Амандық Баталов ақталудан алдына жан салмайды

13.08.2019, 12:10

289

Бүгін үкіметте 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі еліміздің әлеуметтік-экономикалықдаму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалу мәселесі қаралып,премьер-министр Асқар МАМИН бірқатар облыстарды сынға алды.

Үкімет жетекшісі ең алдымен Алматы облысында жеті айдыңқорытындысы бойынша бірқатар салаларда теріс динамика қалыптасқанын баса айтты. «Атап айтқанда, Алматы облысында инвестиция,кен байыту, құрылыс саласында төмендеу байқалды, нысаналы трансферттер қаражатыигерілмеген» деген Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ алғашқы сөзді Алматы облысының әкіміАмандық БАТАЛОВҚА берді.

Басқа-басқа ақталу жағына келгенде Амандық Баталов алдынажан салмайды ғой. Бұл жолы да облыс әкімі әдемі әңгімесімен үкімет жетекшісінұйытып тастағандай болды. «Тапсырмаңыздың бәрі орындалады» деп аузымен орақорған Амандық ҒАББАСҰЛЫ жеті айда қалыптасқан төмен көрсеткіштерге анауайтқандай қинала қойған жоқ.  

Тау-кенөнеркәсібінде төмендеу байқалғаны рас. Бірақ, тау-кен өнеркәсібінің көлемі өтетөмен, бар-жоғы 1,2 пайыз, ол бізге ешқандай әсер етпейді. Жоспар орындалады.Одан бөлек, инвестиция 3,8 пайызға төмендеді. Бірінші жарты жылдықта бірқатаржобаларды іске қостық. Соның салдарынан төмендеу болып отыр. Жақында бірнешеірі зауыттарды іске қосамыз. 624 млрд теңге инвестиция тартылуда. Яғни, бұлжоспар да уақытылы орындалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9-ға өскен.Резервтеріміз бар. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған межеге қол жеткіземіз.1,5 млрд теңге игерілмей қалды. Республикадан бөлінген нысаналы трансферттердіңбарлығы орындалады. Бөлінген қаражаттың барлығы игеріледі. Тапсырмаңыз уақытылыорындалады, іске қосылады, – деп ант-су ішкендей болды әкім. Үкіметжетекшісі Асқар Мамин зейнет жасындағы әкімге тесірейе қарағанымен сол күйіүндемеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31