АҚШ доллардың орнын ауыстыратын жаңа валюта дайындап жатыр

Сайт әкімшілігі

09.10.2020, 06:17

6301

Америкалық журналист Билл Сардиге сілтеме жасаған "Хабар-24-тің" мәліметінше, пандемия қағаз ақшадан түбегейлі бас тартып, сандық ақшаға көшуді талап етеді.

Журналистің айтуынша, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк коронавирустық пандемия жағдайында қағаз ақшаларға тыйым салып, жаһандық сандық валюта енгізуді талап етуі мүмкін.

«Біз қазірдің өзінде бөлшек саудагерлер COVID-19-дың тасымалдаушысы ретінде қағаз ақшадан аулақ болып жатқанын көріп отырмыз. Алдын ала сылтау ретінде ойластырылған „тиындар жетіспеушілігіне“ байланысты тұрғындар тиындарын банктерге апаруы тиіс. Қазір АҚШ валютасы мен тиындарынан бас тарту жүріп жатыр. Бұл ойдан шығарылған оқиға немесе қастандық теориясы емес», – деп жазады Сарди.

АҚШ Қаржы министрлігі өздерінің сандық валютасын енгізуді талқылауда. Бұл үкіметке салық түрінде 500 млрд доллар жинауға мүмкіндік береді. Ал ақшаны басып шығаруға жұмсалатын жыл сайынғы шығындардың 700 млн долларын үнемдейді. Бұл ретте адамдар банкноттарды сандық ақшамен ауыстырып, олардан бас тартуға мәжбүр болады. Қағаз доллар банктерде 80 цент сандық ақшаны қабылдауы мүмкін. Бәрінен бұрын бұл дағдарыс қолма-қол ақшамен сауда жасайтын және көбінесе банктік шоттары жоқ шағын кәсіпкерлерге әсер етеді.

Банкноттардан бас тартудың тағы бір нұсқасы – оларды күміске ауыстыру. Платина мен палладий де жақсы балама бола алады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15