Ақтөбеліктер газ іздеп тентіреп жүр

29.08.2019, 14:30

87


Ақтөбеде сұйытылған газ таптырмай барады. Қаладағы қырыққа жуық жеке газқұю бекеттерінің көпшілігінде бір аптадан бері сұйытылған газ жоқ. Еесіне, жазубар. Онда «газ жоқ» деген екі ауыз сөз ғана жазылған. Ал тек талонмен ғана сататынбекеттерде жүргізушілер ұзын сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Жауапты мамандар Ақтөбедегі газ тапшылығын уақытша мәжбүрлікке санайды. Сөздерінше,жағдай қыркүйектен бастап реттеледі.Ал газдың тапшы болуына айдың бітуі себепекен. Себебі тиісті министрліктен тамыз айына бөлінген газдың нормасы қазірорындалған.Осыдан соң жағдай қыркүйекте тұрақталады. Мамандардың және бірсөзінше, бензинді қымбатсынып газға көшкен көліктің көбеюінен де газ жетпейжатыр.   

Былтыр осы уақыта облысқа 12 мың тонна газ бөлінсе, биыл тек 10 тоннағажуық сұйық газ бөлінді. Оған қоса, қалада газбен жүретін көлік те, газ құюбекеттері де көбейіп жатыр. Бәріне бірдейжеткізу қиынға соғып тұр. Сондықтан, тапшы  болып жатыр, – дейді  Ақтөбеоблыстық сұйытылған газ тасымалдаушылар ассоциациясының төрайымы Алтынай МҰҚАНОВА.

Бір қызығы, «Жас Алаштың» өңірдегі тілшісіне пікір білдірген жергіліктітұрғындар «жауапты мамандардың мұндай уәжі күлкілі» дейді. Мәселен, Батырханесімді көлік жүргізушісінің айтуынша, газды тапшы болуы бағаны өсіру үшінқолдан жасалған амал.

–Бір апта болды, газ бекетін айналып жүрміз. Қазір шығарса, қандай бағағаболсын аламыз. Жұртты әдейі соған дайындап жатыр, –дейді ол.

Ал Дәурен есімді тұрғын «облысқа қанша газ қажеттігін болжай алмаса, ондаондай шенділер несіне отыр?» дейді.  

Сонымен, тиісті шенділердің сөзінше, Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығыныңбасты себебі – министрліктен бекітілетін лимитте болып тұр. Бір айға облысбойынша 9 900 тонна әлеуметтік, 954 тонна биржалық  газ бөлінеді екен. Ал бұл – ақтөбеліктерге аз.  Өйткені жеңіл көліктерден басқа  шаруа қожалықтарының арнайы техникалары, оданбасқа газ құйып алып кететін транзиттік көліктерде бар. Осыдан кеп  газ тапшы екен. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай,бізбен тілдескен тілшілер мұндай уәжге сенбейді.

 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.03.2021, 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.03.2021, 09:24
Өзгелер кедей-кепшігіне 2000$ төлесе, қазақтар 24 000 теңгені талғажау етуде
Батыр ЖАСҰЛАН 26.02.2021, 09:11
Кедейміз, өз елімізде өгейміз!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44