Алты қалада жаңа шектерулер күшіне енді

20.06.2020, 07:14

114

Бүгін Үкіметтің шешімімен алты қалада жаңа шектеулер күшіне енді. 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодаржәне Екібастұз қалаларында демалыс күндері, 20-21 маусымда СОО, сауда үйлері,желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс істемейді.Сондай-ақ, саябақтарға, сквер, жағалау, жағажайларға, аквапарктарға, фитнесорталықтарға баруға тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шығушектеледі. Туристік аймақтарға есік жабық.

Нұр-Сұлтанда қала бойынша жаяу және жеке көлікпенжүру шектелді. Алайда жұмысқа баруға (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда),тұрғылықты және жұмыс орнына жақын дүкенге, дәріханаға бару, шұғыл жағдайларбойынша ауруханаға шығу және үй жануарларын үйдің маңында серуендетуге рұқсат.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан тұрғындарына 18 және 19маусымда бірінші қажетті тауарлары мен дәрі-дәрмектер алып қоюға кеңесберілген, себебі 20 маусымда 00.00-ден бастап ірі дүкендер жұмыс істемейді.

20 және 21 маусымда сауда орталықтарында,базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде,қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адам көп жиналатын орындарда ауқымдыдезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Демалыс күндері (20-21 маусым) Алматыда Сайранкөлінің айналасындағы жаяу жүргіншілерге арналған аймақта, барлық стадионда,Ботаникалық бақта, барлық жағалау, саябақ, сквер, Панфилов көшесі мен Арбаттасеруендеуге рұқсат жоқ. 

Нұр-Сұлтан полиция департаменті аталған қаулыныңқолданылу кезеңінде жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамаудеректері анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қолдануды тапсырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15