Алматының 618 шақырым инфрақұрылымдық желісі жаңарады

05.04.2019, 16:13

43

Соңғы жылдар ішінде Алматы қаласының 2 мың шақырымға жуық инженерлік коммуникациясы жөнделді. Биылғы жоспарда 618 шақырым желі бар. Оның бір бөлігі жаңадан салынса, қалған бөлігі күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жайлы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өткізген қаланың инженерлік коммуникацияларын салу және реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесінде айтылды.

Жалпы, соңғыжылдары барлық өңірде халықтың өмірін жақсарту, коммуникациялық желілерге қосумәселесі жиі көтеріліп жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та облыс пен қалаәкімдерімен өткізген кеңес кезінде осы мәселеге – халықтың жақсы өмір сүруінетікелей ықпал ететін инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі түрде шешуге айрықшаназар аудару қажеттігін тапсырған. Жылу, су, жол, газ, экология жәнеқауіпсіздік сияқты күнделікті тіршілікте аса маңызды әлеуметтік мәселелершешілуге тиіс.

Басқа-басқа, Қазақстандағыең үлкен мегаполис Алматы қаласының инфрақұрылым мәселесі алдымен шешілугетиіс. Себебі, тұрғыны күн санап көбейіп жатқан, көлемі жыл сайын өсіп жатқанқаланың инфрақұрылымдық жүйесі де жылдам өзгерістерге дайын болуы керек. Біржеліге жаңа тұрғындар қосылса қысым азайып немесе жетпей қалу сияқты мәселелертуындамау үшін жаңа технология енгізіп отыру да басты мәселе.

Осы жағдайдыескере отырып, Алматыда жалпы көлемі 618 километр желі жаңармақ. Оның 160-ыэлектр жүйесі, 223 километрі газдандыру жұмыстары, 10 километр жылу жүйесі.Бұған қосы 12 километр су құбыры мен 105 километр кәріз тарту жұмыстарыжүргізілмек. Егер, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес өтсе, 52 мыңнан астам қалатұрғыны сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Жалпы ұзындығы 500шақырымды құрайтын 524 көше жөндеуден өтсе, 100 шақырымдық жаяу жүргіншілергеарналған жаяужол жөнделді. Бұған қоса, қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларыжөнделіп, қазіргі көрсеткіш бойынша 1 400 аула жаңартылып, қайта жөнделген.Айта кету керек, Алматыда жалпы 3 787 аула бар. Ал, қаладағы бұған дейінсауда-саттық пен өзге де тіршіліктер қызып жататын жерасты өткелдері түгелгежуық босатылып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.

Сонымен қатар,биылғы жылы жұмысы басталуға тиіс жобасы дайын тұрған шаруалар бар. Мәселен, Наурызбайауданында 107,5 км су құбыры тартылмақ, одан бөлек 81 км су тарту жұмыстарының,Ақсай мен Қарғалыдағы екі фильтрлі тазартқыш станция салу бойынша жобалық-сметалыққұжат дайындалып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын тұрған Құрамыс,Таужолы, Жайлау елдімекендерінде құрылыс жұмыстары биыл басталмақ. Бұл жұмыстыңнәтижесі 140 мыңға жуық тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз етеді.

Алматының көлеміөскен сайын бұрын қала аумағына кірмеген бірқатар ауылдар мен елдімекендержаңадан қосылып жатыр. Бұл да өз кезегінде бұл тараптағы жұмыстарды көбейтугеықпал етеді. Кеңесте осы мәселеге қатысты туындап отырған қиындықтар мен заңбұзушылықтар жайы да айтылып қалды. Мәселен, бұған дейін атқарылған жұмыстардыңішінде қалаға жаңа қосылған елдімекендерде тұратын 28 мыңнан астам тұрғындысумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін 560 километр инженерлік желілержаңартылған. Оның ішінде жаңадан тартылғаны да аз емес. Бірақ, бұл жұмыстаркомиссиядан өтпей қалыпты. Арнайы барып тексерген комиссия мердігеркомпаниялардың жұмыстарын сапасыз деп табуымен қоса, бұл тараптағы тұрғындардыңшағымдары да көбейіп кеткен. Осыған байланысты алдағы бір ай ішінде бұлкелеңсіздіктерді реттеу және өткен жылы салынған объектілерді 30 шілдеге дейініске қосу туралы тапсырмалар жүктелді.

Құрылыс жұмыстарыжүріп жатқан аумақтардағы қауіпсіздік шаралары да күшейтілуі тисі. Оған қосақаланың көркін бұзып тұратындай көріністер болмауы керек. Сол себепті, қалатұрғындарының қауіпсіздігі үшін жұмыс жүргізіп отырған кез келген мердігерліккомпания құрылыс алаңдарын арнайы қоршаулармен қоршап, жұртқа ыңғайсыздықтудырмау үшін айналма жолдар мен өтпелі траптар орнатып, ескерту белгілері менбайланыс нөмірлер жазылған паспорттарын ілуге міндетті. Бұл талаптарорындалмаған жағдайда мердігерлер жауапқа тартылып, айыппұл салынады.

Бұл шаруалардыжөнге келтіріп, жауапкершілікті күшейту үшін тұрғындардың шағымы менөтініштерін жедельқарау мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатудыңзаманауи жолдарын күшейту де тапсырылды. Белсенді қолданылатын мессенджерлерарқылы чат-топтар құру, оның құрамына тек тұрғындар ғана емес, әкімдіктіңжауапты адамдары мен мердігер компаниялардың жауапты өкілдері енгізілуге тиіс.

Осыдан аз уақытбұрын қала әікімі тарапынан жоспарға сәйкес қаланың шет аймақтарында орналасқанАлатау ауданындағы жолдарды абаттандыру, жаңадан салу және жөндеу жұмыстарынкүшейту тапсырылған. Осыған орай қазір «Шаңырақ», «Ұлжан», «Томирис», «Дархан-Байбесік»,«Көк Қайнар», «Ақбұлақ», «Қарасу, «Алғабас-АЗТМ» ықшам аудандарының 440 көшесі(120 км) жөнделіп жатыр.

Қаланыабаттандыру бойынша жұмыстар атқарылып, аулаларды тек қана инфрақұрылыммен,ойнау алаңдарымен ғана емес, көгалдандыру, ағаш отырғызумен де қамтамасыз етукөзделген. Бұл жұмыстармен қаладағы тұрғын үйлердің 50 пайызын қамтып, 680-ненастам ауланы жөндеу жоспарланыпты. Өзге де жұмыстардан бөлек, аулалардыабаттандыру және қала экологиясын жақсарту мақсатында 12 мың ағаш отырғызылады.Қаланың шет аймақтарына әлі де жетіп үлгере алмай жатқан сабақтар мен скверлер,жүргінші аймақтар түгелге жуық абаттандырылады.

Жалпылама айтсақ,2015 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Алматы-2020» қалалық даму бағдарламасыбойынша 600-ге жуық көше, 1400-ден астам аулалар жаңартылды. Қаланың барлық жерасты өткелдері реставрацияланды. 300 километр су арықтары жаңарды. Қуаттыүнемдеу мақсатында қала көшелеріндегі шамдардың үштен бір бөлігі диодты және табиғитүрде қуатталатын энергия жинақтағыш шамдарға ауыстырылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57