Астана банкі лицензиясынан айырылды

19.09.2018, 15:28

109

Қазақстан ұлттық банк басқармасы Астана банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензиясынан айырды. 19 қыркүйектен бастап банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылған.Бұған Астана банкінің төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде және пруденциялық нормативтерді бұзғаны себеп болған. Тиісті қаулы кеше қабылданды.Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір банкті тарату комиссиясы құрылғанға дейін уақытша әкімшілік тағайындалған.Ұлттық банк Астана банкінің лицензиясын, президент Нұрсұлтан Назарбаев үш қазақстандық банк, оның ішінде Астана банкіндегі «нашар көрсеткіштері» туралы айтқаннан соң тоқтатқан.Ұлттық банк мәліметінше, 2018 жылдың 1 мамырындағы көрсеткіш бойынша Астана банкіндегі жеке тұлғалардан қабылданған депозит көлемі 53 миллиард теңгені құраған.Өткен айда Ұлттық банк Qazaq Banki мен Эксимбанктерін де лицензиядан айырған.Дереккөз:Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:33
Қазақстандықтардың банктерге қарызы 7 трлн теңгеге жетті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08.05.2021, 09:27
«Барлығы майдан үшін»: Қазақтардың тылдағы еңбегі соғыстағы ерліктен кем болған жоқ
Есбол ҮСЕНҮЛЫ 05.05.2021, 08:58
Каспи банктің миллиардер қожайындары мен «Миллион» борышкері
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.05.2021, 14:52
Қолда бар санаулы қаржыны қалай жұмыс істетуге болады?
Бифат ЕЛТАЕВА 04.05.2021, 11:22
Субсидия зары
Қамал СӘТТІЛІК 30.04.2021, 08:56
Бұл жолғы қымбатшылық алдыңғыларынан өзгерек

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56