уақытта ұсталғанын атап өтті.

"Өте маңызды жайт: кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәбиі болған, болжам бойынша үш және бір айлық балалар. Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды «тірі» тауар ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайды", — деді Аханов.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы мәліметінше, дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысқа сәйкес соталды тергеу басталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43